Полимерлердің молекуладан жоғары құрылымдары және физика-механикалық қасиеттері. Аморфты полимерлердің молекуладан жоғары құрылымдары, үш физикалық күйі және термомеханикалық қисықтары. Аморфты полимерлердің жоғары эластикалық күйі. Аморфты полимерлердің үш физикалық күйі. Аморфты полимерлердің шынытәріздес күйі. Аморфты полимерлердің тұтқыр-аққыштық күйі. Ағу температурасы мен балқыманың тұтқырлығының молекулалық массадан тәуелділігі. Полимерлі шынылардың ерекшеліктері. Мәжбүрэластикалық және созылу изотермасы. Тұтқыр ағу режимінде полимерлерден бұйымдарды қалыптау. Кристалды полимерлер және олардың физика-механикалық қасиеттері. Кристалдануға қажетті жағдайлар. Кристалды полимерлердің құрылымы және молекуладан жоғары құрылымдары. Кристалды полимерлердің термомеханикалық қисықтары.
№2. (14 апта) Макромолекула түзілуінің тізбекті процестері. Радикалды полимерлеу және сополимерлеу. Тізбекті полимерлеу процестерінің классификациясы. Полимерлік мономерлер, олардың функциональділігі. Радикалды полимерлеу. Радикалды полимерлеудегі заттық, термиялық, фото- және радиациялық инициирлеудің механизмі мен кинетикасы. Еркін-радикалды полимерлеудің инициаторлары. Тізбектің өсуі және үзілуі. Мономерлер және радикалдар активтілігі, идеалды реакциялық қабілеттілік теориясы, антибаттылық ережесі. Тізбектің мономерге, инициаторға, еріткішке, полимерге, арнайы ендірілетін затқа (реттегіштер және т.б.) берілу реакциялары. Теломеризация. Радикалды полимерлеуді тежегіштер және ингибиторлар, әсер ету механизмі, индукциялық период. Радикалды полимерлеу кинетикасы, квазистацио-нарлық күй. Радикалды полимерлеудің кинетикасын зерттеу әдістері. Радикалды полимерлеудің кинетикасына және түзілетін полимердің молекулалық массасына әр түрлі факторлардың (температураның, қысымның, мономер концентрациясының, инициатордың) әсері. Түрленудің жоғары дәрежелеріндегі радикалды полимерлеу және оны реттеудің технологиялық әдістері. Полимерлеудегі автоүдеу эффекті ("гель-эффект"), механизмі, кинетикалық параметрлердің өзгеруі.
Достарыңызбен бөлісу: |