Химия ғылымына еңбек сіңірген Қазақстандық химик ғалымдар


Көрнекті химиктердің бір тобы: Е. Н. Өзірбаев, Н. К. Надиров, Б. А. Жүбанов, С. Р. Рафиков, A. Ш. Шөріпқанов, Т. К. Шомбалов, Е. Е. Ерғожин көмірсутектерді зерттеді



бет3/3
Дата02.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#89140
1   2   3

Көрнекті химиктердің бір тобы: Е. Н. Өзірбаев, Н. К. Надиров, Б. А. Жүбанов, С. Р. Рафиков, A. Ш. Шөріпқанов, Т. К. Шомбалов, Е. Е. Ерғожин көмірсутектерді зерттеді.

Ерден Нығыметұлы Әзірбаев

(1912-1975)

Ерден Нығыметұлы Әзірбаев - Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, химия ғылымдарының докторы, органикалық химия саласында - ацетилен және көміртек оксидінің химиясы, азот, фосфор, күкірт, селен, қалайы және қорғасын қатысатын органикалық қосылыстар синтездеу саласында еңбек еткен ғалым. Ол 500-ге жуықжаңа қосылыстар синтездеген болатын.

Болат Ахметұлы Жұбанов

(1924-2014)

Болат Ахметұлы Жұбанов - Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстандағы тұңғыш үлкен молекулалы химия кафедрасын ұйымдастырушы, сол салада жаңа полимерлер синтездеген дүние жүзіне әйгілі ғалым. Оның алған жаңа заттары медицинада дәрі-дәрмек ретінде өр түрлі ауруларды (туберкулез, жүрек ауруы, ісік, т. б.) емдеуге қолданылуда.

Ахметжан Шәріпқанұлы Шәріпқанов

1908-2001

Ахметжан Шәріпқанұлы Шәріпқанов биологиялық белсенді заттар синтездеді, оның «Рихлокаин» деген препараты медицинада дәрі ретінде өндірістік жолға койылған

Тайыр Көшекұлы Шомбалов

1906-1980

ҚР еңбегі сіңген ғылым кайраткері, химия ғылымдарының докторы Тайыр Көшекұлы Шомбалов зерттеулерінің нөтижесінде көптеген өсімдіктердің химиялық кұрамы анықталып, олардан медицина мен халық шаруашылығына аса қажетті заттарды алудың әдістері іс жүзінде пайдалануға ұсынылды. Осыған орай соңғы кезде жастар да өсімдік құрылысының химиясын зерттеумен шұғылданып, олардың дәрілік қасиеттерін анықтауға ден қоюда.

Надир Каримұлы Надиров

Қазақстанда мұнай өнімдерін өңдеу, мұнайды крекингілеу мәселесінде Надир Каримұлы Надировтың сіңірген еңбегі зор. Н. К. Надиров - Қазақстан Ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, Қазақ ССР-і Мемлекеттік сыйлығының иегері. Батыс Қазақстанда мұнай фракцияларын өзгертіп, мұнай әнімдерін жаңарту, крекингіні кешенді зерттеу Н. К. Надиров еңбектерінің негізгі бағыты болып саналады.

Фитохимия институтының ғалымдары (А. Әдекенов, т. б.) қазіргі кезде табиғи өсімдіктерден дәрі жасау, олардың экологиялық тиімділігі мен сіңімділігінің жоғары екенін ескеріп, көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде 20 түрлі фитопрепараттар дайындалды, оның ішінде ісікке карсы - «Арглабин», жараға - «Биалм», «Алхидин», «Глидеринин», кабынуға - «Аллапинин», т. б. ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы - пестицидтер шығарып, өнімін фармакология, медицина, ауыл шаруашылықтарына ұсынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет