Михаил Тихонович Козловский - аналитикалық химия саласында еңбек еткен әйгілі ғалым, ол аса таза металдар алуда үлкен үлес қоскан химия ғылымдарының докторы, «Амальгама химиясы мен амальгамды металлургия» бойынша ғылыми жаңа бағытта зерттеулер жасап, оның негізін қалады.
Әбікен Бектұрұлы Бектұров
(1901-1985)
Қазақстанда химия ғылымының негізін салушы, Республика Ғылым академиясын алғаш ұйымдастырушылардың бірі, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, профессор, минералды тыңайткыштар ендіру жөніндегі әйгілі ғалым Әбікен Бектұрұлы Бектұров болды
Сокольский Дмитрий Владимирович
(1910-1987)
Қазақстандағы катализ мектебінің негізін салушы әйгілі химик, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Дмитрий Владимирович Сокольский. Ол катализдік гидрлеу теориясын, өршіткілерді, тотығу процесін зерттеудің электрлік-химиялық әдісін ұсынды: іштен жанатын қозғалтқыштардан шығатын газдардың толық жануына қажетті өршіткілер тапты. Д. В. Сокольскийдің шәкірттері - қазақ қыздары Г. Д. Закүнбаева жәнө Ш. Б. Батталовалар да химия ғылымының докторлары, әйгілі химиктер.
Закүнбаева Гаухар Дәуленқызы
Закүнбаева қазір Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ғылым қайраткері, органикалық катализ және электрохимия институтын басқарған. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі VIII топ элементтерінің адсорбциялық қасиеттерін толық зерттеп, соның нәтижесінде ацетилен және оның туындыларын гидролиздеу үшін жоғары белсенді жөне талғамды ершіткілер алды.
Ал Шарбан Батталқызы Батталова Қазақстан Ғылым академиясының академигі, ол мұнай өнімдерін өңдеуге қажетті әр түрлі өршіткілер тауып, олар халық шаруашылығында пайдаланылуда, әр түрлі шикізат қорларын ашуға мүмкіндік туғызды.
Сонгина Ольга Альфредовна
Ольга Альфредқызы Сонгинаның еңбектері негізінен Қазақстанның түсті және сирек кездесетін элементтерін тазартып жіктеуде электрохимиялық әдістерді қолдануға арналған. Ұзак жылдар бойы ҚазМҰУ-да (1950-1989) шәкірттерге сабак берумен айналысты.