Химия және биология пән мұҒалімдерінің республикалық І съезіне арналған қҰттықтау хат


ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕРДІҢ РОЛІ



Pdf көрінісі
бет24/26
Дата14.02.2017
өлшемі4,2 Mb.
#4113
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕРДІҢ РОЛІ 
 
Мырзахметова Н.О.-х.ғ.к., доцент м.а.  (Алматы қ., ҚазмемқызПУ), Жүнісбекова М.- 
химия пҽні мұғалімі (Алматы облысы, Талғар ауданы ) 
 
Есептер  шығарудың  химия  пҽнін  меңгерудегі  маңызы  ҿте  үлкен,  себебі  оқушы 
болсын,  студент  болсын  теориялық  алған  білімдерін  практика  жүзінде  қолданып, 
білімдерін ары қарай ұштай түседі /1-3/. Есептер шығара отырып: 
       а)оқушылардың  белсенділігін  жҽне  ҿз  бетімен  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  етуге 
болады; 
       ҽ)алған  білім мен білік жинақталады; 
       б) оқытудың  ҿмірмен байланыстығы қамтамасыз етіледі; 
       в) кҽсіптік бағдар мен  политехникалық білім беріледі; 
       г) логикалық ойлау жүйесі дамытылады. 
 Есеп шығаруда химиялық  ұғымдар қайталанып бекиді. Алынған білімдер тереңдей 
түседі,  оқушылардың  ой-ҿрісі  дамиды,  оқушыларды  ҿз  бетімен  жұмыс  істеуге 
итермелейді.  Есеп  шығару  арқылы  оқушылар  еңбекке  үйренеді,  жауапкершілік  пайда 
болады, бір бағыттылық, мақсатқа жету үшін қайтпайтын қайсарлық пайда болады. Есеп 
шығаруда  пҽнаралық  байланыс  та  іске  асады,  табиғаттың  тұтастығы  туралы  кҿзқарас 
қалыптасады.  Есеп  шығаруда  оқушылардың  ой  ҽрекеті  мен  іс  ҽрекеті  дамиды.  Мысалы, 
ойға тоқу, дҽлелдеу, талдау сияқты ойлау элементтерін үйренеді. 
Химияда  шығарылатын  есептер  екі  топқа  бҿлінеді:  1)  сандық;  2)  сапалық.  Сандық 
есептер  де,  сапалық  есептер  де  жалпылама  алғанда  бірнеше  типтерге  бҿлінеді. 
Ҽдебиеттерде /4,5/ сапалық есептер жеті типке бҿлініп қарастырылып жүр: 
          1. заттарды алу; 
          2. заттын сапалық құрамын анықтау; 
          3. химиялық  заттарды бір-бірінен  ажырата білу; 
          4. химиялық  құбылыстарды бақылау жҽне түсіндіру; 
          5. заттар мен құбылыстарды типтерге жҽне жеке кластарға жатқыза білу; 
          6. берілген мҿлшердегі ерітінділерді даярлау;           
          7.  берілген  заттарда  қоспаның  бар  екендігін  анықтау  жҽне  затты  қоспадан 
тазарту. 
Сапалық  есептер  эксперимент  жүргізу  арқылы  іске  асырылатындықтан  оларды 
эксперименттік есептер деп те атайды. Эксперименттік есептер  
үлкен    бір  тақырыпты  немесе  белгілі  бір  тарауды  аяқтағанда  оқушының  алған 
білімін тиянақтау мақсатында шығарылады. Сондықтан ол оқушыдан да, оқытушыдан да 
үлкен дайындықты қажет етеді. Эксперименттік есептер шығарудың мынадай кезеңдерін 
атап  кҿрсетуге  болады:  дайындық  кезеңі,  эксперименттік  есептердің  шешу  жолдарын 
талқылау кезеңі, есепті шешу, есептің шешімін талқылау жҽне қорытындылау кезеңі. 

190 
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(40), 2012 
   
Дайындық  кезеңінде  мұғалім  есеп  шығаруда  қолданылатын  теориялық 
материалдарды қайталауға үйге тапсырма береді. Қайталау сапасы сабақта сұрақ - жауап, 
қажетті  химиялық  реакция  теңдеулерін  жаздыру  арқылы  анықталады.  Келесі  кезеңде 
есептер шарты талданып, жұмыс жоспары құрылады. Есепті шешу кезеңінде мұғалім ҿзі 
немесе  бір  оқушының  кҿмегімен  жұмысты  орындау  барысын  кҿрсетіп,  қауіпсіздік 
техникасын  қадағалап,  аспаптармен,  құралдармен  химиялық    заттармен  жұмыс  істеу 
ережесін  сақтауға  кҿңіл  аудара  отырып,  есептерді  шығартады.  Соңғы  кезеңде  оқушылар 
дҽптерлеріне  жұмысты  рет-ретімен  жазып,  есептің  шешімінің  дұрыстығын  дҽлелдеп, 
жұмыстың қорытындысын жазады. 
Оқушылардың  химиялық  экспериментті  орындауға  қажетті  зертханалық 
жұмыстарды орындау дағдысын сабақ үстінде біртіндеп дамытқан дұрыс: эксперименттік 
есепті  неғұрлым  аз сарамандық,  зертханалық  ҽрекеттерді  қолданып, реактивтерді  үнемді 
пайдаланып, қауіпсіздік техника ережесін пайдалана отырып, реакцияларды жүзеге асыру. 
Осы  кезеңдерді  8-сыныптағы  «бейорганикалық  қосылыстардың  маңызды  кластары 
арасындағы байланыс» тақырыбы бойынша эксперимент есептерін шығаруда  қолдануды 
қарастырайық: 
1-есеп.  Тҿмендегі  генетикалық  қатарды  жүзеге  асыру  үшін  қандай  элементтерді 
қолдануға болады, эксперимент жүргізу арқылы дҽлелде, реакция теңдеулерін жазыңдар: 
а)  жай зат→ негіздік оксид→ еритін негіз→ тұз; 
ҽ) жай зат→ қышқылдық оксид → ерімейтін қышқыл →тұз; 
б) жай зат →қышқылдық оксид → қышқыл→тұз; 
в) жай зат →екідайлы оксид→ екідайлы гидроксид→тұз; 
г) жай зат →оттексіз қышқыл→тұз. 
Шешуі: бұл есепті эксперименттік жолмен шығару үшін оқушылар бейорганикалық 
қосылыстардың  негізгі  кластарының  ҿкілдері  -  тұздар,  негіздер,  қышқылдар  жҽне 
оксидтердің  қасиеттерін  білулері  керек.  Дайындық  кезеңінде  үйге  тапсырма  ретінде 
«бейорганикалық  қосылыстардың  негізгі  кластары  жҽне  олардың  арасындағы  байланыс» 
тақырыбы  қайталануға  беріледі.  Дайындықтағы  оқушылардың  білім  деңгейін  анықтау 
мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:  
- Оксидтердің қандай түрлері бар жҽне оларды алу ҽдістері қандай ?  
- Негіздік оксид пен негіздің арасындағы байланысты ата ? 
- Қышқылдық оксидтерге мысалдар келтір ? 
- Қышқылдар мен қышқылдық оксидтер арасындағы байланыс ? 
- Қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипатта ? 
- Негіздердің жіктелуі жҽне химиялық қасиеттері ? 
- Еритін жҽне ерімейтін негіздерді алу ҽдістері ? 
- Тұздар, олардың классификациясы ? 
- Тұздардың химиялық қасиеттері, алу жолдары ? 
Осындай  сұрақтарға  жауап  бергеннен  кейін,  жұмыстың  орындалу  жоспары 
жасалынады,  яғни  ҽр  ҿзгеріске  қандай  элементтерді  таңдап  алуға  болатындығы 
анықталынып, оқушылар реакция теңдеулерін жазады. Есепті шешу кезеңінде оқушылар 
мұғалімнің жетекшілігімен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, эксперимент жүргізеді. 
Соңында  дҽптерлеріне  жұмыстың  орындалу  барысын,  реакция  теңдеулерін  жазып, 
жұмысты  қорытындылайды.  Бұл  эксперименттік  есепті  шешу  барысында  оқушыларда 
элементтердің  қосылыстары  арасындағы  барлық  мүмкін  болатын  генетикалық 
байланыстарды  анықтай  білу  жҽне  олардың  арасындағы  реакцияларды  жаза  білу 
дағдылары қалыптасады. 
2-есеп: Үш сынауықта натрий гидроксиді, калий хлориді, тұз қышқылы ерітінділері 
берілген. Қай сынауықта қандай зат  екенін анықтаңыздар. 
Шешуі: Есепті шығару барысында да жоғарыдағы қарастырылған кезеңдер бойынша 
алдымен  есеп  талқыланып  алынып,  содан  кейін  тікелей  зертханалық    экспериментті 
жүргізу  орындалады.  Бұл  есепті  шығару  үшін  үш  сынауыққа  да  лакмус  қағазын 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №1(40), 2012.
 
 191
 
батырамыз.  Сонда  сілті  ерітіндісі  бар  сынауыққа  батырылған  лакмус  қағазы  кҿгереді, 
қышқылға батырылғаны қызарып, тұз ерітіндісіне батырылғаны күлгін түске боялады. Тұз 
ерітіндісі бар сынауыққа  күміс нитраты ерітіндісін құямыз.Нҽтижесінде күміс хлоридінің 
ақ түсті тұнбасының түзілетінін кҿреміз: KCl+AgNO
3
→AgCl↓+KNO
3

Қорытынды:  қышқылдар  мен  негіздерге  индикатордың  ҽсерін  біле  отырып, 
сынауықтағы  заттарды  анықтадық.  Хлорид  ионына  күміс  тұздарының  сапалық 
реакциясын пайдалана отырып, сынауықта калий хлориді ерітіндісі болғанын дҽлелдедік.  
3-есеп:  
Эксперимент есептері ішінде сапалық талдауға негізделген есептер де жиі кездеседі. 
Олар  кҿбінесе  тоғызыншы,  оныншы  сыныптарда  шығарылады.  Мысалы:  сынауықтарда 
алюминий  хлориді,  темір  (II)  хлориді,  темір  (III)  нитраты  берілген.  Сапалық  реакциялар 
кҿмегімен сынауықтардағы тұздарды анықтаңдар. 
Шешуі:  кезеңдер  бойынша  есеп  талқыланып,  қай  затты  қандай  сапалық  реакция 
кҿмегімен  анықтауға  болатындығы  айқындалып,  реакция  теңдеулері  жазылады.  Содан 
кейін  оқушылар  тікелей  экспериментке  кҿшеді.  Аl
3+
-ақ  тұнба,    Fe
2+
-жасыл,  Fe
3+
-қызыл-
қоңыр тұнба түзеді. Fe
2+
, Fe
3+
 иондарының сапалық реагенттері кҿмегімен қай сынауықта 
қандай тұз бар екендігі анықталынып, қорытынды жасалынады. 
Химиядан  оқушылардың  білім  мен  біліктілігін,  қызығушылығын  қалыптастыруда, 
алған  білімін  бақылап,  бағалауда  эксперимент  есептерінің  маңызы  зор.  Эксперимент 
есептерін шығару кезінде оқушылар бір жағынан, ҿткен материалды қайталап, толығымен 
еске  түсірсе,  екінші  жағынан,  алған  білімдерін  практикада  қолдана  білу  дағдылары 
қалыптасады, үшінші жағынан зертханалық жұмыс жасай білу  машықтары жетілдіріледі. 
Оқушылардың  химиядан  білім  сапасы  мен  практикалық  ҽзірлігі  эксперимент  есептерін 
шығару үстінде айқын білінеді.  
Эксперимент есептерін үнемі сабақтарда пайдалану оқушылардың химияны саналы 
түрде  теориялық  жағынан  да,  практикалық  жағынан  да  меңгеріп,  білім  дҽрежелерін 
кҿтеруіне мүмкіндік береді. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
 
1. Бекішев Қ. Химия есептері: Оқу құралы.- Алматы: «Білім» баспасы, 2004.-238 бет. 
2. Смағулова Р. Химияны оқытуда эксперименттік есептерді шешудің тиімді тҽсілдері. // 
Химия мектепте, 2011, №2, 38-42 б. 
3. Тапалова Ҽ. Есептер шығару ҽдістемесі. // Химия мектепте, №1, 32-36 б. 
4. Байжанова Г. Химия пҽні бойынша есеп шығару // Химик анықтамалығы, 2010, №5, 32-
39. 
5. Когисов С.М. Сапалық есептерді шығарудың ҽдістері. Ақтҿбе, 2006 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  химияны  оқытудағы  эксперименттік  есептердің  ролі  кҿрсетілген. 
«Бейорганикалық  қосылыстардың  негізгі  кластары»  тақырыбы  бойынша  эксперименттік 
есептер мысалдары келтірілген. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
 В  статье    рассматривается  значение  экспериментальных  задач  в  обучении  химии. 
Приведены  примеры  экспериментальных  задач  по  теме  «Основные  классы 
неорганических соединений» 
 
 
 

192 
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(40), 2012 
   
ХИМИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ 
 
Мырзахметова Н.О. -  химия ғылымдарының кандидаты, (Алматы қ.,ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақстан  Республикасының  егемендігі,  ондағы  туындап  жатқан  ҽлеуметтік 
экономикалық ҿзгерістер, Республиканың ҽлемдік білім кеңістігіне енуін ескеретін қазіргі 
кезеңдегі  мемлекеттік  білім  беру  саясатын  жүзеге  асыруды  жҽне    жалпы  орта  білім 
берудің  мемлекеттік  стандартына  сҽйкес  мазмұны  мен  оқытудың    барлық  ҽдістемелік 
жүйесін құзырлылық тұрғысынан қайта құруды талап етуде. 
Елбасымыздың  Қазақстан  халқына  жолдауында  егемендік  алған  мемлекетіміздің 
экономикалық, ҽлеуметтік жҽне саяси ҿркендеуі үшін алдымен отандық білімді жетілдіру, 
ҿзінің  жҽне  оған  жақын  мамандықтарды  еркін  меңгерген,  мамандығы  бойынша  ҽлемдік 
стандарт  деңгейіне  сай  нҽтижелі  жұмыс  атқара  алатын  білікті  кҽсіби  құзырлы  мамандар 
дайындау  керектігіне  ерекше    мҽн  берілген.  Мұның  ҿзі  де  болашақ  маманды  кҽсіби 
дайындаудың  үлгісін  құзырлылық  тұрғыдан  жасауды  талап  етіп,  мұғалімнің  ҽдістемелік 
дайындығының мазмұнын жаңарту мҽселесіне ҽкеп тірейді. 
Құзыреттілік 
кҿп 
мағыналы 
жҽне 
кешенді 
ұғым 
болғандықтан, 
философия,педагогика, экономика, психология жҽне т.б. ғылымдардың зерттеу объектісі. 
Ғылыми  ҽдебиеттерде  «құзыр»  терминінің  мағынасы  тек  білім  жиынтығынан  басқа, 
іскерлік деңгейі жҽне білімді практикаға қолдана білу тҽжірибесін білдіреді.  
С.И.  Ожеговтің  орыс  тілі  сҿздігінде  «құзыреттілік  (лат.  сҿзі  competens-  сҽйкес, 
қабілетті)  –орындалатын  жұмыстын  мҽн-мағынасын  терең  білгендік  жҽне  қойылған 
мақсатқа жетудің ҽдіс - тҽсілдерін меңгергендік, іскерлік, тҽжірибелілік», -делінген.  
Ҽртүрлі авторлардың «құзыреттілік» ұғымына берген анықтамаларының пайымдауы 
да  мұғалімдердің  кҽсіби  дайындығын  құзыреттілік  тұрғыдан  қарастыру  қажеттілігін 
дҽлелдейді.  Ғалымдардың  құзыреттілік  мҽселесін  оның  кҿптеген  түрлеріне  байланысты 
ҽртүрлі тұғырмен зерттегенін кҿрдік. 
Мұғалімді  кҽсіби  дайындау  мҽселелерін  Ресей  ғалымдары  В.В.Давыдов,   
А.Н.Леонтьев, Е.Н.Кабанова-Меллер,  В.А.Крутецкий, С.Л.Рубинштейн,   Н.Ф.Талызина,   
М.А.Дмитриева,  А.А.Крылова,  Б.Ф.Ломова,    В.Н.Мясищев,  А.В.Петровский  жҽне  т.б. 
зерделеген.  
Білім  беру  саласында  педагогикалық  идеяларды  іске  асыруда,  мамандардың  кҽсіби 
даярлауды арнайы пҽндер мазмұнын оқытудың тиімділігін арттыру туралы қазақстандық 
ғалымдар 
Қ.А.Аймағамбетова, 
М.Ҽ.Бектемесов, 
Е.И.Бурдина, 
Қ.Л.Қабдолова,  
С.К.Қалиев, .А.Қараев, Ғ.М.Кертаева, М.А.Құдайқұлов,  Т.Ҽ.Қышқашбаев, Л.Х.Мажитова,  
Қ.С.Мусин,  М.Н.Сарыбеков,  О.Сҽлімбаев,  Б.Сыдыков,  К.С.Успанов,  Ш.Таубаева,   
Б.А.Тұрғынбаева, Н.Д. Хмель жҽне басқалардың еңбектерінің маңызы жоғары болды.  
 Химия  мұғалімін  кҽсіби  дайындау  мҽселелерін,  химиялық  құзырлылықты 
қалыптастыру  жолдарын  академиктер    А.Н.Колмогоров,  А.В.Погорелов  т.б.,  атақты 
химиктер  мен  ҽдіскерлер  Л.С.Атанасян,  Н.Я.Виленкин,  В.А.Гусев,  Г.Л.Луканкин,   
И.А.Новик, Л.Н.Стефанова, Е.И.Смирнов,  В.А.Сластенин, Б.Ф.Ломов жҽне т.б. зерттеді.  
Болашақ  химия  мұғалімдерін  дайындау  мҽселесі  біздің  елде  А.Е.Абылкасымова,  
Е.Ы.Бидайбеков, 
Т.О.Балықбаев, 
С.М.Кеңесбаев, 
Е.Ҿ.Медеуов, 
А.Н.Нұғысова,  
М.Есмуқан, 
Қ.Қ.Рахымбек, 
О.С.Сатыбалдиев, 
Ж.Сулейменов, 
С.Д.Тыныбекова,  
С.Е.Шҽкілікова  жҽне  т.б.  ғалымдардың  ғылыми-  зерттеу  жұмыстарында  ҽр  қырынан 
зерттелген. 
Құзырлылықты  қалыптастырудың  ҽдіснамалық  негіздерін  ашуда  Г.С.Адольф,  
О.И.Агапова,  Е.В.Бондаревская,  Е.Ы.Бидайбеков,  Б.Г.Гершунский,  Қ.Жарықбаев,  
В.И.Загвязинский, 
И.Ф.Исаев, 
О.А.Кривошеев, 
Н.В.Кузьмина, 
А.К.Маркова,  
А.М.Матюшкин,  Л.М.Митина,  А.И.Мищенко,  И.А.Новик,  Е.С.Полат,  Н.С.Розов,  
В.А.Садовничий, 
Т.А.Сергеева, 
В.А.Скибицкий, 
В.А.Сластенин, 
К.С.Успанов,  
Н.Д.Хмель,  Е.Н.Шиянов,  Э.Г.Юдин,  жҽне т.б. ғалымдар еңбектері зор ҽсер етті. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №1(40), 2012.
 
 193
 
Химия  мұғалімін  кҽсіби  дайындауда  оның  химиялық  жҽне  ҽдістемелік 
құзырлылығын  қалыптастыру  еліміздің  болашағы  –  жас  ҿспірімдерді  оқыту  жҽне  
тҽрбиелеуге  қажет,  ол  ұстаздың  кҽсіби  дайындық  деңгейін    анықтайтын  болғандықтан 
мемлекет, қоғам, жоғары педагогикалық  оқу  орындарының үйлестірілген іс-қимылдарды 
арқылы жүзеге асырылады. 
Жоғары  педагогикалық  оқу  орындарының  тҽжірибесінде  қандай  курс  болмасын  
қарым  –қатынасқа,  оқу  жұмысының  ҽдістері  мен  құралдарын  таңдауға  бірдей  талап 
қойылады.  Сондықтан  педагогиканың  дидактика  деп  аталатын  бҿлімінде  барлық 
курстарды,  оның  ішінде  химияны  оқытқанда  қойылатын  дидактикалық  қағидалар 
зерттеліп дайындалған. Педагогикалық қағидалар: 
1)  оқыту мақсатын кеңейту үшін; 
2) педагогикалық үдерісті тиімді жүргізудің ұстанымы ретінде; 
3)  болашақ  химия  мұғалімінің  ҽдістемелік  құзыреттілігін  қалыптастыруды 
ұйымдастыру  жҽне  оның  мазмұнын,  ҽдістерін,  құралдарын,  түрлерін  жҽне  олардың 
арасындағы байланысты таңдап алу үшін; 
4)  химия  мұғалімінің  ҽдістемелік  құзыреттілігін  белгілі  бір  ережемен  дамыту 
заңдылықтары ретінде қолданылады.  
Химия мұғалімі оқу-тҽрбие үрдісінде мектептің алдына қойылған «белсенді, саналы, 
жан-жақты  дамыған  жастарды  тҽрбиелеу  жҽне  оқыту»  мақсаттарына  сай  тҿмендегідей 
дидактикалық қағидаларға сүйену керек екендігі белгілі: 
1) химияны оқытудың ғылыми қағидасы; 
2) химияны оқытудың дамыту жҽне тҽрбиелеу қағидасы; 
3) химияны оқытудың кҿрнекілік қағидасы; 
4) химияны оқытудың саналық жҽне белсенділік қағидалары;  
5) білімді берік, орнықты меңгеру қағидасы; 
6) химияны оқытудың жүйелілік қағидасы; 
7) химияны оқытудың түсініктілік қағидасы жҽне т.б. 
Жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ химия мұғалімі кҽсіби дайындық 
үдерісінде: 
1) мектеп химия курсының мазмұны; 
2) педагогикалық мҽселелерді шешуді; 
3) химияны оқытудың ҽдістерін; 
4) химияны оқытудың тҽсілдерін; 
5) химияны оқытудың инновациялық түрлерін; 
6) химияны оқытудың жаңа технологиялырын; 
7)  химияны  оқытуда  жаңа  ақпараттық  теле-қатынастық  технологияларды  жҽне  т.б. 
меңгерулері қажет. 
Болашақ  химия  мұғалімі  келтірілген  талаптар  жүйесін  меңгеру  үшін,  олармен 
жоғары  педагогикалық  оқу  орындарының  білім  беру  стандартындағы  педагогикалық, 
психологиялық,  химиялық  курстарды  оқыту  арқылы  теориялық  жҽне  практикалық 
дайындық жүргізіледі. 
Құзыреттілік  жағдайында  химияны  оқытудың  негізгі  формасы  –практикалық 
сабақтар  болып  табылады,  ол  сабақтарда  оқушылардың  химиялық  құзыреттіліктері 
дамиды. 
Практикалық  (сарамандық)  сабақтарда  дамытылатын  химиялық  құзыреттіліктің  4 
типін бҿліп кҿрсетуге болады:  
   .  Эксперименттік  (ҽр  түрлі  ҿлшеу  ҽдістерін  пайдалану,  қарапайым  қондырғы 
дайындау,  химиялық  операциялар  жасау,  химиялық  реактивтер,  қондырғыларды  дұрыс 
пайдалана білу, еңбек жҽне техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау, эксперимент жоспарын 
құру,  эксперимент  нҽтижелерін  анықтамалық,  ғылыми  ҽдебиеттерді  пайдалана  отырып 
жазбаша  жазу,  сызба  –нұсқалар,  графиктер  сызу,  химиялық  реакция  теңдеулерін  жазу 
т.б.); 

194 
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(40), 2012 
   
   .  коммуникативті  (тҽжірибені  сипаттау;  эксперимент  нҽтижелерін  талқылау; 
экспериментті  жоспарлар;  оны  теориялық  тұрғыдан  негіздеу;  барлық  операциялардың 
ретін ҿз бетінше анықтау; бақылау мен ҿзіндік бақылаудың критерийлерін пайдалану т.б.);  
   .  интеллектуальды  (эксперименттің  мақсаты  мен  міндетін  анықтау;  теориялық 
білімді  саралай  білу  жҽне  оны  ұқсас  жағдайларды  пайдалана  білу;  құбылыстар  мен 
процестердің  сипаттамалық  белгілерін  бақылау;  анализ,  синтез  жүргізу;  қорытынды 
жасау; бақылау мен ҿзіндік бақылау түрлері мен функцияларын анықтау) 
   .  бақылау  –бағалау  (ҿзінің  теориялық,  техникалық,  практикалық  дайындығыңды, 
практикалық  сабақтардағы  ҿзіңнің  іс  –ҽркетіңді  бағалау,  жолдастарыңның  теориялық, 
техникалық, практикалық дайындығын бағалау, эксперимент барысын ҿздігінен бақылау, 
жолдастарыңның іс –ҽрекеттерін бағалаудың ҽртүрлі түрлерін пайдалану т.б.). 
 Сарамандық  сабақтарда  оқушылардың  негізгі  химиялық  құзыреттіліктерін  дамыту  
құрам бҿліктен тұрады: 
   .  ұйымдастырушылық:  оқушының  сабақтың  мақсаты,  міндеті,  формасын,  оқыту 
ҽдістері мен оларды сабақта қолдануды анықтауы; 
  .  процессуалды:  оқушылардың  оқыту  ҽдістері,  құралдары,  формаларын  қойған 
мақсат пен міндеттерге жетуі үшін пайдалануы; 
  . мазмұндық: зертханалық тҽжірибелерге қосымша оқу материалы, оларға берілген 
тапсырмалар; 
  . мотивикациялық: процесс мазмұнды, қызықты болу үшін қажет жағдай; 
  техникалық: оқушылардың техника қаіпсіздігі ережелерін пайдаланып, химиялық 
қондырғылар, ыдыстарды ережеге сай пайдалана білу; 
  .  коммуникативті:  вербальді  қарым  –қатынас  арқылы  химиялық  тілдің  дамуы 
(жүргізілген зертханалық жұмыстарды талқылау); 
  .  результативті:  оқушылардың  белгілі  бір  білім,  білік,  дағдыларға  ие  болуы,  яғни 
құзыреттіліктердің қалыптасуы. 
Жоғарыда  аталған  маңызды  химиялық  құзыреттіліктерді  дамыту  үшін  біз  оқу 
үрдісіне, яғни химиядан сарамандық сабақтарда зертханалық жұмыс орындағанда рольдік 
цикл  технологиясын  енгізуді  ұсындық.        Кез  –келген  химиялық  тҽжірибе  химиялық 
операциялар  тізбектерінен  тұрады.  Ҽрбір  студент  экспериментті  ҿз  бетінше  орындау 
керек.  Зертханада  реактивтер  мен  жұмыс  столдары  жетіспегендіктен  кҿп  жағдайда 
зертханалық жұмыс топпен істелінеді, яғни тҽжірибені бір студент  жасайды, қалғандары 
не  бақылап  тұрады,  не  сол  студентке  кҿмектеседі  де,  эксперименттің  маңызы  туралы 
ойланбайды.  Бұл  жағдайда  оқытушы  ҽр  студенттің  еңбегін  объективті  түрде  бағалай 
алмайды. Бірақ бұл кемшіліктерді жоюға болады, егер сарамандық жұмысты орындаудың 
басында  ҽр  студентке  тапсырма  бҿлініп  беріліп,  біреуі  тҽжірибені  түсіндірсе,  екіншісі 
эксперимент  нҽтижелерін  түсіндіреді  т.б.        Рольдік  цикл  технологиясын  жүзеге  асыра 
отырып,  біз  студенттер  үш  адамнан  бірігіп  тҽжірибе  жасауды  ұсынамыз.      Топтың  бір 
мүшесі  зертханалық  жұмыстың  барлық  жұмыстарын,  қауіпсіздік  техника  ережелерін 
сақтай отырып жасайды. Оған тапсырма оның дайындық дҽрежесіне сай беріледі. 
«Бейорганикалық  заттардың  арасындағы  генетикалық  байланыс»  тақырыбы 
бойынша  студенттердің  химиялық  құзыреттілігін  дамыту  үшін  мынадай  тапсырмалар 
беруге болады:  
                       1 –деңгей тапсырмалары. 
1.
 
Құрғақ пробирка алыңдар. 
2.
 
Пробиркаға кішкене MgCO
3
 ұнтағын салыңдар. 
3.
 
1-2 мл тұз қышқылы HCl ерітіндісін қосыңдар. 
Қышқылмен жұмыс істегенде абай болыңдар! 
4.
 
Газ бҿлінуін байқаңдар. Түзілген газ –кҿміртек (IV) оксиді СО
2

5.
 
Алынған ерітіндіге тамшылатып сілті NaOH ерітіндісін қосыңдар. Сілтімен жұмыс 
істегенде абай болыңдар! 
6.
 
Ақ тұнба түзілуін бақылаңдар.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №1(40), 2012.
 
 195
 
7.
 
Түзілген тұнбаға тамшылатып күкірт қышқылы H
2
SO
4
 ерітіндісін қосыңдар. 
8.
 
Тұнбаның  еруін  бақылаңдар.  Бұл  жағдайда  оқушыларға  химиялық  тҽжірибені 
жүргізіп, қауіпсіздік ережесін сақтай білудің толық нұсқауы беріледі.  
                      2 –деңгей тапсырмалары 
1.
 
Құрғақ пробирка алыңдар.  
2.
 
Пробиркаға магний карбонатының ұнтағын салыңдар. 
3.
 
1-2 мл тұз қышқылын құйыңдар. 
4.
 
Газ бҿлінуін бақылаңдар. Газ кҿміртегі (IV) оксиді СО
2
 бҿлінеді. 
5.
 
Алынған ерітіндіге тамшылатып сілті ерітіндісін қосыңдар. 
6.
 
Ақ тұнба түскенін бақылаңдар.  
7.
 
Тұнбаға тамшылатып күкірт қышқылы ерітіндісін қосыңдар. 
Бұл  нұсқауда  берілген  химиялық  операциялар  мен  тапсырмалар  азайған.  Соған 
байланысты студенттердің ҿз беттерінше ойланып, ҽрекет етуіне кҿп мүмкіндік беріледі.  
                           3 –деңгей тапсырмалары 
    Ҿзгерістерді жүзеге асырыңдар:  
MgCO
3
→MgCl
2
→Mg(OH)
2
→MgSO
4

Тапсырманы  осындай  формада  алып,  студент  химиялық  экспериментті  ҿзінің 
химиялық білім, білік, дағдыларына ғана сеніп, ҿзінің эксперимент жүргізу дағдыларына 
сеніп қана жасайды. 
                                 4 –деңгей тапсырмалары 
Ҿзгерістерді жүзеге асырыңдар: 
MgCO
3
→тұз→магний гдроксиді→ MgSO
4
.  
Бұл  ҿзгерістерді  жүзеге  асырғанда  студенттер  берілген  тапсырмаға  теориялық 
дайындықпен келіп, бірінші реакция ҿнімінің мүмкін реакцияларын жазып, жасайды. Бұл 
тапсырма  дайындығы  жоғары  студентке  беріледі.Топтың  екінші  мүшесі  зертхананы 
орындап  тұрған  студенттің  тҽжірибелерін  түсіндіріп  тұрады:  химиялық  операцияларды, 
оларды  орындаудағы  қауіпсіздік  техника  ережелерін,  байқалған  құбылыстарды 
түсіндіру.Үшінші студент бақылаушы ролін атқарады. Оған химиялық операциялар тізімі 
түріндегі  тҽжірибе  сипаттамасы,  қауіпсіздік  техника  ережелері  беріледі.  Бақылаушы 
ҿзінің  дҽптерінде  1-2  –студенттің    істеген  істерін  белгілейді.  Келесі  тҽжірибелерде 
студенттер ҿздерінің рольдерін ауыстырады. Рольдік цикл қалыптасады- яғни зертханалық 
жұмыстарда  студенттер  зертхана  жүргізуші,  түсіндіруші  жҽне  бақылаушы  рольдерін 
атқарады. 
Зертханалық  жұмыстар  таңдалып  алынғанда  мынадай  нҽрселер  сақталуы  тиіс: 
біріншіден,  ол  теориялық  материалға  сҽйкес  келуі  тиіс;  екіншіден,  білімдерін 
қалыптастырып, дамыту қажет; үшіншіден, толық құзыреттіліктерін қалыптастырады. 
Студенттердің  химиялық  құзыреттіліктері  химиялық  заттармен,  материалдармен, 
процестермен химиялық сауатты түрде айналыса білуді кҿрсетеді. 
Химиялық  құзыреттілікті  дамыту  мектептен  басталып  жоғары  оқу  орындарында 
жалғасын  табатындықтан  студенттің  бірінші  курстан  бастап  химиялық  жҽне  ҽдістемелік 
құзыреттіліктерін  қалыптастыру  қажет.  Ол  ҽр  сабақта,  кез-келген  іс-шараларда  жүзеге 
асырылады.  Химиялық  құзыреттілікті  қалыптастыруда  оқыту  үдерісінде  қазіргі 
инновациялық технологияларды тиімді пайдалана білудің маңызы да ҿте үлкен.  
ҼДЕБИЕТТЕР 
1. Колесов В.П.О. классификации компетентности// Высшее образование сегодня. 2006.№ 
2.С 20-22. 
2.  Шадриков  В.Д.  Новая  модель  специалиста:  инновационная  подготовка  и 
компетентностный подход  // Высшее образование сегодня, 2004, №8.-с. 26-31. 
3. Устич Л.М. Формирование профессиональной компетентности специалистов в системе 
образование взрослых: авторефер. ... канд. пед. наук: -Калининград, 2004.-25с.  

196 
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(40), 2012 
   
4.  Кенжебеков  Б.Т.  Жоғары  педагогикалық  оқу  орны  жүйесінде  болашақ  мамандардың 
кҽсіби құзырлылығын қалыптастыру: Дис...д-ра педагогических наук. – Караганды., 2005, 
- 267 б. 13.00.08. 
5. Чумакова М.И.,  Смирнова З.В.  Развитие профессиональной компетентности педагогов.  
Волгоград., 2008г.- 135с. 
6.  Ключевые компетенции учащихся: проблема их формирования и измерения //Химия в 
школе. -2008.- №10.- с. 15-21. 
7. Из опыта формирования  химической компетенции //Химия в школе.2008. -№6. –с. 29-
32. 
8. Колесникова И.А. Психолого –педагогическая компетентность как учно-педагогическая 
проблема  //  Известия  Южного  отделения  Российкой  академии  образования.  Выпуск  1.  –
Ростов н/Д.,2001. –С. 127-136. 
9.  Уварова  И.,  Цветкова  Т.  Компетентность  учителя:  инструментарий  оценки  и 
самооценки // Директор школы. -2022. -№5. –С.33-41. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ  
Мақалада  химиялық  құзыреттілікті  қалыптастырудың  жолдары  қарастырылған. 
Деңгейлік  тапсырмалар  мен  оқытудың  жаңа  технологияларын  химияны  оқытуда 
қолданудың  маңызы кҿрсетілген. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  пути  формирования  химической  компетентности 
студентов.  Подчеркнута  роль  разноуровневой  дифференциации  заданий  и  новых 
технологии  в  обучении химии. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет