Химия пәні бойынша 10-сыныптарға тест жұмысы 1-нұсқа



бет4/5
Дата24.04.2023
өлшемі44,06 Kb.
#86093
1   2   3   4   5
4-нұсқа

1. Металдық байланыс дегеніміз?


А) катиондар мен аниондардың электростатикалықтартылуы есебінен түзілген байланыс
Б) ортақ электрон жұбы арқылы түзілетін байланыс
В) металл иондары мен бос электрондар арасында түзілетін байланыс
Г) бұл бір молекуладағы оң полюстенген сутек атомы мен екінші молекуладағы теріс полюстенген фтор, оттек және азот атомы арасында түзілетін байланыс
2. Химиялық реакция жылдамдығы дегеніміз-
А) жүйенің белгілі бір көлемінде уақыт бірлігі ішінде реакцияға қатысқан немесе реакция кезінде түзілген заттың біреуінің мөлшерінің өзгеруі
Б) фаза бетінің аудан бірлігінде белгілі бір уақыт ішінде реакцияға қатысатын немесе реакция кезінде түзілетін заттың біреуінің мөлшерінің өзгеруі
В) әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрацияларының уақыт бірлігінде өзгеруі
Г) барлық жауап дұрыс
3.Натрий иондары жалынды қандай түске бояйды? А) сары
Б) күлгін
В) түссіз
Г) жасыл
4. CaCO3 қалай аталады? А) сөндірілмеген әк
Б) әк сүті
В) әктас
Г) сөндірілген әк
5. Алюмотермия деген не және бұл әдіспен қандай металдар алынады?
А) металл оксидтерін алюминиймен тотықсыздандыру (темір, марганец, хром)
Б) металл оксидтерін алюминиймен тотықтыру (темір, марганец, хром)
В) металл оксидтерін хроммен тотықсыздандыру (темір, алюминий, калий)
Г) металл оксидтерін көмірмен тотықсыздандыру (магний, алюминий, хром)
6. Қара металлургия өнімдері?
А) натрий, калий, литий
Б) никель, хром, алюминий
В) шойын, болат, темір
Г) мыс, мырыш, қорғасын
7. 1,2 г магний тұз қышқылымен артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген сутегінің (қ.ж.) көлемі (л) қанша? Мg + 2НСI → МgСІ2 + Н2
А) 1,24 л
Б) 1,12 л
В) 1,65 л
Г) 1,82 л
8. Егер реакцияның температуралық коэффициенті 2-ге тең болса, температураны 100 С-дан 300 С-ға көтергенде, реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді?
А) 2 есе артады
Б) 4 есе артады
В) 8 есе артады
Г) 16 есе артады
9. Мыс атомында протон мен нейтрон саны қанша?
А) 29 p, 35 n
Б) 29 p, 29 n
В) 35 p, 29 n
Г) 64 p, 35 n
10. Металдық кристалл торын түзбейтін зат
А) мыс
Б) көміртек
В) күміс
Г) мырыш
11. Сұйылтылған күкірт қышқылында 140 г темір ерігенде неше грамм темір сульфатын алуға болады? H2SO4+Fe=FeSO4+H2
А) 380 г
Б) 385 г
В) 390 г
Г) 395 г
12. 2NO +О2 = 2NO2 реакциясындағы азот (ІІ) оксидінің концентрациясын 4 есе азайтқанда реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
А) 4 есе артады
Б) 16 есе артады
В) 4 есе кемиді
Г) 16 есе кемиді
13. Атом құрылысының ядролық моделін ұсынған ғалым?
А) Э.Резерфорд
Б) Л.Полинг
В) М.Складовская-Кюри
Г) М.Клечковский
14. Ауады тотықпайтын металл
А) Na
Б) Au
В) Al
Г) Mg
15. Натрий суда ерігенде түзілетін заттардың бірі
А) Натрий оксиді
Б) Натрий гидроксиді
В) Натрий гидриді
Г) Натрий пероксиді
16. 245 г концентрленген күкірт қышқылы мырышпен реакцияға түскенде өнімнің бірі күкірт диоксиді болса, оның массасы қанша? 2H2SO4+Zn=ZnSO4+SO2+2H2O
А) 150 г
Б) 160 г
В) 170 г
Г) 180 г
17. Неліктен d-элементтерді ауыспалы элементтер деп атайды?
А) себебі s-элементтерден кейін орналасқан
Б) s-элементтер мен р-элементтер арасында орналасқан
В) типтік металдар мен типтік бейметалдар арасында орналасқан
Г) сілтілік металдар мен сілтілік-жер металдары арасында орналасқан
18. Массасы 316 г 25%-ті КМnО4 ерітіндісі тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген хлордың (қ.ж.) көлемі қанша? 2КмnO4 + 16НСІ → 2MnСІ2 + 2КСІ+ 5СІ2 + 8Н2О
А) 25 л
Б) 28 л
В) 26 л
Г) 20 л
19. Тұз қышқылымен әрекеттеспейтін металл
А) Hg
Б) Al
В) Zn
Г) Fe
20. Металлургиялық негізгі мақсаты
А) негіздер алу
Б) тұздар алу
В) қышқылдар алу
Г) таза металдар алу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет