5-нұсқа
1. Сілтілік металдарды табыңыздар? А) Na, Zn, K, Ca
Б) Cu, Mg, Al, K
В) K, Na, Li, Rb, Cs
Г) Mg, Ca, Sr, Ba
2.Бертоле тұзының формуласы қандай?
А) KClO3
Б) KNO3
В) KMnO4
Г) K2CO3
3. Мырыштың сыртқы энергетикалық деңгейінде неше электрон орналасқан?
А) 12
Б) 8
В) 4
Г) 18
4. С2Н4 + 3О2 = 2СО2 + 2Н2О реакциядағы оттегінің концентрациясын 2 есе көбейткенде реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
А) 4 есе артады
Б) 8 есе артады
В) 9 есе артады
Г) өзгермейді
5. Натрий хлориді қалай аталады? А) ас тұзы
Б) ас содасы
В) марганцовка
Г) сірке қышқылы
6. Металлургия қандай ұғым береді?
А) кеннен металды алу
Б) кеннен оттекті бөлу
В) металдан оксидті алу
Г) қосылыстарды ыдырату
7. 320 т темір (ІІІ) оксидін толық тотықсыздандыру үшін неше тонна көміртегі (ІІ) оксидін әрекеттестіру керек? Fe2O3+3CO=2Fe+3CO2
А) 166 т
Б) 167 т
В) 168 т
Г) 169 т
8. Реакция температурасын 200С-тан 500С-қа көтергенде оның жылдамдығы 27 есе артты. Реакцияның температуралық коэффициентін анықтаңыз.
А) 3
Б) 2
В) 4
Г) 1
9. Массасы 468 г натрий хлориді ерітіндісін электролиздеген кезде, анодта бөлінген газдың көлемін анықтаңыз?
А) 11,2 л
Б) 22,4 л
В) 67,2 л
Г) 89,6 л
10. Na2O қосылысында натрий қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? А) +3
Б) +2
В) +1
Г) 0
11.Уақытша кермектікті тудыратын иондар
А) Ca(HCO3)2, Mg(HCO3)2
Б) CaSO4, MgSO4
В) CaCl2, MgCl2
Г) Ca3(PO4)2, Mg3(PO4)2
12. BCl3 молекуласында қандай химиялық байланыс болады?
А) ковалентті полюссіз
Б) металдық
В) ковалентті полюсті
Г) иондық
13. Реакция нәтижесінде бөлінген немесе сіңірілген энергия не деп аталады?
А) реакцияның жылдамдығы
Б) реакцияның жылу эффектісі
В) өршіткілер
Г) тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар
14. Сутектермия реакциясына 336 л сутек (қ.ж.) қатысқан болса, вольфрам (VІ) оксидінен қанша вольфрам алынады? WO3+3H2=W+3H2O
А) 900 г
Б) 920 г
В) 940 г
Г) 910 г
15. Гидролиз дегеніміз-....
А) теріс таңбамен алынған сутек иондарының молярлық концентрациясының ондық логарифмі
Б) сутек және гидроксид иондарының концентрациялары бірдей ерітінділері
В) ерітілген тұз бен су молекулаларының арасында аз диссоциацияланатын өнімдер түзіп, ортаның рН мәнін өзгерте жүретін алмасу реакциялары
Г) тұрақты токтың әсерінен электролиттердің сулы ерітінділерінде немесе балқымаларында жүретін тотығу-тотықсыздану процесі
16. Ковалентті байланыстар неше түрге бөлінеді?
А) 2
Б) 4
В) 1
Г) бөлінбейді
17. Сұйылтылған күкірт қышқылында 140 г темір ерігенде неше грамм темір сульфатын алуға болады? H2SO4+Fe=FeSO4+H2
А) 380 г
Б) 385 г
В) 390 г
Г) 395 г
18. Ас содасының формуласы қандай?
А) NaHCO3
Б) Na2CO3
В) NaCl
Г) NaOH
19. А+В→С+D реакциясының тепе-теңдік концентрациясы қалай жазылады?
А)
Б)
В)
Г)
20. Темірдің қандай құймалары бар?
А) жез, феррохром
Б) жез
В) нейзильбер, цинкаль
Г) шойын, болат
Достарыңызбен бөлісу: |