Химия пәні бойынша 10-сыныптарға тест жұмысы 1-нұсқа



бет2/5
Дата24.04.2023
өлшемі44,06 Kb.
#86093
1   2   3   4   5
Байланысты:
Химия 10-сынып БЕЗ ОТВЕТА (1)

2-нұсқа



  1. Металдардың кремниймен қоспасы қалай аталады?

А) карбид
Б) сульфид
В) нитрид
Г) силицид
2. Иондық байланыс дегеніміз?
А) ортақ электрон жұбы арқылы түзілетін байланыс
Б) бұл бір молекуладағы оң полюстенген сутек атомы мен екінші молекуладағы теріс полюстенген фтор, оттек және азот атомы арасында түзілетін байланыс
В) металл иондары мен бос электрондар арасында түзілетін байланыс
Г) катиондар мен аниондардың электростатикалық тартылуы есебінен түзілген байланыс
3. BCl3 молекуласында қандай химиялық байланыс болады?
А) ковалентті полюссіз
Б) металдық
В) ковалентті полюсті
Г) иондық
4. Реакция нәтижесінде бөлінген немесе сіңірілген энергия не деп аталады?
А) реакцияның жылдамдығы
Б) реакцияның жылу эффектісі
В) өршіткілер
Г) тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар
5. Сутектік көрсеткіш дегеніміз- ....
А) сутек және гидроксид иондарының концентрациялары бірдей ерітінділері
Б) ерітілген тұз бен су молекулаларының арасында аз диссоциацияланатын өнімдер түзіп, ортаның рН мәнін өзгерте жүретін алмасу реакциялары
В) тұрақты токтың әсерінен электролиттердің сулы ерітінділерінде немесе балқымаларында жүретін тотығу-тотықсыздану процесі
Г) теріс таңбамен алынған сутек иондарының молярлық концентрациясының ондық логарифмі
6. А+В→С+D реакциясының тепе-теңдік концентрациясы қалай жазылады?
А)
Б)
В)
Г)
7. Егер реакцияның температуралық коэффициенті 2-ге тең болса,температураны 100 С-дан 200 С-ға көтергенде, реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді?
А) 2 есе артады
Б) 4 есе артады
В) 8 есе артады
Г) 16 есе артады
8. Егер таза күйінде 28 г темір алынған болса, алюминотермия реакциясына қанша темір (ІІІ) оксиді қатысқан? Fe2O3+2Al=Al2O3+2Fe
А) 45 г
Б) 50 г
В) 40 г
Г) 55 г
9. Сутектермия реакциясына 336 л сутек (қ.ж.) қатысқан болса, вольфрам (VІ) оксидінен қанша вольфрам алынады? WO3+3H2=W+3H2O
А) 900 г
Б) 920 г
В) 940 г
Г) 910 г
10. Атом құрылысының ядролық моделін ұсынған ғалым?
А) Э.Резерфорд
Б) Л.Полинг
В) М.Складовская-Кюри
Г) М.Клечковский
11. 2NO +О2 = 2NO2 реакциясындағы азот (ІІ) оксидінің концентрациясын 4 есе көбейткенде реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
А) 4 есе артады
Б) 16 есе артады
В) 4 есе кемиді
Г) 16 есе кемиді
12. Егер реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болса, температураны 1500 С-дан 1600 С-ға көтергенде, реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді?
А) 3 есе артады
Б) 9 есе артады
В) 27 есе артады
Г) 81 есе артады
13. Ауады тотықпайтын металл
А) Na
Б) Au
В) Al
Г) Mg
14. Натрий суда ерігенде түзілетін заттардың бірі
А) Натрий оксиді
Б) Натрий гидроксиді
В) Натрий гидриді
Г) Натрий пероксиді
15. Сілтілік металдар атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейінің жалпы электрондық формуласы:
А) ns2
Б) ns1
В) ns2 np1
Г) ns2 np2
16. 245 г концентрленген күкірт қышқылы мырышпен реакцияға түскенде өнімнің бірі күкірт диоксиді болса, оның массасы қанша? 2H2SO4+Zn=ZnSO4+SO2+2H2O
А) 150 г
Б) 160 г
В) 170 г
Г) 180 г
17. 12,8 г мыс түзілу үшін мыс (ІІ) оксидімен неше грамм көміртек әрекеттеседі? 2CuO+C=2Cu+CO2
А) 1,2 г
Б) 1,4 г
В) 1,6 г
Г) 1,8 г
18. Натрий қандай кристалдық тор түзеді? А) металдық
Б) иондық
В) атомдық
Г) ковалентті
19.Натрий хлориді қалай аталады? А) ас тұзы
Б) ас содасы
В) марганцовка
Г) сірке қышқылы
20. Металлургия қандай ұғым береді?
А) кеннен металды алу
Б) кеннен оттекті бөлу
В) металдан оксидті алу
Г) қосылыстарды ыдырату




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет