1 мысал.Фосген алу реакция барысында, бірінші иіс газының және хлордың концентрациялары 0,056 моль/л, ал 10 минут өткен соң бұл шамалар 0,006 моль/л болды. Реакция жылдамдығын анықтаңыз.
Шешуі: Реакция теңдеуі:
C O+Cl2COCl2.
Реакция жылдамдығын анықтаймыз:
2 мысал. Егер газ қыспасының көлемін үш есе кемітсек төмендегі жүйеде:
Тура және кері реакциялардың жылдамдығы неше есе өзгереді? Реакцияның бағыты қалай ығысады?
Шешуі: Әрекеттесуші заттардан концентрациясын әріппен белгілейік:
Массаның әсер заңына сәйкес көлем өзгергенге дейінгі тура және кері реакцияның жылдамдығы мынаған тең болады:
Гомогендік жүйенің көлемі үш есе азайғанда әрекеттесуші заттардың концентрациясы үш есе өседі:
Тура және кері реакцияның көлем (концентрация) өзгергеннен кейінгі жылдамдығы:
Осыдан:
тура реакцияның жылдамдығының өсуі:
есе
кері реакцияның жылдамдығының өсуі:
есе.
Тура реакцияның жылдамдығы 27 есе, ал кері реакцияның жылдамдығы 9 есе өскендіктен көлем үш есе кемігенде реакция тепе-теңдігі бұзылып реакция солдан оңға қарай – SO3-тың түзілетін жағына қарай ығысады.
3 мысал. Газ фазасында жүретін реакцияның температурасын 30ºC-тан 70ºC-қа дейін жоғарлатқанда реакция жылдамдығы қанша есе өсетінін есептеп шығарыңыз. Реакцияның температуралық коэффициенті 2-ге тең деп алыңыз.
Шешуі: Химиялық реакцияның жылдамдығының температураға тәуелділігі Вант-Гоффтың эмпирикалық формуласымен анықталады:
Температура 30ºC-тан 70ºC-қа дейін жоғарлағанда реакция жылдамдығы 16 есе артады.