Химиякурсының негізгі мақсаты: болашақ мамандарды курстың жетекші идеясы-заттардың құрамы, құрылысы және қасиеттерінің арасындағы өзара тәуелділікті ашып көрсету, химияның өмірдегі және Республиканың халық шаруашылығындағы ролі, қоршаған ортаны сақтау ұғымдарын қалыптастыру, тұрмыста және еңбек қызметінде заттарды пайдалана білу мәдинетін қалыптастыру.
Химия-эксперименттік ғылым. Химиялық реакция, химиялық зат туралы білімнің қайнар көзі-химиялық эксперимент. Ол, маңызды химиялық теориялар мен заңдарды түсіндіреді, маңызды химиялық үдерістер мен олардың жүру жағдайларын көрсетеді, заттар мен олардың қасиеттерін зерттеуге жол ашады.
Заттар жай және күрделі болып екіге бөлінеді. Жай заттар бір элемент атомдарынан түзіледі. Мысалы, молекула түріндегі сутек, хлор, азот, метал түріндегі темір, мыс, мырш т.б.
Элементтердің бірнеше жай заттар түзуін аллотропия деп, ал түзілген жай заттардың әрбір түрін сол элементтің аллотропиялық түр өзгерісі деп атайды. Олардың физикалық және химиялық қасиеттері молекуладағы атомдардың бір-бірімен байланысуының түріне, кристалдық формасына байланысты. Мысалы: молекула түріндегі оттек – отектің екі атомынан (О2), озон – оттектің үш атомынан тұрады (О3),графит пен алмаз тек көміртек атомынан (С) тұрады, бірақ олардың кристалдарының құрылысы әртүрлі.
№2 дәріс
Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Атом-молекулалық ілімнің негізгі заңдары. Заттар массасының сақталу заңы, еселі қатынас заңы, құрам тұрақтылық заңы, көлемдік қатанастар заңы. Авогадро заңы. Эквиваленттерзаңы.
1. Затмассасыныңсақталу заңы Реакцияға қатысқан заттардың массаларының жинағы (энергиялар жинағы) реакция нәтижесінде түзілген заттардың массаларының жинағына (энергиялар жинағына) тең болады.
Яғни массалар жинағы және энергиялар жинағы бөлектенген жүйеде тұрақты шама: және .
Қазіргі ғылымда масса мен энергия арасындағы байланыс Альберт Эйнштейннің (1879-1955) теңдеуімен анықталады.
,
мұнда Е – энергия, m – зат массасы, с – вакуумдағы жарық жылдамдығы (2,997925 108 м/с) немесе шамамен 800 000 км/с.
Бұл теңдеудің маңызы массаның белгілі бір мөлшеріне энергияның белгілі бір мөлшері сәйкес екендігінде. Алайда С2 өте үлкен шама болғандықтан реакция нәтижесінде бөлінген немесе сіңірілген энергия массасы өте аз мөлшерге өзгертеді. Энергия өте көп бөлінетін реакцияларда (ядролық реакциялар) массасының біраз шамаға өзгеретіндігі байқалады.
Зат массасының сақталу заңын оқып үйрену дұрыс химиялық теңдеулер құруға, олар арқылы әр түрлі есептеулер жүргізуге мүмкіндік жасайды. Есте болатын жәйт химиялық процесстерде реакция аяғына дейін жүрмеуі мүмкін, соның себебінен түзілген заттардың массасы, зат массасының сақталу заңына сәйкес түзілуі қажет массадан көбіне кем болып шығады. Мұндай жағдайда заттың шығымының массалық үлесін уm, төмендегі өрнек арқылы есептейді: ,
мұнда mр – заттың іс жүзінде шыққан массасы; m – заттың теориялық есептеу арқылы (зат массасының заңына сәйкес) шыққан массасы.