Химия пәні бойынша тест тапсырмалары



Дата07.01.2022
өлшемі22,35 Kb.
#18033
түріОқулық
Байланысты:
Бахтыгерей А 4 тапс дид[1]


Орындаған: Бахтыгерей А.

4 практикалық жұмыс
Оқулық: Усманова М., Сакарьянова К., Сахариева Б. «Атамұра» 2019 жыл жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық.


Сабақтың тақырыбы

Металдарға жалпы сипаттама

Оқу мақсаттары

9.1.4.1- Металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып,металдардың қасиетін түсіндіре алу.

9.1.4.2.Металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиеттерін көрсететінін түсіндіру.



Бағалау критерийлері

 Металдардың қасиеттері металдық байланыс пен металдық кристалдық торына тәуелді екенін түсіндіре алады.

 Металлдардың қасиеттері атомдарының құрылымына тәуелді екендігін түсіндіре алады, металдардың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре алады



Оқу дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану




Тапсырмалар
1 тапсырма. Төменде берілген кестені сәйкестендіріңіз:


1) Ауыр металдар

A) Li, Rb, Cs, Be, Mo,W, Zr, Hf, Nb,Ta

2) Жеңіл металдар

B) Cu, Zn, Pb, Hg

3) Сирек кездесетін металдар

C) K, Na, Mg, Al

4) Сирек- жер металдар

D) Ga, In, Tl, Ge

5) Шашыраңқы металдар

E) Au, Ag, Pt, Pd, Rh, Ir, Ru, Os

6) Бағалы металдар

F) Ra, Th, U, Ac, актиноидтар

7) Радиоактивті металдар

G) Sc, V, La, лантаноидтар


Жауабы: 1 – В ; 2 – С; 3 – А; 4 – G; 5 – D; 6 – Е; 7 – F

Дескриптор:

1. Металдардың физикалық қасиеттерін ажыратады;

2. Физикалық қасиеттеріне қарай сәйкестендіреді;

3. Металдарды улылық дәрежесіне қарай сәйкестендіреді.


2 тапсырма. Металдарға байланысты жұмбақты шешіңіз және жауабын 3 тілде жазып көрсетіңіз:

1. Ақ металл айналады су бетінде тыным таппай,

Бейне бір жүргендей-ақ су бетінен орын таппай. 

Жауабы: Na – натрий, натрий, sodium

2. Қара металлургияның нанымын,

Машина мен тракторлардың жанымын 

Жауабы: Fe – темір, железо, iron
3. Табылса бұрын там – тұмнан

Қазір көп әрбір өлкеде,

Қымбат болды алтыннан

Қандай металл ертеде.



Жауабы: Al – алюминий, алюминий, aluminium
Дескриптор:

1. Металдардың физикалық қасиеттерін ажыратады;



2. Жұмбақтың жауабында табылған металдарды ағылшын, орыс тілінде атай алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет