ББЖБ ТБЖБ ЖАУАПТАРЫ БАР!!! ↓↓↓
Nur-Sultan, 2020
МАЗМҰНЫ
1.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3 2.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3 3.Күтілетін нәтиже 3 біледі 3 4.Ойлау дағдыларының деңгейі 4 5.Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5 6.Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5 7.Модерация және балл қою 5 1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 17
3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 28
4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 38
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Химия» пәні бойынша жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы
құрылысына байланысты органикалық және бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін;
талдаудың инструментальды әдісі арқылы қосылыстарды зерттеу қағидаттарын;
ең маңызды органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық өндірілу қағидаттарын;
қолданады
табиғатта, тұрмыста және өндірісте болып жатқан химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін, әртүрлі жағдайларда химиялық айналымдардың өту мүмкіндіктерін анықтау және олардың салдарларын бағалау үшін білімдері мен біліктерін;