«Химия» пәні бойынша



бет30/48
Дата16.10.2023
өлшемі2,1 Mb.
#115788
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Электродтық баланс әдісі
Алдымен, тотығу және тотықсыздану процестерінің жеке теңдеулерін құрып, содан кейін оларды қосып, реакцияның жалпы теңдеуін жазуға негізделген. Ол үшін реакцияның иондық схемасын жазу керек. Иондық схемасын жазған кезде қысқаша иондық теңдеулерді жазу ережелері сақталады, яғни күшті электролиттерді ион түрінде, ал әлсіз электролиттер, газдар, тұнба – молекула түрінде жазылады. Реакция кезінде өзгермеген газдарды, иондық теңдеуге жазбайды.
Мысал. Калий иодидінің қышқылдық ортада KMnO4 –мен тотығу реакциясы мына схемамен жазылады:
KmnO4 + KI + H2SO4 MnSO4 + I2 + K2SO4 + H2O
Реакция иондық схемасы мына түрде жазылады:
- - + 2+
MnO4 + I + H Mn + I2 + H2O
- 2- -
Реакция теңдеуінен MnO4 ионының Mn –ионына тотықсызданатынын, I –ионының I2 дейін тотығатынын көреміз. Қышқылдық ортада MnO-4-ионының құрамындағы оттегі сутегі ионымен байланысып, су молекуласын түзеді.
Тотықтырғыштың (MnO-4) тотықсыздануы реакциясының (жарты) теңдеуін құрайық.
MnO-4 + 8Н+ Мn2+ + 4Н2О
Атомдарды теңестіру үшін сутегі ионын қосып оны оттегі мен су молекуласына байланыстыру керек. Теңдік сол және оң жағындағы зарядтар тең болу керек. Теңдіктің сол жағындағы зарядтардың алгебралық қосындысы +7, ал оң жағында +2. теңестіру үшін сол жағына 5е қосу керек, сонда тотықтырғыштың тотықсыздануының жарты теңдеуі мына түрде жазылады:

MnO-4 + 8Н+ + 5е = Мn2+ + 4Н2О


тотыққан т-сызданған
түрі түрі
І- -ионының тотығуының теңдеуі:
- І2
Зарядтарды теңестіру үшін теңдеудің сол жағына 2е алу керек:
- - 2е = І2
т-сызданған тотыққан
түрі түрі
Теңдеулерді қосып реакцияның жалпы теңдеуін жазамыз:
MnO-4 + 8Н+ + 5е Мn2+ + 4Н2О 2
- - 2е І2 5

Жалпы теңдеуді шығарғанда жеке теңдеулерді электрондардың алгебралық қосындысы нольге тең болатын коэффициентке көбейту керек:


MnO-4 + 8Н+ + 5е Мn2+ + 4Н2О 2
- - 2е І2 5
Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың коэффициенттерін қосып жазсақ, теңдеу:
2MnO-4 + 10 І- + 16Н+ 2Мn2+ + 5 І2 + 8Н2О
Теңдеудің дұрыстығын атомдардың және зарядтардың санын (теңдігін) анықтап тексереді:
2MnO4 + 10KI + 8H2SO4 = 2MnSO4 + 5 I2 + 6K2SO4 + 8H2O


Иондық электрондық теңдеу құрудың ережелері

1. Алдымен реакцияның иондық схемасын құрады. Ол үшін тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты және олардың әрекеттесуі нәтижесінде пайда болған өнімдерді ион түрінде жазады. Күшті электролиттер ион түрінде, әлсіз электролиттер, газ, тұнба молекула түрінде жазылады. Мысалы:


H2S + MnO4 S + Mn2
MnO4 + I- + H+ Mn+ + I2 + H2O

2. Теңдеу құрған кезде бастапқы заттар да оттегі О-2 түрінде бөлініп шығуы мүмкін. Онда оны қышқылдық ортада Н+ ионымен суға байланыстыру керек, сілтілік ортада – гидроксид ионы шығады:


О-2 + 2Н+ = H2O
O-2 + H2O = 2OH-
3. Егер бастапқы заттардағы оттегі өнімдегіден аз болса, онда оны қышқылдық немесе нейтрал ортада су молекуласын қосып, ал сілтілік ортада гидроксид ОН- -ионын қосып теңестіреді:
H2O = O-2 + 2H+, 2OH- = O-2 + H2O


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет