Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет152/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

nЭ = (CЭ∙∆VЭ)/Vбуф
Буферлік сыйымдылықты анықтау формуласы:
Hқыш. = nқыш./∆рН; hнег. = nнег./∆рН
Буферлік сыйымдылық буфер қоспасындағы компоненттер концентрациясына тәуелді. Әлсіз электролит және оның тұзының концентрациясы жоғары болған сайын, буферлік сыйымдылық та жоғары болады.
Жұмысқа дайындық
Буферлік ерітінді – аммонийлі немесе ацетатты, 0,1М тұз қышқылы ерітіндісі, 0,1М сілті ерітіндісі. Буферлік сыйымдылықтың қышқыл немесе сілті бойынша анықталуына байланысты бюретканы қышқылмен немесе сілтімен толтырады. 50мл стаканға тамшуырмен 5мл буфер ерітіндісін алып, белгілі көлемге дейін сумен сұйылтады.
Аналитикалық сигналды өлшеу
Буфері бар стаканға электродтарды батырады да рН-ты өлшейді. Сосын бюреткадан 1мл-ден қышқыл (сілті) қоса отырып, араластырып, рН-ты өлшейді. рН өзгерісі байқалғаннан кейін 4-5 өлшеу жүргізіп, титрлеуді аяқтайды.
Эксперимент нәтижесін өңдеу
Буферлік ерітінділердің қасиеттерін сипаттайтын (зерттелген қоспа үшін) химиялық реакция теңдеулерін жазу. Эксперимент нәтижесі бойынша (титрлеу кезінде нәтижелер кестеге енгізілуі қажет) рН көлемге тәуелділік графигін құру. Графиктен рН бірлігіне сәйкес ∆V табу. Анализ нәтижелерін есептеу формулалары: h = nЭ /∆рН
h = (СЭ∙∆VЭ) / (Vбуф∙ ∆рН), мұндағы
h – буферлік сыйымдылық, моль/л; СЭ – қосылған қышқыл (сілті) концентрациясы, моль/л; ∆VЭ – рН-тың 1мл-ге өзгеруіне сәйкес күшті электролит көлемінің өзгерісі. Vбуф – буфер аликвоты, мл.
ӘЛСІЗ НЕГІЗДЕРДІ СУСЫЗ ЕРІТІНДІЛЕРДЕ
рН – МЕТРЛІК ТИТРЛЕУ

Әлсіз негіздерді титрлеу үшін көбінесе этиленгликоль (немесе пропиленгликоль, полиэтиленгликоль) және изопропил (немесе бутил спирті, ацетон) спиртінен тұратын аралас еріткіштер қолданылады. Кез келген гликоль қоспасында гликоль мөлшері 15% - тен 70% - ке дейін болуы мүмкін. Негізінен ортаның тұтқырлығын азайту үшін гликоль мөлшері аз болуы қажет. Негіздерді гликольді ортада титрлеу үшін көбінесе сондай еріткіштегі НСl немесе HClO4 ерітінділері қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет