Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


МЫС ЖӘНЕ КАДМИЙ ИОНДАРЫН БӨЛУ



бет173/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

МЫС ЖӘНЕ КАДМИЙ ИОНДАРЫН БӨЛУ


Жұмыс мақсаты: КУ-2 катионитінде бейорганикалық иондар (Сu2+, Cd2+) қоспаларын сапалық бөлу.
Жұмысты орындау: КУ-2 катиониті бар колонкаға Н+ формасында 25мл Сu2+ және Cd2+ иондар қоспасының 0,01М ерітіндісін енгізеді. Қоспаны минутына 2-3мл жылдамдықпен өткізеді. Колонкадан шыққан ерітіндіні төгіп тастайды. Колонка астына көлемі 250мл таза колбаны қояды да, колонкаға ерітіндінің аз мөлшерін, 3-4мл сілті–глицерин қоспасын порциялап қосады (5мл глицерин және 100мл судағы 5г натрий гидроксиді бар ерітіндісі дайындалады). Бұл операцияны мыс колонкадан толық шыққанға дейін қайталайды. Оны визуальді фильтраттың көгілдір түсі арқылы және рубеансутек қышқылымен сапалық реакция арқылы анықтайды. Ол үшін фильтр қағазына рубеансутек қышқыл тамшысын және фильтрат тамшысын енгізеді. Қағаздағы сұр дақ ерітіндіде мыстың бар екендігін көрсетеді. 5% тұз қышқылымен кадмий иондарын колонкадан шайып, K4[Fe(CN)6] ерітіндісімен сапалық анықтайды (ақ тұнба болуы керек). Сорбент регенерациясын колонка арқылы 50мл 5% HCl өткізу арқылы жүргізеді. Қышқылдан сорбентті дистильденген сумен шаяды да, колонкадан өткен дистильденген суды метилоранж көмегімен тексереді. Түсі өзгермеуі керек және стандартқа сай болуы керек (стандарт - 25мл дистильденген суы бар стаканға метилоранждың 3 тамшысын қосады).


ТҰНБАЛЫҚ ХРОМАТОГРАФИЯ ӘДІСІ

Анықталатын иондармен түсті тұнба түзетін тұндырғыш ерітіндісін алдын ала сорбентке сіңіріп қоюға болады. Мысалы, Al2O3 сорбентіне сілті ерітіндісін сіңіреді. Сонда, егер колонкаға Hg2+, Cu2+, Ag+ иондар қоспасын енгізсе, түрлі-түсті тұнбалар зоналары түзіледі: жоғарыда – сары зона – Hg(ОН)2 тұнбасы, төменірек – көгілдір зона - Cu (ОН)2 тұнбасы, ең астында – қоңыр зона - Ag2О тұнбасы. Тұнбалық хроматографияны иондарды бөлу үшін, сапалық анықтау үшін қолданады. Сандық анықтау үшін бірнеше стандартты ерітінділерді хроматографиялау керек. Нәтижесі бойынша градуирлік график салады. График зона биіктігі (һ) мен концентрация (С) арасындағы тәуелділік бойынша салынады. Сосын зерттелетін ерітіндіні хроматографиялап, графиктен концентрациясын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет