Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет170/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   271
Ep=V∙ СN1∙100/(100-W)q, мэкв/г
Eп=(V+Vп)∙СN1∙100/(100-W), мэкв/г

Мұндағы, СN1-сілті ерітіндісінің нормальдігі


V-NaOH ерітіндісінің мөлшері, фильтраттан алынған порцияларға
кеткен көлем, мл.
Vп-NaOH ерітіндісінің мөлшері, алынған фильтрат порцияларын CaCl2 өткеннен соң титрлеуге кеткен мөлшері, мл.
q - иониттің құрғақ үлгісі, г
W- ионит ылғалдығы(18%)
Алынған мәліметтер бойынша график құрады, ол үшін абцисса осіне кальций хлоридінің өткізілген көлемі, ордината осінде – сіңірілген кальций ионының мөлшері, мэкв/г.
Ионитті регенерациялау. Шайырды кальций иондарынан 5% тұз қышқылымен шаяды, кальцийдің алғашқы концентрациясы мен шайырдан шыққан кальций иондарының концентрациялары теңескенше шайып, артынан сумен бейтарап ортаға дейін жуады, ол үшін 5мл-ден шайырдан аққан НСІ-ды жинап титрлеп отырады. Индикатор - метилоранж.

АНИОНИТТЕ МЫРЫШ ПЕН НИКЕЛЬ КАТИОНДАРЫН БӨЛУ


Жұмыс мақсаты: Ион алмасу хроматографиясымен мырыш және никель катиондарын бөлу.
Жұмыс барысы: Құрамында 10ммоль мырыш және никель тұздары бар 20мл ерітіндіні 50мл өлшегіш колбаға енгізеді. 4н HCl ерітіндісін сызыққа дейін қосады, араластырады. Түзілген ерітінді құрамында мырыш хлоридінің комплексті аниондары және никель катиондары бар. Зерттелетін 10мл ерітіндіні пипеткамен алып, 10г Cl--формадағы АВ-17 аниониті бар колонкадан 1мл/мин жылдамдықпен өткізеді, бірақ алдында анионитті 10мл 2н HCl ерітіндісімен шайып алады. Аниониттен никель катиондарын шығару үшін 200мл 2н HCl ерітіндісін колонка арқылы өткізеді. Колонкадан шыққан фильтрат және шайынды суларды 250мл өлшегіш колбаға құяды. Никель катиондарының толық шығуын диметилглиоксиммен реакциясы арқылы тексереді. Ол үшін фильтраттан бірнеше тамшы алып, затты шыныға тамызады, 2-3 тамшы аммиак және бір тамшы диметилглиоксим ерітіндісін қосады. Никель иондары болса, никель диметилглиоксиматының қызғылт түсті тұнбасы түзіледі. Никель иондарының мөлшерін комплексонометриялық әдіспен анықтайды. Ол үшін өлшегіш колбадағы ерітіндіні белгісіне дейін дистильденген сумен жеткізеді, түзілген ерітіндіден 25мл алып, оған 0,1-0,2г мурексид индикаторын (0,1г индикаторды 20г NaCl қосып, үгіту арқылы дайындалады) қосып және 0,05н комплексон(III) ерітіндісімен сары ерітіндіні күлгін түске дейін өзгергенше титрлейді.
Никель мөлшерін мына формуламен анықтайды(мг):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет