Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Хром, кобальт иондарын анықтау



бет172/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   271
Хром, кобальт иондарын анықтау. Сорбенті бар колонкаға 3 тамшы қаныққан натрий гидрофосфатын, 5 тамшы хром және кобальт тұздарының қоспасын қосады. Хроматограмма түзіледі: үстіде хром фосфаты - сұр-көгілдір түс, астыда кобальт фосфаты – қызғылт-күлгін түс.

  • Кобальт(II), никель(II) иондарын анықтау. Сорбенті бар колонкаға 2 тамшы кобальт және никель ерітінділерінің қоспасын қосады, сумен шаяды, 1% рубеансутек қышқылының спирттік ерітіндісін қосады. Күлгін – қызыл аймақ түзіледі. Бөліну болмайды.

  • Сорбенті бар колонкаға 2 тамшы кобальт және никель ерітінділерінің қоспасын қосады, сумен шаяды, аммиактың концентрленген ерітіндісін қосады. Үстіде – қызғылт аймақ, біртіндеп қоңыр түс береді – кобальт аммиакаты, астыда көгілдір-никель аммиакаты.

  • Қорғасын(II), күміс(I) иондарын анықтау. Колонкаға 1 тамшы қорғасын және күміс ерітінділерінің қоспасын қосады, 2 тамшы сумен шаяды және 7-8 тамшы 2н хромат ерітіндісін қосады. Үстіде қорғасын – сары түс; астыда күміс-қоңыр түс береді.

  • Мыс(II), күміс(I) иондарын анықтау. Қоспаны дайындау үшін күміс ерітіндісін 2 есе көп алады. Алдымен колонкаға 9 тамшы концентрленген сілті енгізеді, 1 тамшы су, кейін 3 тамшы мыс, күміс тұздарының қоспасын қосады. Үстіде мыс-көгілдір, астыда күміс-қоңыр түс береді.

  • Темір(III), мыс(II), кобальт(II) иондарын анықтау.

    Үстіде темір-қоңыр, ортада мыс-көгілдір, астыда кобальт-қызғылт.

    1. Перманганат және хромат иондарын анықтау. Колонкаға 3 тамшы калий перманганаты және хромат ерітіндісінің қоспасын қосады, хроматограмманы сумен шаяды. Үстіде хромат-сары, астыда перманганат-қызғылт түс түзеді.

    2. Роданид, сульфид, ферроцианид иондарын анықтау. Колонкаға 2 тамшы роданид, сульфид, ферроцианид ерітінділерінің қоспасын, 3 тамшы су және 3 тамшы 2н темір(III) тұзының ерітіндісін қосады, үш зона түзіліді: үстіде-көк (ферроцианид), кейін –қоңыр (роданид), астыда-қара(сульфид).

    Барлық реакциялар теңдеулерін жазыңыз.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   271




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет