Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Альдегидтер мен кетондарды алу. Қолданылуы



бет215/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   271
Альдегидтер мен кетондарды алу. Қолданылуы

Альдегидтер мен кетондарды алудың бірнеше ортақ әдістері бар.


1. Спирттерді тотықтырып не каталитикалық дегидрлеп: біріншілік спирттерден альдегидтерді, екіншілік спирттерден кетондарды алады. Бұл реакциялар спирттер тақырыбында қаралған.



2. Қышқылдардың не олардың қоспаларының буларын кей металдар оксидтері (ThO2, MnO2, CaO, ZnO) үстінен 400-450С температурада жіберіп пиролиз арқылы алады:

RCOOH + HCOOH  RCHO + CO2 +H2O


2RCOOH RCOR + H2O + CO2


3. Геминальды дигалоген туындыларының гидролизі арқылы: (көмірсутектердің галоген туындылары тақырыбында қарастырылған) екі галоген де шеткі көмертек атомында орналасқан болса, альдегид түзіледі, ал ортадағы көміртек атомында болса – кетондар түзіледі:






  1. Ацетилен және оның гомологтарын гидратациялағанда (сынап(ІІ) тұздары қатысында сірке альдегиді (Кучеров реакциясы) және кетондар түзіледі:






5. Техникада альдегидтерді СО және Н2 олефиндерге тура қосып алады (оксосинтез), қысым(100-200атм) кобальт не никель катализаторы қатысында



6. Карбон қышқылдары тұздарының термиялық айрылуы реакциясы. Құмырсқа және басқа карбон қышқылдары тұздарының қоспасын термиялық айырғанда альдегидтер алынса, ал басқа қоспалардан кетондар түзіледі:



кальций ацетоформиаты

этаналь



кальций ацетаты

пропанон

Құмырсқа альдегиді (формальдегид) НСОН - түссіз, өзіне тән өткір иісті газ, улы, тыныс жолдарына, көзге өте әсер етеді. Суда жақсы ериді. 40 пайызды ерітіндісі формалин деп аталады. Өндірісте формальдегидті екі әдіспен алады: метанды толық емес тотықтырып және метанолды дегидрлеп (650-700С температурада және күміс катализаторы қатысында). Формальдегидті аммиакпен қосып аздап қыздырса, алғаш рет А.М.Бутлеров синтездеген гексаметилтетраамин (уротропин) алынады.


6 СНОН + 4 NH3  6H2O + (CH2)6N4



Уротропин көп жағдайда фенолформальдегидті шайыр алу үшін, қопарылғыш заттар алу үшін, формальдегид полимері – параформ - құрғақ жанғыш зат алуға қолданылады. Сірке альдегиді - өткір иісті сұйық зат, өндірісте сірке қышқылын алуға қолданылыды.
Ацетальдегид полимерленіп паральдегид түзеді, ол синтетикалық каучук алуда қолданылады. Ацетон – түссіз, өзіне тән иісі бар сұйық зат. Суда және көптеген органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Еріткіш ретінде бояу өндірісінде, ацетат жібегін алуға, қопарылғыш зат алуға қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет