Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


- тәжірибе. Диэтил эфирін алу



бет211/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

1- тәжірибе. Диэтил эфирін алу
Жұмыс барысы: Құрғақ пробиркаға 0,5мл-ден этанол және концентрлі күкірт қышқылдарын құйып, қоспаны абайлап қоңыр ерітінді түзілгенге дейін қыздырады да ыстық қоспа үстіне абайлап тағы 0,5мл этил спиртін қосады. Реакция теңдеулерін жазу керек. Диэтил эфирінің түзілгенін қалай анықтауға болады?
2 – тәжірибе. Жай эфирлердің айрылуы
1-ші тәжірибе нәтижесінде алынған жай эфирді пробиркаға құйып, үстеріне 2 мл-дей натрий гидроксидінің ерітіндісін қосу керек. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазу керек.
Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар
1. Жай эфирлердің номенклатурасы. 2-метоксибутан, этилизопропил эфирі, метоксиэтан эфирі формулаларын жазу керек.
2. Этил эфирі түзілген кезде реакция қандай аралық сатылар арқылы жүреді?
3. Неге реакцияны аздап қыздыру арқылы жүргізеді? Бұл реакцияда қандай қосымша өнімдер түзілуі мүмкін?
4. Реакция өнімінің құрамына этил спирті мен күкірт қышқылының қатынасы әсер ете ме?
5. Этил эфирінің қолданылуы.
Спирттер, жай эфирлер тақырыбына есептер мен жаттығулар


1. Изомерия және номенклатура
1.1. С4Н10О спирт изомерлерінің (4 изомер) формулаларын жазып, а) радикалды-функционалды; б) халықаралық; в) рационалды номенклатуралар бойынша атау керек.
Біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттерді көрсету керек.
1.2. С5Н11ОН спирт изомерлерін (8 изомер) жазу керек, біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттерді көрсетіп, халықаралық жүйелік номенклатура бойынша атау керек.
1.3. а) 2-метил-3-гексанол; б) 3-метил-3-гексанол; в) 3-этил-3гексанол; г) 2,2,3,4-тетрамитил-3-пентанол; д) 2,2,3,4,4-пентаметил-3-гексанол структуралық формулаларын жазу қажет.
1.4. а) 1,2-этандиол (этиленгликоль); б) 1,1-этандиол; в) 1,3-пропандиол екі атомды спирттердің формулаларын жазу керек.
1.5. а) 1,2,3-пропантриол; б) 1,1,1-пропантриол үш атомды спирттердің формулаларын жазу керек.
1.6. С4Н8О қанықпаған спирттердің (8 изомер) изомерлерін жазып, аттарын атау қажет. Спирттердің изомерлену кестесін жазу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет