Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет248/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   271
Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Изомерия, номенклатура, мысалдар келтіру керек.


2. Физикалық, химиялық қасиеттері.
3. Алу, қолданылуы.
4. Мына қосылыстардың структуралық формулаларын келтіру керек: крезол, анизол, 2-изопропил-5-метилфенол (тимол), резорцин.
5. Бір, екі, үш атомды фенолдардың қолданылуы.

13 Зертханалық сабақтың тақырыбы


Фенолдың қосылыстарын алу және қасиеттерін зерттеу


Жұмыстың мақсаты: фенолдың қосылыстарын алу, фенолдың қасиеттерін зерттеу
Реактивтер: 5% фенол ерітіндісі, 5% м-крезол ерітіндісі, 5% п-крезол ерітіндісі, 5% темір(3) хлорид ерітіндісі, бромды су, 5% натрий нитриті, коцентрлі күкірт қышқылы, 2н натрий гидроксиді ерітіндісі, 2н натрий карбонаты, 2н күкірт қышқылы, 2н натрий гидрокарбонаты, гидрохинон, пирокатехин, 10% темір(3)хлориді ерітіндісі, пирогаллол.
Құрал-жабдықтар: пипетка, пробирка, газ шығарғыш түтігі бар тығын, химиялық стакандар
1-тәжірибе. Фенолдардың қасиеттерін зерттеу
Реактивтер мен жабдықтар: Пробиркалар, спирт шамы, 1% фенол ерітіндісі, концентрлі НNO3, 10% NaOH ерітіндісі, 1% ҒеСl3 ерітіндісі, 10% HCl ерітіндісі, кристалдық фенол.
а) Натрий фенолятын алу
Жұмыс барысы: Аздаған кристалдық фенолды 10% NaJ(NaOH ерітіндісінде) ерітеді. Натрий феноляты алынады. Оған 10% HCl ерітіндісінің 1мл қосады. Ерітінді майланады, ол бос күйінде фенол түзілгенін көрсетеді.
Ерітіндінің сыртқы түрі қалай өзгереді? Неліктен ерітінді түссізденеді? Фенол мен сілті арасындағы реакция теңдеуін жазыңдар. Фенол мен бір атомды спирттің сілтіге қатынасы арасындағы қандай айырмашылық бар?
ә) Фенолды нитрлеу реакциясы
1мл концентрлі азот қышқылына 1мл фенол ерітіндісін қосады және абайлап спирт шамымен қайнағанша қыздырады. Салқындатқаннан кейін пикрин қышқылының сары кристалдары түскенін бақылайды.
1. Реакция механизмін түсіндіріндер.
2. Реакция теңдеуін жазыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет