Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Гетероқосылыстардың негізгі қасиеттерін зерттеу



бет256/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   271
Гетероқосылыстардың негізгі қасиеттерін зерттеу


Жұмыстың мақсаты: пиридиннің кейбір қасиеттерін тәжірибе арқылы зерттеу.
Реактивтер мен жабықтар: пиридин, темір(ІІІ) хлориді, калий перманганатының (1%-тік) ерітіндісі, (1%-тік) соды ерітіндісі, пикрин қышқылы, пробиркалар, лакмус қағазы, спирт шамы.
1-тәжірибе. Пиридинің суда ерігіштігі
Жұмыс барысы: Пробиркаға 1 тамшы пиридин және 5 тамшы су құяды. Түзілген түссіз ерітіндіге лакмус қағазын салғанда, қағаз көк түске боялады. Лакмус қағазының көгеруі, пиридиннің сумен қосылып, диссоциацияланатын гидроксил ионын түзуінен болады, теңдеуін жазу керек.
2-тәжірибе. Пиридиннің тотықтырғышқа тұрақтылығы
Жұмыс барысы: Пробиркаға 1 тамшы пиридин ерітіндісін, 1 тамшы калий перманганатының 1%-тік ерітіндісін, 1 тамшы 1%-тік соды ерітіндісін құяды. Пробиркадағы қоспаны шайқап, 1-2 минут қайнатады. Қоспаның түсі өзгермейді. Соған қарағанда пиридин бензол сияқты тотығуға тұрақты келеді.
3-тәжірибе. Пиридиннің темір (ІІІ) хлоридімен әрекеттеседі.
Жұмыс барысы: Пробиркадағы 5 тамшы пиридин ерітіндісіне 3 тамшы темір(ІІІ) хлоридінің ерітіндісіне тамызады. Пробиркада қоңыр қызыл түсті тұнба түзіледі, реакция теңдеуін жазу керек.
4-тәжірибе. Пиридин пикратын алу.
Жұмыс барысы: Пробиркаға 3мл пикрин қышқылын құйып, үстіне 0,5мл пиридин ерітіндісін қосады. Қоспаны 3-5 минутқа қояды. Пробиркада әдемі түсті пиридин пикратының ине тәрізді кристалдары түзіле бастайды.
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1. Пиридиннің судағы және органикалық заттардағы ерігіштігі туралы түйін жасаңыздар.
2. Пиридиннің темір(ІІІ) хлоридімен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңыздар.
3. Пиридиннің тотықтырғыштарға тұрақтылығы неге негізделген?
4. Пиридин мен пикрин қышқылының әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңыздар.
5. Пиридинді алу жолдарын көрсетіңіздер.
6. Пиридинді сутегімен тотықсыздандырудың реакция теңдеуін жазыңыздар. Түзілген затты атаңыздар.
7. Келесі қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңыздар:
а) 2,5-диметилфуран; ә)2-хлорфуран; б)2,5-диметилпиррол; в)2-аминпиридин
8. Реагенттің бір молекуласымен жүретін реакция теңдеуін жазу керек: а) фуранды хлорлау; б) тиофенді сульфирлеу; в) тиофенді нитрлеу. Алынған қосылыстардың атын атау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет