Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Гетероциклді қосылыстар тақырыбына есептер мен жаттығулар



бет257/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Гетероциклді қосылыстар тақырыбына есептер мен жаттығулар

1. а) β,β1-диметилтиофеннің; б) α,α1-диметилфуранның; в) α-этилпирролдың; г) N- метилпирролдың; д) N- этилпирролдың формулаларын жазып, әріптерді цифраларға ауыстырып, қосылыстарды атау қажет.


2. а) фуранды; б) 2-этилфуранды; в) тиофенді; г) α,α1- диметилтиофенді;
д) β,β1-диэтилпирролды; е) 2,3-диметилпирролды гидрлеу реакцияларының теңдеулерін жазып, түзілген қосылыстарды атау қажет.
3. Фурфуролға (2-фуральдегид) мына реакциялар теңдеулерін жазу керек: а) тотығу; б) альдегид тобының тотықсыздануы, түзілген қосылыстарды атау керек.
4. α- пиранның; б) γ-пиранның; в) тетрагидропирранның формулаларын жазу керек.
5. а) β-метилпиридиннің; б) α-метилпиридиннің; в) α,α1-диметилпиридиннің тотығу реакциясының теңдеулерін жазу керек. Түзілген заттарды атау керек.
6. а) пиридинді; б) α- метилпиридинді; в) 2,4-диметилпиридинді толық гидрлеу реакцияларының теңдеулерін жазу керек. Түзілген қосылыстарды атау керек.


КӨМІРСУЛАР
Жалпы мәліметтер, құрылысы

Көмірсулар табиғатта өте кең таралған және адам өмірінде аса маңызды роль атқарады. Олар қоректі заттардың құрамына кіреді, адамға қажетті энергия негізінен осы көмірсулармен толтырылады.


Ақуыздың биосинтезіне және тұқым қуалау қасиеттерінің берілуіне қажетті нуклеин қышқылдары осы көмірсулардың туындыларынан құралған. Әсіресе көмірсулар туындыларының фотосинтез процесінде маңызы зор.
Фотосинтез процесі деп қарапайым заттардан (Н2О және СО2) күн сәулесінің энергиясын пайдаланып жасыл пигмент хлорофильдің қатысуы арқылы көмірсулардың түзілуін айтады.
Фотосинтездің сызба нұсқасы:

Реакция нәтижесінде түзілген глюкоза өсімдік организмінде түзілетін басқа заттардың (крахмал, май) негізі болып табылады.


Барлық өсімдіктер әлемінде жүріп жатқан фотосинтез процесінің үлкен экологиялық маңызы бар. Себебі жер шарының өсімдіктері 550 млрд тонна СО2 сіңіріп, 400 млрд тонна оттегіні бөліп шығарады.
Кейбір көмірсуларды химиялық жолмен өңдеу арқылы маталар, қопарылғыш заттар және т.б. алады.
Көмірсулардың жалпы формуласы: СmH2nOn, олардың қасиеттері оксиальдегидтер мен оксикетондарға жуық. Өсімдіктердің құрғақ заттарының 80%, жануарлардың 20 % көмірсулар үлесіне тиеді.
Көмірсулар негізінен үш топқа бөлінеді: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет