3. Алу жолдары
3.1. Крахмалдың фотосинтез реакциясының теңдеулерін жазу керек.
3.2. Картоптн крахмал алу сатыларының теңдеулерін жазу керек.
3.3. Глюкозаны өндірісте алу әдістерін көрсету керек.
3.4. Целюлозаны алудың негізгі көздері.
3.5. 95% целлюлозасы бар 0,4кг мақтадан 0,19кг глюкоза алынған. Глюкозаның шығымын есептеу керек. Есептерді целлюлозаның бір элементар буынына есептеу керек.
3.6. Егер картоптағы крахмал 20% болса, глюкозаның шығымы 80% болса, 25кг картоптан қанша глюкоза алынады?
Органикалық химия
9-шы аптада оқу-әдістемелік материалда көрсетілген жазбаша тапсырмаларды әр студент өзіне тиісті номер бойынша алады 14-шi апталарда берілген тапсырмаларды сағат 18.00 дейін өткізеді(2МБ). 7 варианттан 6 тапсырма
№1
1. С6Н14 көмірсутектің изомерлерінің структуралық формулаларын жазып,
әр изомерді жүйелік номенклатура бойынша атау керек:
а) қалыпты құрылысты; б) екі үшіншілік көміртегі атомдары болса;
в) төртіншілік көміртегі атомы болса;
г) бір үшіншілік көміртегі атомы болатын 2 изомер
2. а) изобутанда; б) 2-метилбутанда бір сутегі атомын хлорға ауыстырса,
реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек, түзілген монотуындыларды атау керек
3. 11,2 литр пропанды жаққанда түзілген СО2 газын жұту үшін тығыздығы 1,09 г/см3 8%-ті натрий гидроксидінің (қышқыл тұз түзілсе) қандай көлемі қажет? Жауабы: 688мл
№2
1. Келесі көмірсутектердің структуралық формулаларын жазу керек:
а) 2,2-диметилгексан; б) 2,3-диметил-3-этилгексан; в) 2,3,4-триметилпентан;
г) 2,5-диметил-3,3-диэтилгексан.
2. а) изобутанға; б) 2-метилбутанға азот қышқылымен әсер еткенде түзілген нитроқосылыстарды атап, реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек
3. 1,12г алкенді түссіздендіру үшін хлороформдағы 40%-ті 8г бром ерітіндісі қажет болған. Алкеннің молекулалық массасын анықтап, барлық изомерлерінің структуралық формулаларын жазу керек.
№3
1. а) С5Н12 (5 изомер) б) С4Н8 (3 изомер) көмірсутектері үшін формулаларды жазып, жүйелік номенклатура бойынша атау керек.
2. Қалыпты құрылысы С21Н44 болатын көмірсутегінің
а) жану реакциясының теңдеуін оттегі артық мөлшерде б) карбон қышқылдарын (мүмкін болатын реакциялардың біреуін) алу реакциясының (тотықтырғыш жетпеген жағдайда) теңдеуін жазу керек
3. 12,5мл абсолютті этил спиртінен (ρ = 0,8 г/см3) дегидратацияланғанда 3л этилен түзілген болса, этиленнің шығымын есептеу керек
№4
1. Мына көмірсутектердің структуралық формулаларын жазу керек:
а) 3,4-диметил-3-гексен; б) 2-метил-3-этил-2-пентен; в) 2,5-диметил-3-гексен; г) 2,5-диметил-2-гексен д) 2,3-диметил-1-пентен. Қай көмірсутекте геометриялық изомер болады?
2. 0,1моль қаныққан көмірсутекті жағу үшін 56л ауа (қ.ж.) жұмсалған болса (ауадағы оттегі мөлшері 20%), осы көмірсутектің структуралық формуласын жазу керек. Жауабы: С3Н8
3. а) 2-метил-2-иодпропан; б) 2-бромбутан галогентуындылар натрий металымен әрекеттескенде түзілетін заттардың аттарын атап, реакция теңдеулерін жазу керек (Вюрца синтезі бойынша).
№5
1. 0,048кг метан және 0,042м3 (қ.ж.) этаннан тұратын қоспаны жағу үшін қажет оттегі көлемі қанша?
2. Бром сутектің пропенге; б) хлорсутектің 2,4,4-триметил-2-пентенге қосылу реакцияларының теңдеулерін жазып, әр реакцияны түсіндіріп, түзілген заттарды атау керек
3. а) этенге; б) 2-метил-2-бутенге концентрлі күкірт қышқылының қосылу реакцияларын жазып, түзілген заттарды атау керек
№6
1. 1л этан жанғанда түзілген көмір қышқыл газын жұту үшін 12% -ті
(ρ = 1,1 ∙10-3 кг/м3) калий гидроксидінің қандай көлемі қажет?
2. 28,8г қаныққан монокарбон қышқылының натрий тұзын натрий гидроксидінің артық мөлшерімен балқытқанда шығымы 79%-болатын 4,63л газ (қ.ж.) бөлінген. Қандай газ бөлінгенін анықтау керек
3. 2-метил-1-пропенге; б) 2-метил-2-пентенге; в) 4-метил-2-пентенге судың қосылуын көрсетіп, түзілген заттарды атау керек
№7
1. 1моль қаныққан көмірсутекті жаққанда 22,4л көмір (IV) оксиді (қ.ж.) және 36г су түзіледі. Осы газдың 1л көлемін жаққанда қанша көлем ауа
қажет, газдың формуласын табу керек.
2. а) 4,4-диметил-2-пентеннің; б) 3-метил-2-бутеннің сілтілік не бейтарап ерітінділерде калий перманганатымен тотығу реакцияларының теңдеулерін жазу керек (Е.Е.Вагнер реакциясы), алынған заттарды атау керек
3. Пентен-2 хлороформда ерітілген. Осы ерітіндіге бром жіберілген. Бромдаған кезде 46г 2,3-дибромпентан түзілген болса, ерітіндіде қанша пентен болған?
№1
1. Құрамы а) С5Н8; б) С4Н6 алкиндердің барлық изомерлерін жазып, аттарын атау керек
2. Мына өзгерісті жүзеге асыру керек.
СН3-СН = СН-СН3 → СН3-СНВг-СНВг-СН3 → СН3-С≡ С-СН3
Осы кестені пайдаланып, қай алкеннен а) 4-метил-2-пентен; б) 2-метил-2-пентен; в) 2-метил-1-гексен алкин алуға болатынын көрсету керек
3. а) 1,4-пентадиенге; б) 2-метил-1,4-пентадиенге; в) 1,5-гексадиенге; г) 3,3-диметил-1,4-пентадиенге бромның бір молекуласының қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек. Түзілген заттарды атау керек. Осы заттарға сутегінің сатылап қосылу реакциялары теңдеулерін жазып, алкендер мен алкандарды атау керек
№2
1. Мына көмірсутектердің структуралық формулаларын жазу керек: а) 4,4-диметил-2-пентин; б) 3-метил-1-пентин; в) 2,6-диметил-3-гептин; г) 2,2,5,5-тетраметил-3-гексин
2. Мына галогентуындыларға а)1,1-дибромбутанға; б) 4-метил-1,2-дихлорпентанға; в) 2,2-диметил-3,3-дибромпентанға; г) 3,4- дииодгексанға сілтінің спирттегі ерітіндісімен әрекет етіп, алкиндер алу теңдеулерін жазып, алынған заттарды атау керек
3. 0,24м3 96-процентті этил спиртін (ρ = 800 кг/м3) 90%- ті шығыммен дегидратациялап, дегидрлеп қанша масса бутадиен алуға болады?
№3
1. Көмірсутектердің сатылы гидрленуінің реакциялар кестелерін жазып: а) 3-метил-1-бутиннің; б) 2,5-диметил-3-гексиннің және түзілген көмірсутектерді атау керек
2. 1 моль ацетиленді жаққанда 1350кДж жылу бөлінеді. 9т суды айыру үшін қажет жылу алу үшін қанша көлем қ.ж. ацетиленді жағу керек? Судың айрылу реакциясының жылу эффектісі 572кДж/моль.
3. С5Н8 диенкөмірсутектің барлық изомерлерін жазып, аттарын атау керек
№4
1. Мына реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіп:
а) 1- бутинге бромның әсерін; б) 2-бутинге хлор әсерін; в) бромның диизопропилацетиленге әсерін, түзілген қосылыстарды атау керек. Еселік байланысқа сапалық реакцияны көрсету керек
2. Ацетиленді гидрлегенде 96г эквимолярлы этан мен этеннің қоспасы түзілген болса, қанша масса ацетилен реакцияға түскен?
3. а) 1,4 -дихлорбутаннан; б) 4-метил-1,5-дибромгексаннан сілтінің спирттегі ерітіндісімен әрекет ету арқылы диен көмірсутектерін алу реакция теңдеулерін жазу керек
№5
1. Мына алғашқы заттарды а)ацетилен; б) 1-бутин; в) 4,4-диметил-1-пентин алып, алкиндердің гидратация және галоген сутек қосылу реакцияларын жазу керек. Алынған заттар органикалық заттардың қай кластарына жатады?
2. 1моль ацетиленді жаққанда 1350кДж жылу бөлінген болса, 2м3 ацетиленді жаққанда қанша жылу бөлінеді?
3. а) бутанды; б) 2-метилбутанды; в) 2,3-диметилбутанды дегидрлеп диен көмірсутектерін алу, ортада түзілген және соңғы түзілген заттардың атауы
№6
1. Ацетиленге мына заттардың а) күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісінің; б) металл натрийдің; в) тетрааммин мыс (II) хлоридінің аммиактағы ерітіндісінің әсерінен ацетиленидтер түзілу реакцияларының теңдеулерін жазу керек
2. 1 моль ацетиленді жаққанда 1350кДж жылу бөлінеді. 9т суды айыру үшін қажет жылу алу үшін қанша көлем қ.ж. ацетиленді жағу керек? Судың айрылу реакциясының жылу эффектісі 572кДж/моль
3. а) изопренге; б) 2,3-диметил-1,3-бутадиенге бір молекула броммен әсер еткенде қандай дибромтуын түзілуі мүмкін. Алынған қосылыстардың аттарын атау керек
№7
1. Күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі арқылы ацетиленді өткізгенде, сутегісі жоқ қопарылғыш зат түзілген болса, қосылыстың структуралық формуласы қандай? Егер өнім шығымы 80% болса, 0,024кг реакция өнімі түзілу үшін қанша көлем (қ.ж.) ацетилен керек?
2. 200г техникалық карбидтен 67,2л ацетилен алынса, карбидте қанша қоспа болғаны?
3. а) 1,3-пентадиенге; б) 2,4-гексадиенге; в) 2-метил-2,4-пентадиенге бромның бір молекуласының 1,4-қосылу типі бойынша жүрген реакция теңдеулерін жазып, қосылыстарды атау керек
№1
1. Мына қосылыстардың а) С3Н7I; б) С4Н5Сl; в) С4Н7Сl галогендердің орналасуына және көміртек скелетіне байланысты изомерлерін жазып аттарын атау керек
2. 112см3 қаныққан көмірсутекті радикалды механизм бойынша хлорлағанда түзілген хлорлы сутекті бейтараптау үшін 7,26мл натрий гидроксиді (10%-ті, ρ = 1,1г/мл ерітіндісі) жұмсалған. Алғашқы көмірсутектегідегі сутегінің неше атомы хлорға ауысқанын есептеу керек
3. Тығыздығы 0,88г/мл 22,17мл бензолдан бромбензол алынғанда бөлінген газды 4,48л изобутиленмен әрекеттестірген. Қандай заттар түзіледі және олардың массалары қанша болады, егер бромбензол шығымы теориялықпен салыстырғанда 80% болса, изобутиленмен реакция 100% жүрсе.
№2
1. Мына заттардың а) этиленнің; б) пропиленнің; в) гексеннің монобромтуындыларының формулаларын жазу керек. Бромды винил мен бромды аллилді көрсету керек
2. Мына моногалогентуындыларға а) 3-метил-1-хлорбутанға, б) 3-метил-2 бромгексанға; в) 2,5-диметил-3-хлорпентанға сілті ерітіндісімен әсер етіп, гидролиз реакциясының теңдеуін жазу керек, түзілген қосылыстар қай кластарға жатады?
3. Бензол қатарының көмірсутектерін каталитикалық дегидрлеу арқылы а) циклогександы; б) циклогексенді; в) 1,4-диметилциклогександы алу керек. Алынған заттарды атау керек
№3
1. Мына заттардың формулаларын жазу керек: а) 4-метил-5 бром-1-гептеннің; б) 3-метил-2-хлор-1-гептеннің; в) 2-хлор-1,3-бутадиеннің; г) 5-иод-1,3-пентадиеннің. Хлорпренді көрсету керек
2. Дигалогентуындылардың сілтілік гидролизінің теңдеуін жазу керек: а) 2-метил-1,4-дибромбутанның; б) 2,2-диметил-1,3-дихлорпропанның.
Алынған заттар қай кластарға жатады?
3. 67,2л ацетиленнен (қ.ж.) а) шығымы теориялыққа тең; б) шығымы 25% болса, неше грамм бензол алынады?
№4
1. 6,45г газтәріздес галогеналкандарды жаққанда 4,48л көмірқышқыл газы мен 2,24л хлорлы сутек (қ.ж.) түзілген. Белгісіз заттың қ.ж. тығыздығы 2,879 г/л. Заттың молекулалық формуласын анықтау қажет
2. а) триметилбензол; б) тетраметилбензол; в) метилдиэтилбензол қосылыстары изомерлерінің структурасын жазып, атау керек
3. 117г бензол 280г броммен әрекеттескенде 157г бромбензол түзілсе, ол теориялық шығымның неше пайызын құрайды?
№5
1. а) хлорлы винилдің; б) 2-хлор-1,3-бутадиеннің (хлорпрен) полимерлену реакциясының кестесін жазу керек. Түзілген полимерлер қалай аталады?
2. Ароматты көмірсутектерді көрсетіңдер С2Н4; С2Н2; С6Н6; С2Н6; С6Н4(СН3)2; С6Н5СН3? Аттарын жазу керек
3. Бензолға қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек: 2) бромның үш молекуласының қосылуы; б) хлордың үш молекуласының қосылуы; в) толық гидрленуінің. Бұл реакциялар жүруінің жағдайларын көрсетіп, алынған заттарды атау керек
№6
1. Этиленнен; б) ацетиленнен хлорлы винилді алу реакцияларының теңдеулерін жазу керек
2. С7Н7Сl қосылысының барлық изомерлерінің формулаларын жазып, аттарын атау керек
3. Толуолды бромдау реакциясының теңдеуін (монобромалмасқан қосылыс түзілген) а) катализаторсыз, қыздырып; б) катализатор ретінде темір не алюминий алып, жазыңдар. Алынған заттарды атаңдар
№7
1. Мына өзгерістерді жүргізетін реакциялар теңдеулерін жазу керек.
2. Бензол үшін реакциялар теңдеулерін жазып, реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіңдер (бір ғана алмасу болған туындылары түзілуі керек): а) сульфирлеу; б) нитрлеу; в) бромдау; г) хлорлау. Түзілген қосылыстарды атау керек
3. 1т гексахлоран (гексахлорбензол) алу үшін қанша циклогексан және хлор (массалары бойынша) алу керек? Гексахлоранның структуралық формуласын жазып, ондағы хлордың пайызды мөлшерін көрсету керек
№1
1. С4Н10О спирт изомерлерінің (4 изомер) формулаларын жазып, а) радикалды-функционалды; б) халықаралық; в) рационалды номенклатуралар бойынша атау керек.Біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттерді көрсету керек
2. 9,2г натрий 100мл этил спиртімен (96%-ті, ρ = 0,8г/мл) әрекеттескенде қанша көлем (қ.ж.) сутегі бөлінеді?
3. С7Н8О сәйкес барлық фенолдар мен ароматты спирттердің формулаларын жазып, аттарын (тривиалды атауларды) атау керек
№2
1. С5Н11ОН спирт изомерлерін (8 изомер) жазу керек, біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттерді көрсетіп, халықаралық жүйелік номенклатура бойынша атау керек
2. 15,5г қарапайым екі атомды спирт алу үшін (реакция шығымы 50%) калий перманганаты ерітіндісі арқылы қандай және қанша көлем (қ.ж.) газ тәріздес органикалық затты өткізу керек?
3. 39 т бензолдан егер өндірістік шығыны 10% болса, қанша фенол алуға болады?
№3
1. а) 2-метил-3-гексанол; б) 3-метил-3-гексанол; в) 3-этил-3гексанол; г) 2,2,3,4-тетрамитил-3-пентанол; д) 2,2,3,4,4-пентаметил-3-гексанол структуралық формулаларын жазу қажет
2. 0,24м3 этил спиртін (96%-ті, ρ=800кг/м3) дегидрлеп, дегидратациялап шығымы 90% болатын бутадиеннің қанша массасын алады?
3. 19 г метил спирті мен фенол қоспасын бром суымен әрекеттестіргенде 33,1г тұнба пайда болған. Алынған қоспадағы метил спиртінің массалық үлесін (%) анықтау қажет
№4
1. а) 1,2-этандиол (этиленгликоль); б) 1,1-этандиол; в) 1,3-пропандиол екі атомды спирттердің формулаларын жазу керек
2. 2г глицеринге натрий металымен әрекет етсе, максимал қанша көлем (қ.ж.) сутегі бөлінеді?
3. Массалық үлесі 5% 300г фенол ерітіндісі натрий гидроксидімен толық реакцияға түскен. Түзілген натрий фенолятінің массалық үлесін (%) ерітіндідегі анықтау керек
№5
1. а) 1,2,3-пропантриол; б) 1,1,1-пропантриол үш атомды спирттердің формулаларын жазу керек
2. Галогентуындылардың гидролизі әсерінен мына спирттердің түзілуінің: а) 1,3-пропандиол; б) 2-метил-1,4-бутандиол реакция теңдеулерін жазу керек
3. Этил спиртіндегі фенол ерітіндісіне натрий металымен әрекет етсе, 6,72л қ.ж. газ бөлінеді, ал дәл осындай мөлшердегі қоспаға бром суымен әсер еткенде 16,55г тұнба түзілген болса, фенолдың спирттегі ерітіндісінің сандық құрамын анықтау қажет
№6
1. С4Н8О қанықпаған спирттердің (8 изомер) изомерлерін жазып, аттарын атау қажет. Спирттердің изомерлену кестесін жазу керек
2. С8Н10О сәйкес фенолдар формулаларын, бензол сақинасына бір алкил радикалын енгізіп жазып, аттарын атау керек
3. Егер 47% ыстық судағы 50г фенол ерітіндісін 5% бромы бар 50г бром суымен араластырса, қанша грамм реакция өнімі түзіледі?
№7
1. Пропил спирті мен изопропил спиртінің а) натриймен; б) кальциймен реакция теңдеулерін жазу керек, алынған заттардың аттарын атау қажет
2. Мына этилен қатарының көмірсутектерін гидратациялап, спирт алу қажет: а) 2-метил-2-пентенді; б) 4-метил-2-пентенді. Алынған спирттердің аттарын атау керек
3. 2%-ті 20кг карбол қышқылының ерітіндісін дайындау үшін қанша масса фенол алу қажет? Осындай ерітінді қандай мақсаттарда қолданылады?
№1
1. Мына альдегидтердің формуласын жазу керек: а) гексаналь; б) 2-метилгексаналь; в) 2,3-диметилпентаналь; г) 3,3-диметилбутаналь
2. 2л 36%-ті тығыздығы 1,11∙103 кг/м3 болатын формалин алу үшін қанша литр қ.ж. формальдегид алу қажет?
3. Мына қышқылдарды халықаралық жүйелік номенклатура бойынша атау қажет: а) СН3-СН2-СООН; б) СН3-(СН3)2СООН;
в) СН3-СН2-СН(СН3)СООН; г) СН3-СН2-СН(СН3)-СН(СН3)СООН
Алғашқы екі қышқылдың тривиальды аттарын атау керек
№2
1. С6Н12О кетондарының формуласын (6 изомер) жазып, аттарын атау қажет.
2. 15г этан, формальдегид және фенол қоспасына күміс (I) оксидінің аммиактағы ерітіндісін қосқанда 21,6г күміс бөлінген. Осындай мөлшердегі қоспаға бром суын қосқанда 33,1г ақ тұнба түзілген. Алғашқы қоспаның сандық құрамын анықтау керек
3. Мына заттар арасындағы реакция теңдеулерін жазу керек: а) пропион қышқылы мен натрий гидроксиді; б) май қышқылы мен натрий карбонаты;
в) валериан қышқылы мен кальций гидроксиді; г) изомай қышқылы мен кальций карбонаты; д) сірке қышқылы мен алюминий гидроксиді
№3
1. Қанықпаған альдегидтер мен кетондар а) С4Н6О; б) С5Н8О формулаларын жазып, халықаралық жүйелік номенклатура бойынша атаңдар. Кротон альдегиді мен метилакрил альдегидін көрсету керек
2. 3г метил спиртін тотықтырып алған формальдегидті 150г суда еріткенде, алынған ерітінді концентрациясы нешеге тең?
3. Мына заттарды дегидратациялап ангидрид түзілуінің кестесін жазу керек:а) пропион қышқылының: б) капрон қышқылының; в) 3-метилбутан қышқылының; г) май және сірке қышқылдарының қоспасының; д) пропион және изомай қышқылдарының қоспасының. Түзілген ангидридтерді атау керек.
№4
1. Негізгі тізбекте төрт көміртегі атомы болатындай етіп, мына қосылыстан С6Н12О альдегидтердің структуралық формулаларын жазып, аттарын атау керек.
2. Фенолформальдегид шайырын алу үшін 94кг фенол жұмсалған.
Егер фенол, формальдегид және аммиак қатынастары 1: 1:13 болса, қанша 40%-ті формалин және 25%-ті аммиак ерітіндісін алу қажет?
3. 10%-ті 200мл (ρ = 1,104г/мл) сірке қышқылы ерітіндісіне 5%- ті 100г натрий гидроксидінің ерітіндісін қосқан соң қалған сірке қышқылы 2г ізбесті ерітуге жете ме?
№5
1. Келесі қанықпаған альдегидтер мен кетондардың формулаларын жазу керек: а) пропеналь; б) 1,5-гексадиен-3-он; в) 2,7-диметил-2,6-октадиеналь. Бұл қосылыстардың тривиальды аттары цитраль; акролеин; винилаллилкетон. Қай атау қай қосылысқа сәйкес келеді?
2. 300г 40%-ті формалин ерітіндісін алу үшін 216 мл (ρ = 0,79г/мл) метанолды тотықтырған болса, метанолдың қолданылу пайызы қанша?
3. 8%-ті 500г құмырсқа қышқылында әлде 10,5%-ті 500г сірке қышқылында еріген зат молекуласы көп?
№6
1. Альдегидтер а) май альдегидін; б) 3-метилбутанальін; в) 2-метил-3-пентанонды; г) ацетонды каталитикалық гидрлеу реакция теңдеулерін жазып, қосылыстарды атау керек
2. Егер шығымы 90% болса, 89,84мл 96%-ті этанолды (ρ = 0,8г/мл) тотықтырғанда ацетальдегидтің неше молі, массасы(грамм) және молекуласы түзіледі?
3. Егер альдегидтің тотығуы 95% болса, өндірістік шығын 10% болса, 1т сірке қышқылын алу үшін қанша ацетилен қажет?
№7
1. С5Н10О қосылысы күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен әрекеттеспейді, ал каталитикалық гидрлегенде диэтилкарбинол түзілсе, құрылысы қандай екенін анықтау керек
2. 2кг 40%-ті формалин алу үшін метил спиртін тотықтыруға қанша көлем (қ.ж.) оттегі жұмсалады?
3. 42г бір негізді органикалық қышқылға 36,3мл 20%-ті (ρ = 1,1г/см3) натрий гидроксидін қосқан, сосын натрий гидрокарбонатының концентрлі ерітіндісінің артық мөлшерін қосқан, сонда 11,2л (қ.ж.) газ бөлінген. Алынған органикалық қышқылдың құрылысын анықтап, атын атау керек
№1
1. Құрамы С4Н8О2 болатын күрделі эфирлердің изомерлерін (4 изомер) жазып, аттарын атау керек
2. Цех жылына 13,76т алма эссенциясын (изовалериан изоамил эфирі) шығарады, оған 10,2т изовалериан қышқылы және 8,8т изоамил спирті жұмсалған. 1т эфирге жұмсалған шикізатты санау керек және ол теориялық шығымның қанша пайызы?
3. Ауа бойынша тығыздығы 1,55 болатын, 53,3% көміртегіден, 15,6% сутегіден, 31,1% азоттан тұратын қаныққан аминнің структуралық формуласын жазу керек
№2
1. Ара балына пальмитин қышқылы мен мирицил спиртінің С30Н61ОН күрделі эфирі кіреді, формуласын жазу керек
2. 1т өсімдік майын, құрамында 80% олеин глицериді бар, қатты майға айналдыру үшін қанша көлем (қ.ж.) сутегі қажет?
3. Аланиннің тұз қышқылымен, аммиакпен, калий гидроксидімен, иодты метилмен және этил спиртімен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазу керек.
№3
1. С4Н8О2 формуласына сәйкес екі заттың біреуі натрий карбонатымен көмір қышқыл газын бөліп әрекеттеседі, ал екіншісі әрекеттеспейді, бірақ сілтімен қыздырғанда спирт және тұз түзеді. Осы қосылыстардың структуралық формулаларын жазу керек
2. Қаныққан аминнің 2,36г массасын жаққанда 5,28г көмірқышқыл газы мен 0,448л азот (қ.ж.) түзілген. Аминнің сутегі бойынша (буының) тығыздығы 29,5 болса, оның структуралық формуласын жазу керек
3. 9,2г анилин, фенол, сірке қышқылы және этил спирті қоспасын гександа ерітіп, оған натрийдің артық мөлшерін қосқанда 1,68л газ (қ.ж.) бөлінген. Осындай массадағы (9,2г) қоспаға бром суының артық мөлшерін қосқанда 9,91г ақ тұнба түзілген. Осындай мөлшердегі қоспа 18,5мл ( ρ=1,1г/мл) 11%-ті натрий гидроксидімен әрекеттеседі. Қоспадағы әр заттың процентті мөлшерін анықтау керек
№4
1. Құрамында 85,4% стеарин қышқылы глицериді және 14,6% суы және сабынданбайтын қоспасы бар 10т техникалық майдан сабын шығаратын зауод қанша тонна глицерин алады?
2. Құмырсқа және сірке қышқылдарының 11,2г этил эфирлерінің қоспасын, құрамында 47% сірке этил эфирі бар, гидролиздеу үшін қанша масса 2,8М калий гидроксиді (ρ = 1,13г/мл) ерітіндісі қажет?
3. 15г глицин (аминсірке қышқылы) 91мл 10%-ті натрий гидроксидімен (ρ=1,1г/мл) әрекеттескенде қанша тұз түзіледі?
№5
1. 100м3 бутанды (200С және 101 кПа жағдайында) тотықтырғанда, егер шығымы 65% болса, сонда қанша 90%-ті сірке қышқылын алуға болады?
2. Егер екіншілік аминнің хлорсутекті тұзының құрамында 43,55% хлор болса, оның молярлық массасы қанша?
3. Амин мен амин қышқылын химиялық әдіспен қалай айыруға болады?
а) Аланиндердің екі молекуласы мен б) глициннің екі молекуласының арасындағы реакциялардың теңдеулерін жазу керек
№6
1. Мына күрделі эфирлерді а) сіркебутил эфирі; б) пропилизобутил эфирі;
в) майизопропил эфирі; г) валерианпропил эфирі сумен қыздырғанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек, түзілген заттарды атау керек
2. 25,8г этил спирті мен сірке қышқылын концентрлі күкірт қышқылы, қатысында қыздырғанда 14,08г күрделі эфир түзіледі. Дәл осындай мөлшердегі осы заттар қоспасын толық жаққанда 23,4мл су түзілген. Алғашқы заттардағы әр компоненттің массалық үлесін (%) анықтау керек. Эфирлену реакциясы қандай шығыммен жүргенін есептеу керек
3. 268,8л метиламинді жағу үшін қанша көлем (қ.ж.) ауа қажет? Осы жағдайдан алынған азот 170г аммиак алу үшін жеткілікті ме?
№7
1. 8,9т тристеаратты толық сабындау (гидролиздеу) үшін қанша көлем (ρ = 1220 кг/м3) 20%-ті натрий гидроксиді ерітіндісін алуға болады?
2. Мына күрделі эфирлерді алу керек: а) метилэтил эфирі; б) дибутил эфирі; в) сірке қышқылды изопропил эфирі; Реакция теңдеулерін жазу керек.
3. Құрамы С4Н9О2N амин қышқылдарының (5 изомерлер) структуралық формулаларын жазып, аттарын атау керек
Достарыңызбен бөлісу: |