Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар



бет28/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   271
Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар:
1.Гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін тепе-теңдік константасының теңдеуі;
2.Реакцияның жылу эффектісі мен тепе-теңдік константасының температураға тәуелділік байланысын көрсету керек;
3.Ле-Шателье принципін тепе-теңдіктегі жүйеге қолдану;
4.Гетерогенді тепе-теңдік деген ұғымды түсіндіру;
5.Гомогенді тепе-теңдік деген ұғымды түсіндіру.


Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар

1.Химиялық тепе-теңдік деген не және ол қандай факторларға тәуелді? Ле Шателье принципінің мәні. Неге химиялық тепе-теңдік динамикалық болады?


2.Тепе-теңдік константасы деген не ол қандай шамаларға тәуелді? Неге оның мәні реакция тереңдігін көрсетеді?
3.Неге реакция жылдамдығын , тепе-теңдік константасын есептейтін формулаларға қатты заттың концентрациясы кірмейді?
4.Әр химиялық тепе-теңдік қандай параметрлермен сипатталады? Бір параметрдің өзгерісі қандай өзгерістерге әкеледі?
5.Химиялық реакцияның тепе-теңдік константасының мәнін мына фактор өзгертеді: а. қысым өзгерісі; б. температура өзгерісі; в. катализаторды ауыстыру; г. Реакцияласатын заттардың концентрацияларының өзгерісі.
6.Мына реакция үшін С (графит) + Н2 О ( бу)  СО + Н2 тепе-теңдік константасы бірге тең болғандағы температура мәнін анықтау керек. Н және S температураға тәуелділігін есептемей, мәндерін анықтамадан алу керек . Жауабы 983К.
7.N2 + 3H2  2NH3 ; Н = - 92.4 кДж тепе-теңдіктегі жүйеде қатысатын заттардың концентрациялары CN2 = 3моль/л; СН2 = 9 моль/л;
СNH3 = 4 моль/л болса, анықтау керек а. сутегі мен азоттың алғашқы концентрацияларын; б. температураны көтергенде және в. реакция жүретін ыдыстың көлемін азайтқанда, тепе-теңдік қай жаққа ығысатынын. Жауабы а.5моль/л және 15моль/л; б.солға; в. оңға.
8.Мына теңдеулер үшін тепе-теңдік константаларын жазу керек:
СО + СІ2  СОСІ2 (г) ; SO3 + C  SO2 + 2H2 O (г) ; CaCO3  CaO + CO2
9.Тепе-теңдік константалар мәніне қарап қай жағдайда реакция тереңірек, қай жағдайда азырақ жүретінін анықтау керек: a.СО + СІ2  СОСІ2 (г),
К = 50; b. H+ + HS  H2 S, K = 107; Cd2+ + S2  CdS, K = 71028 .
10.Мына жүйеде СО + СІ2  СОСІ2 (г) мына заттардың алғашқы концентрациялары СО және СІ2 0,28 және 0,09 моль/л болған, мына заттың СО тепе-теңдік концентрациясы 0,20 моль/л болғанда тепе-теңдік константасы қанша болады? Жауабы 40.
11.РСІ5  РСІ3 + СІ2 жүйесінде 500 К температурада тепе-теңдік орнады, реакция барысында РСІ5 концентрациясы 1 моль/л – ден 0,46 моль/л азайды. Осы температурадағы реакцияның Кс және Кр есептеңдер. Жауабы 0,634 моль/л; 2,63 МПа.
12.2НІ  Н2 + І2 реакциясында 448С тепе-теңдік орнады. Осы температурада газдардың тепе-теңдік парциалды қысымдары р(НІ)=4,05104Па, р(Н2 )=7,52104 Па;
р( І2) = 4,36102 Па. Реакцияның Кр және Кс есептеу керек. Жауабы Кр = Кс = 0,02.
13.А + В  С + D реакциясының тепе-теңдік константасы бірге тең. А затының
алғашқы концентрациясы 0,02 моль/л болса, В затының алғашқы концентрациялары 0,02, 0,1 және 0,2 моль/л болғанда А затының қанша пайызы өзгеріске ұшырайды?
Жауабы 50%, 83,3% , 90,9%.
14.2СО + О2  2СО2 Н = - 566 кДж ; 2Н2 + О2  2Н2 О,
Н = - 483,6 кДж; СаСО3  СаО + СО2 , Н = 179 кДж а) температураны төмендетсе , б) қысымды көтерсе; в) температураны көтерсе; г) қысымды азайтса, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?
15.Белгілі бір температурада мына гетерогенді реакцияның
ҒеО + СО  Ғе + СО2 тепе-теңдік константасы 0,5 , көміртегі(ІІ) және көміртегі(ІУ) оксидтерінің алғашқы концентрациялары сәйкесінше 0,05 моль/л және 0,01 моль/л болса, олардың тепе-теңдік концентрациялары нешеге тең болады?
Жауабы 0,04 моль/л; 0,02 моль/л.
16.Мына гомогенді жүйеде 2SO2 + O2  2SO3 көлемді 2 есе азайтса, тура және кері реакциялардың жылдамдықтары қалай өзгереді (санау керек)? Тепе-теңдік ығыса ма?
17. РСІ5  РСІ3 + СІ2, Н = 92,59 кДж тура реакцияны жүргізу үшін
а) температураны; б) қысымды; в) концентрацияны қалай өзгерту керек?
18.Қандай жағдайларда мына реакция 4Ғе + 3О2  2Ғе2О3 үшін тепе-теңдік оксидтің айрылуы жағына ығысады?
19.Н2 + І2  2НІ реакциясының белгілі бір температурада тепе-теңдік константасы 50-ге тең. 1 моль І2 затының 90% -ін НІ затына айналдыру үшін сутегінің қандай мөлшерін алу керек? Жауабы 1,548 моль.
20.Метанол мына реакция нәтижесінде алынады СО + 2Н2  СН3ОН(с),
Н = - 127,8 кДж. Егер а) температураны б) қысымды көтерсе, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?
21.Гомогенді жүйенің N2 + O2  2NO тепе-теңдік константасы К =4,110-4 болса, тепе-теңдік концентрациялары N2 және NO сәйкесінше 0,10 және 0,05моль/л болса, оттегінің тепе-теңдік концентрациясы қанша болады? Жауабы 61моль/л.
22.Гомагенді жүйенің N2 + 3H2  2NH3 тепе-теңдік константасы
К = 0,1 болса, тепе-теңдік концентрациялары Н2 және NН3 сәйкесінше 0,20 және 0,08моль/л болса, азоттың тепе-теңдік және алғашқы концентрацияларын анықтау керек. Жауабы 8 моль/л және 8,04моль/л.
23.С + СО2  2СО Н = + 119,8 кДж, осы гетерогенді жүйедегі тепе-теңдік қалай өзгереді: а) СО2 қосса; б) С қосса; в) температураны көтерсе;
г) қысымды көтерсе; д) катализатор қатыстырса; е) СО-ны жүйеден шығарса?
24.4940С температурада 2NО + O2  2NO2 жүйесінің тепе-теңдік константасы 2,2 болса, NО және O2 заттарының тепе-теңдік концентрациялары сәйкесінше 0,020 және 0,030 моль/л болса, олардың алғашқы концентрацияларын анықтау керек.
Жауабы 0,0251 және 0,0326моль/л.
25.Қайтымды реакция үшін G298 а) 5,714кДж/моль; б) – 5,714кДж/моль болса,
250С температурада тепе-теңдік константасы қанша болады? Жауабы а)0,1; б)10.
26.СО2 + Н2  СО + Н2О,бу егер а) жүйе көлемін арттырса; б) су буы конденсациялана тепе-теңдік қай жаққа ығысады?
27. 2NO2 + О3  N2O5 + О2 , егер а) NO2 концентрациясын көбейтсе; б) О3 концентрациясын көбейтсе; в) N2O5 концентрациясын азайтса;
г) О2 контрациясын арттырса, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?
28. 2NO2  2NО + O2 , Н > 0 азот диоксидінің айрыруын қалай азайтуға болады?
29.Химиялық тепе-теңдік Н2 + Br2  2HBr, газ, осы реакция үшін мына концентрацияларда орнаған: [Br2] = 0,2 моль/л; [НBr] = 0,4 моль/л; [Н2] = 0,2 моль/л; Егер жүйеге 0,2моль/л бром қосылса, осы заттардың жаңа тепе-теңдік концентрациялары қанша болады?
Жауабы [Н2] = 0,16 моль/л; [Br2] = 0,36 моль/л; [НBr] = 0,48 моль/л;
30.Тепе-теңдік константасына катализатор қатысы әсер ете ме?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет