Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет30/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   271
Сұйық ерітінді – еріген заты аз ерітінді.
Қою ерітінді – еріген заты көп ерітінді.
Концентрленген ерітінді - өте қою ерітінділер.
Ерітіндідегі еріген заттың мөлшерін өлшемсіз бірлікпен – үлес не пайызбен, не өлшемді шамамен – концентрациялармен көрсетеді;
Массалық үлес (С) – еріген заттың массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы;
Мольдік үлес (Ni ) – еріген заттың ( не еріткіштің) мөлшерінің ерітіндідегі барлық заттар мөлшерлерінің қосындысына қатынасы , егер n1 және n2 - еріткіш пен еріген зат мөлшері болса (тек бір ғана зат еріген болса), онда N2 = n2 /(n1 + n2) ; N1 = n1 / ( n1 + n2 ) мұндағы N2 және N1 еріген зат пен еріткіштің мольдік үлесі.
Молярлы концентрация(См)не молярлылық( М) – еріген заттың мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасы , моль/л
Моляльды концентрация не моляльдылық ( m ) – еріген заттың мөлшерінің еріткіш массасына қатынасы , моль / кг ( Н2 О)
Эквиваленттің молярлы концентрациясы н ( нормальдылық)
еріген заттың эквивалентінің санының ерітінде көлеміне қатынасы, моль/л.
Мысал 1. 250 г суда 50 г темір (ІІ) сульфатының кристаллогидратын
FeSO47H2O еріткен. Ерітіндідегі кристаллогидрат пен сусыз темір (ІІ) сульфатының массалық үлесін есептеу керек.
Шешуі: Алынған ерітіндінің массасы 300 г. Кристаллогидраттың массалық үлесі 300 г ерітінді ----------- 100%
50 г кристаллогидрат --- х%; х = 16,7%.
50 г кристаллогидраттағы сусыз тұздың массасы
278 г/моль ----- 152 г/моль
50 г ------------- х х = 27,4 г
сусыз тұз массасы. 300г ерітіндідегі сусыз тұздың массалық үлесі сонда:
С = 27,4 100/300 = 9,1%.
Мысал 2. 8% ( масс.) сусыз тұздың бір литр ерітіндісін дайындау үшін қанша су және мыс(ІІ) купоросын алу қажеттігін есептеу керек , ерітінді тығыздығы 1,084 г /л.
Шешуі: 1 литр ерітіндінің массасы 1,084  1000 = 1084 г. Осы ерітіндіде 8% сусыз тұздың массасы 1084  0,08 = 86,7 г. CuSO4 5 H2 O 86,7 г сусыз тұзы бар массасын пропорциядан анықтайды: 249,7 : 159,6 = х : 86,7. Одан, х = 135,6 г. Ерітінді дайындау үшін қажет су массасы 1084 –135,6 = 948,4 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет