Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет36/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   271
Мысал 1. Ерітіндісі бейэлектролит болатын 1,764г затты суда еріткен. Ерітінді көлемі 100 мл, ерітіндінің осмос қысымы 20С температурада 2,38105 Па.Заттың молекулалық массасын анықтау қажет. Шешуі: 1000 мл ерітіндіде еріген зат массасы 17,64 10-3 кг болады . Вант-Гофф теңдеуіне М = mRT/pV қойып М = 17,6410-3 кг 8,31Нммоль-1 К-1 293К/2,38105 Н/м2 110-3 м3 = 180,3 10-3 кг/моль не М = 180,3г/моль және
Мr = 180.3 анықталады.
Мысал 2. 500 мл суда массасы 12,42 г зат ерітілген. 20С температурада алынған ерітіндінің буының қысымы 3732,7 Па. Сол температурада су буының қысымы 3742 Па. Еріген заттың Мr – ін анықтау керек. Шешуі: Рауль заңынан p/p0 = n/N: n = pN/ p0 ,
p = 3742 – 3732.7 = 9.3 Па және N = 500/18 = 27.78моль, одан n = 9.327.78/3742 = 0.069моль; n = m/M; M = m/n = 12,42/0,069 = 180г/моль және Мr = 180.
Мысал 3. 20 г нафталин балқымасында (tб = 80.1C) массасы 0,1106г бір органикалық қышқыл (Мr = 137.12) еріген . Сонда осы ерітіндінің tқ = 0,278С болды. Криоскопиялық константаны анықтау керек.
Шешуі: m ( қышқыл) ------- m ( нафталин) , яғни 0,1106г ---- 20г
Х ------ 1000г , одан Х = 5,53г.
Ерітінді моляльдығы С = 5,53/137,12 = 0,0403 моль/кг. tқ = КкС,
сонда Кк=0,278/0,0403; Кк= 6,9 градмоль-1 кг.
Мысал 4. 22С температурада 1,2л ерітіндіде 20,5г қант (М= 342г/моль)
ерітілген болса, осмос қысымы қанша болады? Шешуі: 342г қант 0С 1л ерітіндіде 2270 кПа осмос қысымын тудырады, сонда
342г ----- 2270 кПа ------ 0С ( 273К) ------ 1л
20,5г ----- х кПа ------ 22С ( 295К) ------ 1,2л
х = 122,5 кПа.
Мысал 5. 250 мл ерітіндіде 2,3 г зат ерітілген, оның осмостық қысымы
27С температурада 249 кПа болған, заттың молекулалық массасын есептеу керек. Шешуі: 1 л ерітіндіде 2,34 = 9,2 г еріген зат болады ( 1000 : 250 = 4 ). Бұл ерітіндінің 0С ( 273К) температурадағы осмостық қысымы пропорциядан 227 кПа болады:
273 ------ х кПа
300 ------ 249 кПа , сонда 9,2 зат 1 л ерітіндіде 227 кПа осмос қысымын тудырса, 2270 кПа қысымды х г 1 л ерітіндідегі зат тудырады:
9,2 г 1 л ерітіндіде --------- 227 кПа
Х г 1 л ерітіндіде ---------- 2270 кПа, х = 92
1 моль еріген зат 0С (273К) температурада 22,4 л ерітіндіде болса, оның осмостық қысымы 101,3 кПа, ал заттың осы мөлшері (1 моль) 1л ерітіндіде болса, сол температурада 2270 кПа осмос қысымын тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет