Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Ерігіштік. Қаныққан ерітіндідегі еріген заттың шамасы – ерігіштік



бет32/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Ерігіштік. Қаныққан ерітіндідегі еріген заттың шамасы – ерігіштік деп аталады.Заттардың ерігіштігі еритін зат пен еріткіштің табиғатына, температураға, ал газдар үшін қысымға да тәуелді болады. Қатты және сұйық заттың ерігіштігін ерігіштік коэффициентімен (К) көрсетеді, яғни 100 г еріткіште қанық ерітінді түзгенге дейін ери алатын заттың массасы. Газдардың ерігіштігі абсорбция коэффициентімен сипатталады, ол - еріткіштің бір көлемінде қанық ерітінді түзілгенге дейін еритін газдың көлемін көрсетеді.
Генри заңы бойынша тұрақты температурада сұйықтың берілген көлемінде еріген газ массасы сол газдың парциал қысымына тура пропорционал. Оның математикалық өрнегі : с = k  P , мұндағы с – газдың ерігіштігі, моль/л; Р – газдың парциал қысымы , атм; k – пропорционалдық коэффициент, не Генри коэффициенті, моль/латм. Генри заңынан газдың еритін көлемі (яғни абсорбция коэффициенті) сол (берілген) температурада газдың парциал қысымына тәуелді емес екендігін көруге болады.
Газдар қоспасының еруі Дальтон заңына бағынады: қоспадағы әр газдың ерігіштігі оның парциал қысымына тура пропорционал. Қатты заттардың суда еруі көбінесе эндотермиялық процесс, себебі көп жағдайда гидратация кезінде кристалдық торларды бұзуға жұмсалатын энергиядан аз энергия бөлінеді. Осы екі шаманың қатынасы ерудің жалпы жылу эффектісін (  Q) анықтайды. Егер Q мәні оң болса, қатты заттардың ерігіштігі температураны көтергенде , азаяды, теріс болғанда - артады. Ерігіштіктің температураға тәуелділігін график түрінде бейнелесе – ерігіштік қисығы тұрғызылады , одан заттарды қайта кристалдап тазалағанда алынған заттың шығымын не жоғалтылған мөлшерін анықтайды.
Мысал 1. 500г калий селитрасын қайта кристалдап тазалау үшін 600г суда қыздырып еріткен. Алынған ерітіндіні 0С температураға дейін суытқан. Сонда алынған таза тұздың және тұздың жоғалған мөлшерінің массалық үлестерін қанша болатынын есептеу керек. Шешуі: Ерігіштік қисығы графигінен бұл тұздың 100 г суда 0С температурада 17г еритіндігін табады. Олай болса, кристалданған соң ерітіндіде 17 6 = 102 г тұз қалады. Тазаланған тұз массасы (шығымы) 500 – 102 = 398 г болады, ол тазалауға алынған селитра массасының 398  100/500 = 79,6% құрайды. 0С температурада еру әсерінен тұздың жоғалған шамасы 102 100/500= 20,4% .
Мысал 2. 1 л суда 20С температурада және 1,013105 Па қысымда H2S газының 2,91л көлемі ерісе, сонда оның қанық ерітіндідегі массалық үлесі нешеге тең? Шешуі: қ.ж. күкіртті сутектің көлемі 2,91273/293 = 2,71л, ал осы көлемдегі массасы 342,71 /22,4 = 4,11г. Алынған ерітіндінің массасы: m (H2O) + m (H2S) = 1000 + 4,11 = 1004,11г, сонда H2S осы ерітіндідегі массалық үлесі 4,11100/1004,11 =0,4%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет