Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Мысал 6. 720г суда 25С температурада 45г глюкоза ерітілген. Ерітінді буының қысымын есептеу керек. 25С – та су буының қысымы 3167 кПа. Шешуі



бет37/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Мысал 6. 720г суда 25С температурада 45г глюкоза ерітілген.
Ерітінді буының қысымын есептеу керек. 25С – та су буының қысымы
3167 кПа. Шешуі: р = (3167  720/18) / (720/18 + 45/180); р = 3145 Па.


Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар:
1.Ерітіндінің осмос қысымы деген не?
2.Изотонды, гипертонды, гипотонды ерітінділер деген не?
3.Ерітіндінің қаныққан буының қысымының төмендеуі қандай жағдайларға байланысты?
4.Вант-Гофф және Рауль заңдарының қолданылуы;
5.Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері деген не?


Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар

1.0,0125 моль затты 125г бензолда еріткенде оның кристалдану температурасы 0,512 төмендеген, бензолдың криоскопиялық константасын есептеу керек. Жауабы 5,12.


2.15г хлороформды 400г эфирде еріткен, оның эбуллиоскопиялық константасы 2,12, сонда қайнау температурасы 0,665 - қа көтерілген. Хлороформның молекулалық массасын анықтау керек. Жауабы 119,5.
3.155,18г ерітіндеде 5,18г зат ерігенде оның кристалдануы – 1,39С-та. Судың криоскопиялық константасы 1,86. Еріген заттың молекулалық массасын есептеу керек. Жауабы: 46.
4.Сірке қышқылының кристалдану температурасы 16,65С , ал криоскопиялық константасы 3,9. 0,1 моль зат 125г сірке қышқылында еріген болса, ерітіндінің кристалдану температурасын есептеу керек. Жауабы 13,53С.
5.Егер 0,6г затты 40г эфирде ерітсе, ол 36,13С градуста қайнайды. Эфирдің қайнау температурасы 35,6С , ал эбуллиоскопиялық константасы 2,12. Еріген заттың молекулалық массасын анықтау керек. Жауабы: 60.
6.Еріткіштің эбуллиоскопиялық және криоскопиялық константасы деген не?
7.100С - де су буының қысымы 1,01325105 Па. 4% - ті мочевина ерітіндісі бетіндегі буының осы температурадағы қысымын есептеу керек. Жауабы 1,00085105 Па.
8.100С температурада 10% - ті қант ерітіндісінің буының қысымын есептеу керек. Жауабы 100,7кПа.
9.25С температурада су буының қысымы 3167 Па. Осы температурадағы 90г глюкозасы бар 450г ерітінді буының қысымын анықтаукерек. Жауабы 3090Па.
10.20С температурада су буының қысымы 2338 Па. Буының қысымы су буы қысымынан 18,7 Па кем болатын ерітінді дайындау үшін 720г суда неше грамм қант еріту керек және ерітіндідегі қанттың пайыздық мөлшері қанша екенін есептеу керек.
Жауабы 109г; 13,15%.
11.10С температурада су буының қысымы 1228 Па. Осы температурада буының қысымы 1200Па болатын ерітінді дайындау үшін 23г глициринді судың қандай мөлшерінде еріту керек. Ерітіндідегі глицириннің пайыздық мөлшерін есептеу керек. Жауабы 193г және 10,65%.
12.Екі ерітіндіден тұратын жүйеде қандай жағдайларда осмос пайда болады және оның интенсивтігі мен бағыты немен анықталады? Жүйе осмостық тепе-теңдікке қалай келеді?
13.Осмостық қысым деген не және оны қандай құралдарда анықтайды?
14.Осмостық қысым қандай факторларға тәуелді және бұл тәуелділік қандай теңдеумен көрсетіледі?
15.Қай жағдайда бірдей температурада бейэлектролиттер ерітінділері бірдей осмостық қысым көрсетеді және ондай ерітінділер қалай аталады? Қай ерітінді екіншісіне қатысты а) гипертонды; б) гипотонды деп аталады? Қай ерітінді жағына қарай осмос бағытталады?
16.Өсімдіктер осмос арқылы суды жұтқанда ішкі клеткаларда (жасушаларда) осмос қысымы пайда болады, сондықтан өсімдік ұлпалары (ткани) тығыз болады (тургор). Қай жағдайларда осы тығыздық азая бастайды және өсімдіктер семеді ? Тургор ненің арқасында қайта орнына келеді?
17.Молярлы концентрациялары 0,1; 0,8; 0,025 моль/л болатын бейэлектролит ерітінділерінің 0С температурадағы осмостық қысымдары нешеге тең?
Жауабы 2,269105 ; 1,815105 ; 5,672104 Па.
18.Бейэлектролит ерітінділерінің 27С температурадағы осмостық қысымдары, егер V және n а) 0,5л және 0,16 моль ; б)125 мл және 0,05 моль тең болса, қанша болады? Жауабы 7,98105 және 9,97 105 Па.
19.Көлемдері 1л 23г этил спирті не 36г глюкозасы бар бейэлектролит ерітінділерінің 27С температурадағы осмостық қысымдары қанша болады?
Жауабы 1,246 105 және 4,986 106 Па.
20.0С температурада мочевина ерітіндісінің осмостық қысымы
6,8 105 Па болса, 1л ерітіндідегі оның массасы қанша? Жауабы 18,0г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет