Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар



бет68/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1.Төмендегі тұздардың гидролиз реакциясының теңдеуін иондық және молекулалық түрде жазыңдар: K2S, Na3PO4, Mg(NO3)2, ZnSO4, AlCl3, CH3COONH4, (NH4)2CO3, Cu(CH3COO)2, Al2S3. Бұл тұздардың ерітіндісіндегі реакция ортасын көрсетіңдер.
2.Гидролиз деген не? Қандай тұздар гидролизге көбірек түседі?
Қандай тұздар гидролизге түспейді?
3.Гидролиз дәрежесі деген не және ол неге байланысты?
4.Қайтымсыз гидролиз деген не? Мысал келтіріңдер.

9 және 10 зертханалық сабақтар. Тотығу-тотықсыздану реакциялары




Сабақтың мақсаты: Қосылыстардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерін оқу және тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерінің құрып үйрену.
Зертханалық сабақ бойынша сұрақтар:
1.Тотығу процесі деген не?
2.Тотықсыздану процесі деген не?
3.Тотығу-тотықсыздану процесіне ортаның әсері.
4. Тотығу-тотықсыздану процесінің бағыты қалай анықталады?

1- тәжірибе. Әр түрлі ортадағы калий перманганатының тотығуы


Үш пробиркаға 3мл калий перманганаты ерітіндісін құйыңдар. Бірінші пробиркаға 2мл күкірт қышқылын, екіншіге 2мл калий гидроксидін құйыңдар, үшіншісіне 2мл су. Әр пробиркаға 3мл натрий сульфитін құйыңдар. Калий перманганатының түрінің қалай өзгеретіндігін байқаңдар. ТТР-ның теңдеуін жазыңдар.
MnO4- -қызыл көк, Mn2+- түссіз, MnO42—жасыл, MnO2 қоңыр тұнба.
2 - тәжірибе. Тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы күкірт (ІV) қосылыстары
Бір пробиркаға калий дихромат K2Cr2O7 ерітіндісін, екінші пробиркаға натрий сульфиді ерітіндісін Na2S құйыңдар. Екі пробиркаға да 3мл күкірт қышқылын және 3 мл натрий сульфиті Na23 ерітіндісін құйыңдар. Бірінші пробиркадағы ерітінді түрі қалай өзгереді? Екінші пробиркадағы ерітінді түрі неге бұлыңғырланды? Екі ТТР-ның да теңдеуін жазыңдар.
3 тәжірибе. Темір (ІІІ) хлоридінің калий иодидымен тотығуы
Пробиркаға 5мл темір хлоридінің және 3мл калий иодиды ерітінділерін құйыңдар. Ашық сары түске боялғанша бұл ерітіндіні сумен сұйылтыңдар да 2-3 тамшы жаңадан жасалған крахмал ерітіндісін тамызыңдар. ТТР теңдеуін жазып, тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер.
4 - тәжірибе. Диспропорциалану реакциясы
Екі пробиркаға 2-3 тамшы натрий сульфиті кристалдарын салыңдар. Бір пробирканы салыстыруға қалтырыңдар. Екінші проибрканы 5-6 минут қыздырыңдар. Пробирканы суытыңдар. Екі пробиркаға да 5-6 тамшы дистильденген су құйыңдар да тұздарды ерітіңдер. Әр пробиркаға 2-3 тамшы мыс (ІІ) сульфаты құйыңдар. Екі пробиркадағы да тұнбаның түсін салыстырыңдар. Екінші пробиркада пайда болған қара тұнба мыс сульфиді.
Натрий сульфитін қыздырғанда екінші шыққан зат натрий сульфаты. Натрий сульфитін қызыдрғанда жүрген ТТР-сы теңдеуін жазыңдар.
5 - тәжірибе. Молекулааралық ТТР
Пробиркаға бірнеше мыс нитраты Cu(NO3)2∙3H2O кристалдарын салыңдар. Пробирканы ақырындап қыздырыңдар. Кристалл түрі өзгереді және одан газ бөлініп шығады. Мыс нитратының ыдырауы нәтижесіндегі ТТР-ның теңдеуін жазыңдар.
Cu(NO3)2- ақ; Cu(NO2)2- болмайды; CuO- қара; Cu- қызыл; N2, NO, O2- түссіз; NO2- бурыл. Мыс нитраты молекуласындағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет