Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1.Қандай реакцияларды гомогенді, гетерогенді деп атайды?
2.Химиялық реакциялардың жылдамдығы дегеніміз не?
3.Гомогенді, гетерогенді реакциялардың жылдамдығы қандай факторларға байланысты?
4.Массалар әсерлесу заңын оқыңдар. Жылдамдық қонстантасының мәнін анықтаңдар.
5.Химиялық реакциялардың жылдамдығы температураға байланысты неге және қалай өзгереді?
6.Активтену энергиясы деген не?
7.Химиялық тепе-теңдік дегеніміз не? Тепе-теңдіктің ығысуына қандай факторлар әсер етеді? Мысал келтіріңдер.
9.Ле-Шателье принципінің маңызы.
№ 6 Зертханалық сабақ. Ерітінділер концентрациясы
Сабақтың мақсаты: Белгілі концентрациялы ерітінділер дайындап үйрену. Титрлер әдісі бойынша ерітінділер концентрациясын анықтау.
Зертханалық сабақ бойынша сұрақтар:
1.Ерітінділер концентрацияларының түрлері.
2.Ареометрлер деген не?
3.Титр деген не?
4.Мысал арқылы бір концентрациядан екінші концентрацияға ауысу жағдайларын көрсету керек.
№5 сурет. Ерітінді тығыздығын анықтайтын ареометр
№1 - тәжрибе. Ерітінді концентрациясын оның тығыздығы арқылы анықтау. Концентрациясын анықтайтын ерітінділерді ~100мл цилиндрге құйыңдар, оның температурасын анықтаңдар. Егер ерітінді температурасы 200С-қа тең болмаса, цилиндрді не жылы суға салып, не суық суға салып, ерітіндіні шыны таяқшамен араластырып, 200С жеткізіңдер. Ерітінді тығыздығын ареометр арқылы анықтаңдар. Таза, құрғақ сүртілген ареометрді ақырындап цилиндрдегі ерітіндіге түсіріңдер. Ареометр цилиндр қабырғаларына тимеу керек. Ерітінді ернеуіне сәйкес келген ареометр шкаласы ерітіндінің тығыздығын көрсетеді. Тығыздықты анықтауды тағы да екі рет қайталаңдар. Ол үшін ареометерді 1-2см көтеріп, қайта ерітіндіге түсіріп, ареометрдің шкаласын жазыңдар. Үш рет өлшеген соң ареометрияның көрсеткен орта санын жазыңдар. «Анықтамалардан» бұл тығыздыққа сәйкес келетін заттың ерітіндідегі массалық үлесін (%) анықтаңдар. Егер анықталған тығыздық кестеде екі тығыздық ортасына сәйкес келсе, массалық үлесті мына формула бойынша интерполяциялау арқылы табады:
Сх = С1 + (С2 –С1)∙ ((ρх -ρ1)/(ρ2 -ρ1))
ρх- өлшеген тығыздық
ρ1 және ρ2- кестедегі өлшенген тығыздыққа жақын тығыздықтар;
Сх, С1, С2- оларға сәйкес концентрациялар.
№2 Тәжрибе. Массалық үлесі (%) белгілі тұздың ерітіндісін дайындау
Оқытушыдан тапсырма алыңдар. Қанша тұз және су керек екенін есептеңдер.Таразыда есептелген тұздың мөлшерін өлшеңдер де 300мл колбаға салып ерітіңдер. Судың мөлшерін цилиндрмен өлшеңдер. Ерітінді жасау үшін суды аздап құйыңдар, ерітіндіні араластыра отырып тұзды ерітіңдер. Дайындалған ерітіндіні колбадан цилиндрге құйып, ареометр арқылы оның тығыздығын анықтаңдар. Дайындалған ерітіндінің молярлы, нормальды концентрацияларын және титрін анықтаңдар.
Тәжірибе нәтижесін мына кестеге жазыңдар:
Масса
|
Ерітіндінің тығыздығы
|
Дайындалған ерітіндінің концентрациясы
|
Тұз
|
су
|
молярлы
|
нормальды
|
Т, г/мл
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |