Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет117/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Әдістің жетістігі: экспресс әдіс; қарапайым әдіс; аппаратуралары – миллиамперметр, реостат, тұрақты тоқ көзі – 1,5-2В беретін, вольтметр.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Полярография әдісінің негізі, қолданылатын электродтар ерекшеліктері.

  2. Жарты толқын потенциалының мәні, оған әсер ететін факторлар.

  3. Илькович теңдеуіне кіретін өлшемдер.

  4. Полярографияда сандық анализ жүргізу үшін қолданылатын әдістер.

  5. Амперометриялық титрлеу әдісінің негізі, алынатын графиктер түрі.



КУЛОНОМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ

Кулонометриялық анализ заттың электролиз процесіне жұмсалған электр мөлшерін өлшеуге негізделген. Электролиз Фарадей заңдарына бағынады. Кулонометриялық анализдің екі әдісі белгілі:


1)Тура кулонометрия;
2)Кулонометриялық титрлеу.
1. Тура кулонометрия. Бұл әдіс бойынша заттың өзі электролизге ұшырайды. Электролиз көбінесе тұрақты потенциалда жүргізіледі, содықтан әдіс потенциостатикалық кулонометрия деп аталады.
Бәсекелес реакциялар болмас үшін потенциалды дұрыс таңдау қажет. Электролиз процесі кезінде зат концентрациясы С азайған сайын ток күші де (І) азаяды. Электролизді ток күші тұрақты шамаға дейін жеткенше Іt жүргізеді. Егер Іt=0,01І0 болса, анықтау қателігі 1% болады.
Егер Іt=0,001І0 болса, анықтау қателігі 0,1% болады.
2. Кулонометриялық титрлеу. Бұл әдіс бойынша зерттелетін зат ұяшықтағы көмекші заттың электролизі немесе анод материалы еру нәтижесінде пайда болған титрантпен әрекеттеседі. Мұндай титрантты электрогенерацияланған титрант деп, ал электродты генераторлы электрод деп атайды.
Егер титрант генерациясы анықталатын заты бар ерітіндіде жүрсе, онда ішкі генерация деп аталады. Егер генерация жеке ыдыста жүргізілсе, онда сыртқы генерация деп аталады, бұл түрі аз қолданылады.
Кулонометриялық титрлеу тұрақты тоқ күшінде жүргізіледі, яғни оны гальваностатикалық (амперостатикалық) кулонометрия деп атайды.

Вт=mтәж./mтеор. ∙100%
Кулонометриялық әдісте заттың тоқ бойынша шығымы 100% - ке тең болуы маңызды, яғни электр тоғының әр кулоны зерттелетін заттың электролизіне жұмсалған болу керек, қосалқы кедергі жасайтын реакциялар болмауы қажет.

Электр тогының мөлшерін кулонометрлер көмегімен де өлшейді. Кулонометр - белгілі заттың электролизі жүргізілетін электрохимиялық ұяшық. Кулонометрді зерттелетін заты бар ұяшықпен тізбектей қосады. Сонда екі ұяшық арқылы электр тоғының бірдей мөлшері жүріп отырады. Электролиз аяқталған соң кулонометрде бөлінген заттың массасын өлшейді және сол бойынша Q есептейді.


Кулонометриялық титрлеуде химиялық реакцияның барлық 4 типі де қолданылады.


Эквивалентті нүктені анықтау үшін келесі әдістер қолданылады:



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет