АНАЛИТИКАЛЫҚ ТАРАЗЫ. КӨЛЕМ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН ЫДЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ КОНЦЕНТРАЦИЯЛАРЫ БЕЛГІЛІ ЕРІТІНДІЛЕР ДАЙЫНДАУ
Сабақтың мақсаты: техникалық және аналитикалық таразыда үлгі алуды үйрену. Өлшегіш ыдыстармен танысу және олармен жұмыс істеуге үйрену.
Жұмысқа байланысты сұрақтар: Анализ жасауға алынатын заттарды бірден аналитикалық таразыда өлшеуге бола ма?
Өлшеу дәлдігі қанша?
Вейтограф деген не?
Оныншы және жүзінші заттардың үлесін қалай алады?
Миллиграмдық гирдің орнына не қолданылады?
Егер таразының ноль нүктесі аздап ауытқыған болса, оны қалай орнына келтіреді?
Таразының есігі өлшегенде ашық бола ма, әлде жабық болуы керек пе?
Таразының үстіне басқа заттар қоюға бола ма, оны орнынан қозғауға бола ма? Қолыңды таразы үстіне қойып, тіреніп тұруға бола ма?
Вейтографтағы (+) және (-) белгілері гирге қатысты ма, әлде алынатын заттың салмағына байланысты ма?
Гирлермен қалай жұмыс істеу керек? Аналитикалық таразыда өлшеу ережелерін оқып үйренген соң, өлшеу әдісіне бірнеше жаттығулар жасау керек.
ТИТРИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ ҚЫШҚЫЛ–НЕГІЗДІК ТИТРЛЕУ. ПРОТОЛИТОМЕТРИЯ Қышқыл-негіздік титрлеу (нейтралдау) әдісі көптеген бейорганикалық, органикалық химиялық қосылыстарды, тамақ өнімдерін (сүт, нан қышқылдығын) және фармпрепараттарды анализдеуге кеңінен қолданылады. Бұл тәсілмен су және су емес ерітінділерде қышқылдық немесе негіздік қасиет көрсететін қосылыстарды анықтайды.
Бұл әдіспен күшті қышқылдар мен негіздерді, әлсіз қышқылдар мен негіздерді, әлсіз негіздің тұздары мен әлсіз қышқылдардың тұздарын, қышқыл немесе негіздік тұздарды, органикалық қосылыстарды (карбон қышқылдары мен олардың тұздарын, қышқылдар ангидридтерін, аминдерді) титрлейді. Сонымен, бұл әдіспен көптеген қосылыстарды тез және жоғары дәлдікпен (салыстырмалы қатесі 0,1-0,2 %) анықтайды.