Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет136/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   271
ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ
1. 0,02н ерітінді алу үшін қанша Н2С2О42Н2О массасы керек екенін есептеңдер. Колба көлемі 100-250 мл.
Бюкс массасы техникалық таразыда, г -----------------
Бюкс массасы аналитикалық таразыда, г --------------
Бюкс массасы мен Н2С2О42Н2О массасы техникалық таразыда, г ---
Бюкс массасы мен Н2С2О42Н2О массасы аналитикалық таразыда, г ---
2.Қымыздық қышқылының массасын жоғалтпастан колбаға көшіріп, дистильденген суда ерітіңдер. Колбаның белгіленген ернеуіне дейін дистильденген суды құйып, жақсылап араластырыңдар.
3. Титрлеуге арналған колбаға 2н 10мл күкірт қышқылын (қышқыл көлемін цилиндрмен өлшеңдер) құйып, 80-900С-қа дейін қыздырындар.

  1. 10,00см3 қымыз қышқылын пипеткамен алып (пипетканы бірнеше рет осы қышқылмен шайқау керек), қызып тұрған күкірт қышқылының ерітіндісінің үстіне құйындар.

  2. Бюретканы бірнеше рет перманганат ерітіндісімен шайқап, оны осы ерітіндімен толтырындар.

  3. Қымыздық қышқылының ыстық ерітіндісін калий перманганатына тамшылатып құйып, титрлендер. Әрбір келесі тамшыны КМnO4 түсі өзгерген соң құйындар.

  4. Өзгермейтін ашық қызыл түс болғанға дейін титрлеуді жүргізіңдер. Титрлеуді 3 реттен кем жасамаңдар (ол үшеуінің арасындағы айырмашылық 0,1см3 болу керек).

Vорта = V1+ V2 + V3 /3;
Калий перманганатының титрі мен нормальды концентрациясын есептеу үшін Vорта алу керек.
Оқытушыға жұмыстың нәтижесін өткізу керек.
Қымыздық қышқылының массасы, г ----------------
Қымыздық қышқылының титрі, г/см3 -------------------
Қымыздық қышқылының нормальды концентрациясы,
Калий перманганатының нормальды концентрациясы,
Калий перманганатының титрі, г/см3 -----------------
Перманганатометрия әдісі арқылы ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШТАРДЫ (темірді, қалайыны, оксалаттарды, нитриттарды т.б. тура титрлеу арқылы, ТОТЫҚТЫРҒЫШТАРДЫ кері титрлеу арқылы), ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫ (құмырсқа, лимон, салицил т.б. қышқылдарды) анықтауға болады.
Перманганатометрия әдісі сүт және сүттен жасалған тағамдарды анализдеуге қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет