Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


НАТРИЙ ГИДРОКСИДІ МЕН КАРБОНАТЫН БІР ЕРІТІНДІДЕН АНЫҚТАУ



бет131/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   271
НАТРИЙ ГИДРОКСИДІ МЕН КАРБОНАТЫН БІР ЕРІТІНДІДЕН АНЫҚТАУ
ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР

  1. Натрий гидроксиді мен карбонатын не себептен бір ерітіндіден анықтайтын жағдай туады?

  2. Бірінші және екінші эквиваленттік нүктедегі рН мәнін есептендер. Титрлеуге қандай индикаторлар қолданылады?

  3. Титрлеу кезінде жүретін реакциялар тендеулерін жазындар.


ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ


  1. Бюретканы жақсылап жуып, дистильденген сумен шайып, тұз қышқылының стандартты ерітіндісімен 1-2 рет шайып, осы ерітіндімен толтырыңдар.

  2. Титрлейтін колбаға 10,00см3 тексерілетін ерітіндіні пипеткамен алыңдар. Пипетканы алдын ала ерітіндімен 1-2 рет шайқандар.

  3. Басқа осы сияқты титрлейтін колбада салыстыруға арналған ерітіндіні дайындандар. Ол үшін 20,00см3 дистилденген суды цилиндрмен өлшеп алындар, оған 1-2 тамшы метилоранж құйындар. Ерітінді түсі сары болады.

  4. Тексерілуге арналған ерітіндіні құйған колбаға 2-3 тамшы фенолфталеин тамызып, тұз қышқылымен ерітінді қызыл түстен түссізденгенге дейін титрлейді. Нәтижесін (V1)жазындар.

  5. Бұл колбаға енді 1-2 тамшы метилоранж тамызыңдар да (ерітінді сары түске боялады) тұз қышқылымен титрлеуді ары қарай жүргізіндер. Ерітінді түсі қызыл түске боялады. Нәтижесін (V11) жазындар.

  6. Титрлеуді 3 реттен жасап, әр индикатор үшін орташа тұз қышқылының көлемін табындар: V 1орта= V1 1+ V2 1 + V3 1 /3; V 11орта= V1 11+ V2 11 + V3 11/3.

  7. Оқытушыға жұмыстың нәтижесін өткізу керек:

Натрий гидроксидінің нормальды концентрациясы:
NNaOH = NHCl  V1 HCl орта /V тексеретін ерітінді
Натрий гидроксидінің титрі, г/мл _____________
Натрий карбонатының нормальды концентрациясы: NNa2CO3 = NHCl  V1 Na2CO3орта / V тексеретін ерітінді
Натрий карбонатының титрі, г/мл _______________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет