Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


ИОДОМЕТРИЯ. НАТРИЙ ТИОСУЛЬФАТЫНЫҢ НОРМАЛЬДЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ЖӘНЕ ТИТРІН БИХРОМАТ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ



бет137/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   271
ИОДОМЕТРИЯ. НАТРИЙ ТИОСУЛЬФАТЫНЫҢ НОРМАЛЬДЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ЖӘНЕ ТИТРІН БИХРОМАТ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ


ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР



  1. Иодометрия әдісінің негізгі стандартты ерітінділері.

  2. Иодометрия әдісі бойынша титрлеу жүргізгенде қандай жағдайларды сақтау керек?

  3. Натрий тиосульфаты мен иод әрекеттескенде жүретін тотығу-тотықсыздану процесінің тендеуін жазындар.

  4. Калий бихроматының (K2Cr2O7), натрий тиосульфатының, йодтың эквивалент массасын анықтандар.

  5. Иодометрия әдісі арқылы тотықтырғыштарды анықтағанда неге калий иодының артық мөлшерін қолданады?

  6. Не себепті йодтың аз мөлшері қалғанда ғана, яғни реакция аяғында ғана крахмалды қосады?

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ

1. 0,05н ерітіндісін дайындау үшін калий бихроматының массасын есепте. Колба көлемі 100-250 см3.


Техникалық таразыда өлшенген бюкс массасы, г -------------
Аналитикалық таразыда өлшенген бюкс массасы, г ---------------------
Техникалық таразыда өлшенген бюкстегі K2Cr2O7 массасы, г ---------
Аналитикалық таразыда өлшенген бюкстегі K2Cr2O7 массасы, г -----
2.Калий бихроматының өлшеп алған массасын воронка арқылы түгелдей жоғалтпай, колбаға салындар да оны дистильденген суда ерітіңдер. Колбаның белгіленген ернеуіне дейін дистильденген су құйып, ерітіндіні жақсылап араластырыңдар.
3.Бюретканы натрий тиосульфаты ерітіндімен шайқап, осы ерітіндімен бюретканы толтырыңдар.

  1. Титрлеуге арналған колбаға 5-7см3 калий иодиді ерітіндісін, 5-7см3 2н күкірт қышқылын және 50см3 дистильденген су құйыңдар. Ерітінді түссіз болу керек. Бұл ерітінділерді цилиндрмен алу керек.

  2. Осы ерітіндіге пипеткамен 10,00 см3 калий бихроматы ерітіндісін құйыңдар. Алдын ала пипетканы бихромат ерітіндісімен шайқаңдар.

  3. Ерітінділер қоспасын реакция аяғына дейін жүру үшін 5-6 минутқа қараңғы жерге қоя тұру керек.

  4. Бөлінген иодты натрий тиосульфатымен ерітінді түрі сарғайғанға дейін титрлеу керек. Сосын 2-3 тамшы крахмал құйып, титрлеуді ары жалғастырыңдар. Крахмал құйған кезде ерітінді көкке боялады. Титрлеуді ерітінді ашық жасыл болғанға дейін жүргізіңдер.

  5. Титрлеуді үш реттен кем жасамау керек.

Vорта = V1+ V2 + V3/3;
Анализ үшін берілген сандар:
Калий бихроматының массасы, г --------------------
Калий бихроматының титрі, г/см3 ------------------
Калий бихроматының нормальды концентрациясы,-----------
Натрий тиосульфатының нормальды концентрациясы,--------
Натрий тиосульфатының титрі, г/см3 --------------------
Иодометрия әдісін ет өнеркәсібінде майдың, консервілердің сапасын анықтауға, сүт өнеркәсібінде сүт және сүт тағамдарының сапасын анықтауға қолданылады.
Иодометрия әдісімен тотықсыздандырғыштарды (As3+; Sb3+; Sn2+; сульфиттер т.б. заттар); тотықтырғыштарды (Cu2+; Fe3+ ), органикалық заттарды анықтауға қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет