Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет134/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   271
К=Vорта  VNaOH100/100,1= VNaOH, ортаVNaOH 100 (1)
Vорта , NaOH – натрий гидроксидінің 10 мл сүтті титрлеуге кеткен көлемі
10 – сүттің көлем,мл
0,1 – 0,1н натрий гидроксидінің көлеміне көшу үшін қажет коэффициент
Айранның, балмұздақтың қышқылдықтарын да анықтауға болады. 10,00см3 айранға 20см3 су құяды, натрий гидроксидімен титрлеп (1) формуламен анықтайды. Балмұздақ қышқылдығын анықтау үшін 5г балмұздақ алу керек, оған 30см3 су құяды да натрий гидроксидімен титрлейді де, қышқылдығын (1) формуламен анықтайды.


СТУДЕНТТЕРГЕ ӨЗ БЕТТЕРІМЕН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА:

  1. Тексеретін ерітіндідегі натрий карбонатының мөлшерін анықтаңдар. 2. Алдын-ала 3-5 минуттай қайнатылған сүтті екіге бөліп, бір бөлігін бір сағаттай мұздатқышқа ұстап, бір бөлігін бір сағаттай бөлме температурасында ұстап, сүт қышқылдығын анықтаңдар. Тәжірибе нәтижесін салыстырыңдар.

3.HCl+H3BO3 қоспасын анализдеу.


ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯСЫН ҚОЛДАНЫП ТИТРЛЕУ, РЕДОКСИМЕТРИЯ

Тотығу-тотықсыздану титрлеу тәсілдері тотығу-тотықсыздану реакцияларына негізделген. Титрант ретінде тотықтырғыш немесе тотықсыздаңдырғыш болатын қосылыстардың ерітіндісі пайдаланылады, не анықталатын қосылыс не тотықтырғыш, не тотықсыздаңдырғыш қасиет көрсетуі керек. Титрлеу барысында тотықтырғыш пен тотықсыздаңдырғыш арасындағы реакция нәтижесінде жүйенің потенциалы өзгереді, эквиваленттік нүктеге жақындағанда секіріс болады. Редокс индикаторларды қолданып титрлеудің соңғы нүктесін дәл аңықтауға болады. Титрлеуге жұмсалған титранттың көлемін біле тұрып, анықталған компоненттің (не тотықтырғыш, не тотықсыздаңдырғыш ) мөлшерін есептеуге болады.


Тотығу-тотықсыздану титрлеуі титранттың табиғатына байланысты топтастырылады:
- перманганатометрия – титрант KMnO4 ерітіндісі;
- иодометрия - титрант I2 және Na2S2O3 ерітінділері;
- бихроматометрия - титрант К2Сr2O7 ;
- нитриметрия - титрант KNO2;
- броматометрия - титрант KВrO3;
- цериметрия - церий (ІV) тұздары ерітінділері т.б.
Индикаторды тирлеу қисықтарына және әрекеттесетін қосылыстардың тотығу-тотықсыздану потенциалдарына сүйеніп таңдайды.
Сандық анализде келесі шарттарды қанағаттандыратын тотығу-тотықсыздану реакциялары пайдаланылады:
1. қайтымсыз және жанама процестер жүрмеуі тиіс;
2. химиялық реакцияның жылдамдығы жоғары, өнімдерінің құрамы тұрақты болуы қажет;
3. эквивалентті нүкте анық (дәл) анықталуы қажет.
Анықтауда әртүрлі тәсілдерді қолданады (тура, кері, жанама) титрлеу.
Тотығу-тотықсыздану реакциясының ЭКҚ 0,4 В болғанда тура титрлеу тәсілін пайдаланады, себебі бұл жағдайда реакция қажетті жылдамдықпен және аяғына дейін жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет