Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет140/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   271
Q= (V2 - V1)  0,97  100  0.0012/V;
V1 – кальцийді мурексид индикаторы арқылы титрлегендегі кеткен комплексон III көлемі, см3, V2 – кальций мен магнийді эриохром қара Т – индикаторы арқылы титрлегенде кеткен комплексон III көлемі, см3. 0,0012 – комплексон III 0,05моль/л концентрациялы ерітіндісінің 1см3 сәйкес келетін Mg2+ мөлшері, г.
V – анализге арналған сүт көлемі, мл
Табылған кальций мен магний мөлшерін МЕСТ-те (ГОСТ-та) көрсетілген олардың мөлшерімен салыстырыңдар. Титрлеуді үш рет жүргізіңдер.

СУДЫҢ ЖАЛПЫ КЕРМЕКТІГІН АНЫҚТАУ. МЕСТ 4151-72

  1. Пипеткамен 25,00см3 краннан су ағызып титрлеуге арналған колбаға құйыңдар.

  2. 25,0см3 дистильденген суды цилиндрмен өлшеп құйыңдар да оған 5см3 буфер ерітінді құйыңдар.

  3. 0,03 – 0,04г эриохром қара Т-индикаторын (немесе қышқылды хром қою-көк -индикаторын) косыңдар. Ерітінді түсі қызылға боялады.

  4. Ерітіндіні шайқап отырып, комплексон III титрлеу керек. Ерітінді түсі көкке айналғанда титрлеуді тоқтатыңдар. Титрлеуді үш рет жүргізіңдер.

Судың жалпы кермектігін (Кж) мына формула арқылы табыңдар (мэкв/дм3 )
Кж = VЭДТА  CN,ЭДТА 1000/VH2O
Егер судың жалпы кермектігі 0,5 мэкв көп болса, онда судың азырақ көлемін алыңдар.
Егер суда Сu2+ және Zn2+ иондары болса, олар анализге кедергі жасайды. Ол үшін суға 1-2см3 0,01н Na2S ерітіндісін құйыңдар, сонда олар кедергі жасамайды.

ТҰНДЫРУ ТӘСІЛІМЕН ТИТРЛЕУ. АРГЕНТОМЕТРИЯ. РОДАНОМЕТРИЯ
Титрант пен анықталатын компонент арасындағы ион алмасу реакциялары нәтижесінде нашар еритін қосылыстар түзілу процестеріне негізделген тәсілдер тұндырудың титриметриялық әдістері деп аталады. Титриметриялық тәсілде титрант (тұнбаға түсіруші реагент) дәл, яғни эквивалентті мөлшерде қосылады (ал гравиметриялық тәсілде – тұнбаға түсіруші реагент артық мөлшерде қосылады). Титрлеудің соңғы нүктесін анықтау үшін индикатор пайдаланылады. Индикатордың табиғаты және әсер ету механизмі әр түрлі болуы мүмкін, оларды титрлеу қисықтарына негізделіп таңдайды.
Аргентометрияда – хлоридтер, бромидтер, иодидтер анықталады, титрант – AgNO3 ерітіндісі: Ag+ + Hal- → AgHal↓. Стандартты ерітінділер ретінде галоген аниондарын анықтау үшін күміс нитраты; күміс катионын анықтау үшін натрий хлориді қолданылады. Индикатор калий хроматы (Мор әдісі).
Роданометрия (тиоцианометрия) - тура титрлеу тәсілімен күміс тұздары немесе кері титрлеу тәсілімен галогенидтер анықталады, титрант – NH4SCN ерітіндісі: Ag+ + SCN- AgSCN↓. Стандартты ерітінділер ретінде галоген аниондарын анықтау үшін күміс нитраты және аммоний роданиді; күміс катионын анықтау үшін аммоний роданиді қолданылады. Индикатор - аммоний (NH4[Fe(SO4)2] . 12H2O) ашудасының қанық ерітіндісі (Фольгард әдісі).
Фольгард әдісінің Мор әдісіне қарағандағы артықшылығы:
1. Роданометрия (тиоцианометрия) арқылы хлоридтерді, бромидтерді, иодидтерді, роданидтерді және күміс иондарын анықтайды ,
2. AgSCN қышқылдарда ерімейтіндіктен бұл әдіс қышқыл ерітінділерді титрлеуге қолдануға болады, сынамалар көбінесе қышқылдарда еритіндіктен бұл жағдай өте қолайлы;
3. Мор әдісінде анықтауға кедергі жасайтын көптеген иондар Фольград әдісінде кедергі жасамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет