ТЕМІР (III) ИОНЫН СУЛЬФОСАЛИЦИЛ ҚЫШҚЫЛЫМЕН ФОТОМЕТРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ
Әдіс темір иондарының сульфосалицил қышқылымен түсті комплекстер түзуіне негізделген. Ерітінді рН-на байланысты тұрақтылығы және түсі бойынша әр түрлі құрамдағы үш түрлі комплекс түзілуі мүмкін: монокомплекс - күлгін, дикомплекс - қызыл, трикомплекс - сары. Комплекс түзу о-гидрокси-о'-карбоксифункционалдық – аналитикалық топ әсерінен жүреді, сульфо – топ аналитикалық – белсенді топ болып табылады. Үш валентті темір d-элемент ретінде хромофорлы қасиетке ие, сондықтан оны анықтауға сульфосалицил қышқылы сияқты түссіз реагенттерді қолдануға болады. Темір сульфосалицилатының түсі электрондардың лигандта жинақталған орбитальдан, металл атомында жинақталған орбитальдарға ауысуымен түсіндіріледі.
Темір (III) моносульсалицилатының максимальды сіңіру аймағы
510нм, ал сіңірудің молярлық коэффициенті = 1,8103 тең. Егер реагент артық мөлшерде алынса, темір (III) ионын сульфосалицилатты комплекс түрінде анықтауға түссіз комплекс түзетін металдар, мысалы, Bi(V), In(III), Ga(III), Zr(IV), Hf(IV), Th(IV) кедергі келтірмейді.
Мыс және алюминийдің сульфосалицилатты комплекстерінің тұрақтылығы темір (III) комплекстеріне қарағанда қышқыл ортада төмен, сондықтан олар анықтауға кедергі жасамайды. Бұл әдіс бойынша темір (III) ионын ацетаттар, бораттар, роданидтер және фосфаттар қатысында анықтауға болады, себебі темір (III) ионының аталған аниондармен комплекстерінің тұрақтылығы сульфосалицилатты комплекстерге қарағанда төмен.
Фтор иондары темір (III) ионын моносульфосалицилат түрінде анықтауға кедергі келтіреді, ал сілтілік ортада тұрақтылығы өте жоғары трисульфосалицилат түзілетіндіктен кедергі келтірмейді.
Құралдар және реактивтер:
1. Фотоколориметр КФК-2.
2.Жұмысшы ерітінді темір (III) ионының концентрациясы 0,1мг/мл Fe(NH4)(SO4)212H2O (х.т.), массасы 0,4838г Fe(NH4)(SO4)212H2O (х.т.) 2М 25мл H2SO4-ерітіп, көлемін дистильденген сумен 1л-ге дейін жеткізеді.
3. Сульфосалицил қышқылы (х.т.) 0,01М ерітіндісі.
4. Ацетаттық буферлік ерітінді (рН=4,0) .
Достарыңызбен бөлісу: |