Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


-тәжірибе. Олеин қышқылының тотығуы



бет223/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

3-тәжірибе. Олеин қышқылының тотығуы
Жұмыс барысы: пробиркаға 1мл 5%-тік калий перманганаты ерітіндісі 1мл 10%-тік күкірт қышқылы ерітіндісі және 0,5мл олеин қышқылын құямыз. Пробиркадағы қоспаны шайқап араластырамыз. Не байқадыңдар?
Реакция теңдеуі:

9,10- диоксистеарин қышқылы




4-тәжірибе. Олеин қышқылының тұзын алу
Жұмыс барысы: Пробиркаға 2 тамшы олеин қышқылы және 4-6 тамшы дистильденген су құяды. Мұқият араластырып, 6-8 тамшы сілті ерітіндісін қосады. Алынған қоспаны спирт шамында қыздырады. Суда еритін натрий
сабыны түзілгендіктен шайқағанда көбік пайда болады. Алынған сабын ерітіндісіне 2-3 тамшы кальций хлоридінің ерітіндісін тамызыңыздар. Суда ерімейтін кальций сабынының ақ тұнбасына назар аударыңдар.
1) Натрий сабынының түзілу реакциясын жазыңыздар.
2) Кальций сабынының түзілу реакциясын жазыңыздар.
5-тәжірибе. Олеин қышқылының сілтімен әрекеттесуі. Сабын алу
Жұмыс барысы: Пробиркаға 2мл 10%-тік сілті ерітіндісін құйып, үстіне 2-3 тамшы олеин қышқылын қосады. Қоспаны интенсивті араластырады. Сол кезде сабын көпіршігінің түзілгені байқалады. Бұл - олеин қышқылының натрий тұзы (сабын):
С17Н33СООН + NaOH  C17H33OONa + H2O


Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. Келесі реакция теңдеулерін жазыңыздар:
а) сірке қышқылын алу
ә) олеин қышқылына бромның қосылуы
2. Қанықпаған карбон қышқылдарындағы карбоксил тобы және көмірсутек радикалы бойынша қандай реакциялар жүреді?
3. Натрий формиатының түзілу реакциясын жазыңыздар.
4. Карбон қышқылдарына тән реакцияларға мысалдар келтіру керек ( бутан қышқылын алып).
Карбон қышқылдары тақырыбына есептер мен жаттығулар


1. Изомерия және номенклатура
1.1. Мына қышқылдарды халықаралық жүйелік номенклатура бойынша атау қажет: а) СН3-СН2-СООН; б) СН3-(СН3)2СООН;
в) СН3-СН2-СН(СН3)СООН; г) СН3-СН2-СН(СН3)-СН(СН3)СООН
Алғашқы екі қышқылдың тривиальды аттарын атау керек.
2.2. а) 2-метилгексан қышқылы; б) 5-метилгексан қышқылы; в) 2,3-диметилпентан қышқылы; г) 3,3-диметилпентан қышқылы формулаларын жазу керек.
2.3. С5Н10О2 құрамды барлық қышқылдар изомерлерін жазып, халықаралық жүйелік және рационалды номенклатура бойынша атау керек. Олардың жалпы тривиальды атын атау керек.
2.4. С4Н6О2 құрамды бір негізді қанықпаған тармақталмаған көміртек тізбегі бар қышқылдар формуласын жазып, аттарын атау керек.
2.5. а) цис-α, β-диметилакрил қышқылының;
б) транс-β-изопропилакрилқышқылының формулаларын жазу керек.
2.6. Мына қышқылдың СООН-СН=СН-СООН геометриялық изомерлерінің формулаларын жазу керек. Олардың тривиалды аттарын атау қажет.
2.7. Мына қышқылдардың СН3(СН2)14СООН; СН3(СН2)16СООН; С17Н33СООН
тарихи аттарын атау керек. Жоғары май қышқылдары деп қандай карбон қышқылдарын айтады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет