Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет225/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

3. Алу әдістері
3.1. Альдегидтерден а) май; б) изомай; в) 2-метилпентаналь;
г) метилэтилсірке карбон қышқылдарын алу реакцияларының теңдеулерін жазу керек.
3.2. Мына спирттерді тотықтырып, карбон қышқылдарын алу керек:
а) третизобутилкарбинол; б) 1-бутанол; в) изобутанол; г) вторбутил карбинол. Алынған қышқылдарды атау керек.
3.3. а) хлороформнан; б) 1,1,1-трибромбутаннан; в) 3-метил 1,1,1-трихлорбутаннан карбон қышқылдарын алу реакциялар теңдеулерін жазу керек. Алынған қышқылдарды атау керек.
3.4. Мына алғашқы заттарды а) 1-бром-пропан; б) бромэтан; в) 2-метил-2-бромпропан; г) 2-метил-1-бромпропан; д) 3-метил-1-бромбутан алып, нитрилды синтез реакциялары арқылы карбон қышқылдарын алу керек. Алынған қышқылдардың аты.
Дәріс 41. КҮРДЕЛІ ЭФИРЛЕР. МАЙЛАР


Күрделі эфирлердің түзілуі. Оларды алу.
Физикалық және химиялық қасиеттері. Қолданылуы

Күрделі эфирлер спирттер органикалық карбон қышқылдарымен әрекеттескенде түзіледі, реакцияны эфирлеу деп атайды, реакция қайтымды. Катализатор ретінде қышқылдың сутегі ионы алынады. Жалпы формуласы R- СООR не RСООR1.


Күрделі эфирлерді спирттер мен карбон қышқылдарын әрекеттестіріп, галогенацилдерді және алкоголяттарды әрекеттестіріп алады:
Н+
1.СН3СООН + НОСН3  СН3СООСН3 + Н2О
2.СН3СОCl + NaОС2Н5 → СН3СООС2Н5 + NaCl
Триглицеридтер - не бейтарап майлар, жоғары қарбон қышқылдары мен глицерин әрекеттесуі әсерінен алынады. Майлар - глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері.

глицерин глицерин үшстеараты


Табиғи майлардың құрамында үнемі глицерин және жоғарғы карбон қышқылдары болады. Күрделі эфирлер сияқты, майлар да гидролизге (сабындануға) түседі: сілтілер, минералды қышқылдар әсерінен.

стеарин қышқылы
О- қаныққан не қанықпаған карбон қышқылының қалдығы (ацил).
Ацилге байланысты қатты майлар (май құрамында қаныққан ацил көп болады) және сұйық не өсімдік майлары (қанықпаған ацил көп болады).
Биологиялық әдіспен майларды ыдыратуға болады, онда энзимдер, мысалы, липазалар қолданылады.
Екі не одан да көп қос байланысы бар өсімдік майлары тотыққан кезде мөлдір пленка түзеді - ондай майларды кепкен майлар деп атайды. Кендір майларына қорғасын оксидін қосып пісірсе, олифа алынады, бояулар алу үшін қолданылады.
Өсімдік майларын гидрлеп, қатты майлар алады. Оларды сабын алуда және тамақ өндірісінде маргарин алуға қолданылады. Маргариннің қасиетін жақсарту үшін оған сүт, жұмыртқа, А витаминін қосады.
Майлар - тамақ өнімдерінің бағалы құрамы болып табылады. Организмге май энергия береді. Табиғи майларда көптеген пайдалы заттармен қоса А, Д, Е витаминдері болады. Күнделікті адамдар 60-70г май қабылдау керек. Май сонымен бірге организмді салқындаудан қорғайды.
Организмде глицерин глюкозадан синтезделеді. Бірнеше қос байланысы бар қышқылдар (линолевая, линоленовая) тек өсімдіктерде синтезделеді, олар организмде болмаса өсу баяулайды, бүйрек функциясы бұзылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет