Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Эфирлеу реакциясындағы күкірт қышқылының ролі.
2. Эфирлер номенклатурасы.
3. Эфирлерді алу және химиялық қасиеттері.
4. Дифенил эфир, метил изопропил эфир, метил этил эфир, ди-н-пропил эфир формулаларын жазу керек.
5. CH3OCH2CH2CH3 эфирін синтездеу реакциясының теңдеуін жазу керек.
0,2моль эфирді жағуға 268,8 литр ауа (қ.ж.) жұмсалған болса, эфирдің формуласы қандай?
6. 14,8 грамм бутил спирті мен метил пропил эфирінің қоспасы натрий металымен әрекеттескенде, 0,025 моль сутегі газы бөлінген болса, қоспадағы спирттің массалық үлесі канша болады? Жауабы: 25%.
№ 10 Зертханалық сабақтың тақырыбы
Күрделі эфирлерді алу және химиялық қасиеттері
Жұмыстың мақсаты: Күрделі эфирлерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу.
Реактивтер мен құралдар: амил спирті, сірке қышқылы, концентрлі күкірт қышқылы, этанол, 2н натрий гидроксиді, спирт шамы, пробиркалар.
1-тәжірибе. Сірке қышқылының амил эфирін алу
Жұмыс барысы: Пробиркаға 2мл амил спиртін, 2мл сірке қышқылын және 1мл концентрлі күкірт қышқылын құяды. Қоспаны абайлап араластырады. Пробирканы 20 минут қайнап жатқан су моншасында ұстайды. Содан кейін пробирканы суытып, қарайған сұйықты суы бар пробиркаға құяды. Сұйық екі қабатқа бөлінеді, жоғары қабатта - алмұрт иісті сірке қышқылының амил эфирі түзіледі. Оны бөлгіш воронкамен бөліп алады. Реакция теңдеуін жазу керек.
2 – тәжірибе. Күрделі эфирлердің айрылуы
1-ші тәжірибе нәтижесінде алынған күрделі эфирді пробиркаға құйып, үстеріне 2мл-дей натрий гидроксидінің ерітіндісін қосу керек. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазу керек.
Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар
1. Толық және толық емес күрделі эфирлерді алу: малон қышқылының диэтил эфирін және оның моноэтил эфирін алу керек.
2. 176,8кг триолеин глицеридті толық гидролиздегенде(сабындағанда) 40-пайызды (=1,43г/мл) натрий гидроксидінің қандай көлемі жұмсалады? (Жауабы: 42л).
3. 47-пайыз сіркеэтил эфирі бар 11,2г сірке және құмырсқа этил эфирлерінің қоспасын гидролиздеу үшін 2,8М калий гидроксидінің ( = 1,13г/мл) қандай массасы қажет? (Жауабы: 56,5г).
Достарыңызбен бөлісу: |