Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар



бет66/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. Ерітінділер дегеніміз не?
2. Концентрацияның өлшем бірліктері қандай?
3. Электролиттік диссоциация дегеніміз не?
4. Көмір қышқылының диссоциациялануының сатылы теңдеулерін жазындар.

7 Зертханалық сабақ. Электролиттердің электр өткізгіштігін тексеру


Сабақтың мақсаты: Электролиттердің күшін электролиттердің электр өткізгіштігі арқылы анықтау.
Зертханалық сабақ бойынша сұрақтар:
1.Электролиттер деген не?
2.Электролиттік диссоциация деген не?
3.Әлсіз электролиттерді қандай көрсеткіштер арқылы сипаттайды?
4.Освальдтың сұйылту заңының мағанасы.
Көмір электродтарды стаканға салып, оны электр шамымен қосып, тоққа қосу керек.

  1. Стаканға 20-30мл дистильденген су құйыңдар. Шам жана ма?

  2. Стаканға 2-4г қант салып дистильденген суда ерітіңдер. Шам жана ма?

  3. Электродтарды жақсылап жуып құрғатыңдар да стакандағы құрғақ ас тұзына (NaCl) тигізіңдер. Шам жана ма? Енді 20-30мл дистильденген су құйып тұзды ерітіңдер. Шам жана ма? Жеке дистильденген су және құрғақ тұз электр тоғын өткізбейді, ал ас тұзының ерітіндісі тоқ өткізеді. Неге?

  4. Төрт стаканға 20-30мл 0,1н мына ерітінділерді құйыңдар: бірінші стаканға - тұз қышқылын, екіншіге - натрий гидроксидін, үшіншіге - сірке қышқылын, төртіншіге - аммиак ерітіндісін. Осы ерітінділердің электр өткізгіштігін тексеріңдер. Электродтарды ерітіндіге салған сайын алдын-ала жеке стаканда тұрған дистильденген сумен жақсылап жуып отыру керек. Тәжірибе кезінде шамның жарықтығына қарап, қышқылдар мен негіздердің күші туралы айтыңдар.

  5. Соңғы екі стакандағы ерітінділерді (сірке қышқылы мен аммиакты) бір-біріне құйып, шамның жарықтығын салыстырыңдар. Неге шамның жарықтығы әр түрлі?

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. С.Аррениус теориясы.
2. Диссоциация константасы және дәрежесі.
3. Электролиттік диссоциацияға қандай электролиттер сатылап түседі?
4. Фосфор қышқылының диссоциациялануының сатылы теңдеулерін жазындар.

8 Зертханалық сабақ. Тұздар гидролизі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет