Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет72/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   271
Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Металдар коррозиясы деген не?
2.Коррозияның қандай түрлерін білесіңдер?
3.Электрохимиялық коррозияның химиялық коррозиядан айырмашылығы неде?
4.Коррозиялық микрогальваникалық элементтері неге пайда болады?
5.Қандай факторлар коррозия жылдамдығына әсер етеді?
6.Металдарды коррозиядан қорғау әдістері. Қысқаша әр әдісті сипатта.
7.Қандай заттарды ингибиторлар деп атайды?

14-15 зертханалық сабақтар. Комплексті қосылыстар


Сабақтың мақсаты: Катионды, анионды, бейтарап комплекс қосылыстарды алу және қасиеттерін зерттеу
Зертханалық сабақ бойынша сұрақтар:
1.Ішкі және сыртқы сфералар арасындағы байланыс түрі.
2.Комплекс түзгіш пен лигандалар арасындағы байланыс түрі.
3.Анионды комплекстердің оқылуы, мысалдар.
4.Катионды комплекстердің оқылуы, мысалдар.
5.Бейтарап комплекстердің оқылуы, мысалдар.

1 - тәжірибе. Тетраамин мыс (ІІ) сульфаты комплекс қосылысын алу және оны зерттеу


Екі пробиркаға 5мл 1н. мыс сульфатын құйыңдар. Бір пробиркаға 2 тамшы барий хлоридін құйыңдар, екінші пробиркаға гранулды қалайы (Sn) салыңдар. Бірінші пробиркада тұнба пайда болғанын, екінші пробиркада қалайының бетінде мыс бөлінгенін байқайсыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Үшінші пробиркаға 5-7мл мыс сульфатын құйып, біртіндеп 25% -аммиак ерітіндісін құйыңдар. Басында ақ тұнба (негіздік мыс сульфаты) пайда болады, ол біртіндеп ериді. Ерітінді түсі көкке боялады, яғни мыс (ІІ) тетраамин сульфаты комплексі пайда болады. Теңдеулерін жазыңдар. Бұл комплекс қосылысты екіге бөліп, біреуіне барий хлоридін тамызыңдар, екіншісіне қалайы тастаңдар. Тұнба түзіледі ме? Мыс бөлінеді ме? Неге?
2 - тәжірибе. Аниондық комплекс қосылысы
Пробиркаға 3-4мл висмут нитраты ерітіндісін құйыңдар. Тамшылап калий иодиді ерітіндісін бурыл тұнба болғанша құйыңдар. Содан кейін бұл тұнба ерігенше (висмут иодиді) калий иодиді ерітіндісін құйыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Алынған қосылыстың формуласы: ВіІ3∙КІ. Оны комплекс қосылыс ретінде жазыңдар, комплекстің диссоциациясын көрсетіңдер.
3 - тәжірибе. Катиондық комплекс қосылысы
Пробиркаға 3-4 тамшы никель сульфаты ерітіндісін құйып, оған күйдіргіш натр ерітіндісін тамызып, никель гидроксиді тұнбасын алыңдар. Тұнбаның үстіндегі сұйық ерітіндіні төгіп, тұнбаға 25%-аммиак құйып, ерітіңдер. Реакциялар теңдеуін жазыңдар. (Комплекс қосылыста никельдің координациалық саны 6-ға тең) комплекс қосылыстың диссоциациясын жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет