Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет76/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

(1)k1/k2 =[С]с[D]d/[A]a[B]в = K; К – тепе-теңдік константасы.
(1) теңдеу - әрекеттесуші массалар заңының теңдеуі, математикалық өрнегі. Оны былай оқуға болады: тепе-теңдік орнаған кезде реакция нәтижесінде алынған өнімдердің концентрацияларының көбейтіндісінің алынған заттар концентрацияларының көбейтіндісіне қатынасы белгілі бір температурада тұрақты сан, оны тепе-теңдік константасы деп атайды. Тепе-теңдік константасының мәні арқылы тура реакция мен кері реакциялар жылдамдықтары туралы қорытынды жасауға болады. Егер К өте үлкен шама болса К»1, онда тура реакция аяғына дейін жүреді, егер К«1, онда кері реакция үлкен жылдамдықпен жүреді, К=1, жүйеде тепе-теңдік орнаған.
Аналитикалық реакциялардың көпшілігі төмендегідей реакциялар типінің біреуіне жатады:

  1. АВА+В – диссоциациалану реакциясы HCNH++CN- және тұнба еру процесі AgClAg++Cl-.

  2. А+ВС – комплекстік ион түзілу реакциясы: NH3+H+ [ NH4]+

  3. А+ВС+D – гидролиздену және тотығу-тотықсыздану реакциялары: Na2CO3 + H2O  NaHCO3 + NaOH

FeCl2+SnCl4 SnCl2 + FeCl3


ДИССОЦИАЦИАЛАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ

Ерітіндіде электролиттер әр түрлі мөлшерде ионданады. Ерітіндіде еріген электролиттің жалпы санының қанша мөлшері ыдырағанын көрсететін сан диссоциациялану дәрежесі деген ұғым (): =Ng/NE немесе = Ng/NE ∙100% Ng – иондарға ыдыраған молекулалар саны; NE – жалпы еріген молекулалар саны.


Мысалы, 0,01М ерітіндіде сірке қышқылының диссоциациалану дәрежесі  = 0,0419 болса, ол 100 молекуланың тек 4,19 % ыдырағаны, 95,81% молекула күйінде жүр .
Диссоциация дәрежесіне байланысты электролиттерді күшті және әлсіз электролиттерге бөледі.
Сірке қышқылының диссоциациалану теңдігін былай жазуға болады:
CH3COOHH+ + CH3COO-
Әлсіз электролиттердің диссоциациясы қайтымды процесс болғандықтан әрекеттесуші массалар заңына бағынады: (2) К=[H+][CH3COO-]/[CH3COOH]; К-диссоциациялану константасы.
Электролиттік диссоциация константасының мәні неғұрлым көп болса, электролит молекулалары соғұрлым иондарға көбірек ыдырайды. К-нің мәні тұрақты температурада тұрақты болады, оған концентрацияның өзгеруі әсер етпейді.
К=[H+][CH3COO-]/[CH3COOH]= 1,810-5 ; К=[H+][CN-]/[HCN]= 7,2 10-10
бұл мәндерге қарап, циан қышқылы сірке қышқылымен салыстырғанда әлде қайда әлсіз екені көрінеді.
Көп қышқылды негіздер мен көп негізді қышқылдар біртіндеп (сатылап) иондарға ыдырайды және сатының әрқайсысына тиісті мәні бар диссоциациялану константасы сәйкес келеді. H2CO3  H+ + HCO-3 К1 = 4,510-7
HCO-3  H+ + CO32- К2 = 4,710-11
Электролиттің диссоциациялану константасы мен дәрежесінің арасында тығыз байланыс бар. Екі ионға ыдырайтын электролиттер үшін әрекеттесуші массалар заңын қолданып: КА К+ + А-; К=[К+][А-]/[КА], КА электролит бір катионға, бір анионға ыдырайтындықтан, бұл иондардың концентрациясы өзара тең болады:
+]= [А-]; См-ерітіндінің жалпы концентрациясы: Ск = СА ; К = САСКм;
+] = [А-]= См: иондарға ыдырамаған молекулалардың концентрациясын КА былай көрсетеді: [КА] = См - См = См(1-); К= СмСм/См(1-) = См2/1-, әлсіз электролиттердің диссоциациалану дәрежесі өте аз болатындықтан 1-=1, сондықтан К = См 2 немесе =К/См (2).
Бұл теңдеу (2) электролит ерітіндісінің концентрациясының азаюына, яғни сұйылуына байланысты оның диссоциациялану дәрежесінің артатынын көрсетеді
(Освальдтың сұйылту заңы).

  1. теңдеудегі тепе-теңдік константасы концентрация арқылы көрсетілген, ол ерітіндінің шындық жағдайын толық көрсетпейді, ол үшін активті концентрация деген ұғым керек. Бірақ практикада концентрацияларды қолданып, константаны табуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет