Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


ПЕРМАНГАНАТОМЕТРИЯ. БИХРОМАТОМЕТРИЯ. ИОДОМЕТРИЯ



бет96/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   271
ПЕРМАНГАНАТОМЕТРИЯ. БИХРОМАТОМЕТРИЯ. ИОДОМЕТРИЯ

KMnO4 → K+ + MnO4-, MnO4- - күшті тотықтырғыш, ол реакция ортасына байланысты тотықсызданады: қышқыл ортада


MnO4- + 5e + 8H+→ Mn2+ + 4H2O, E = 1,51в, mэ = M(KMnO4)/5 = 31,5г/моль. Бейтарап ортада MnO4- + 3e + 3H2O→MnO(OH)2 +4OH-
mэкв. = M(KMnO4)/3 = 52,68г/моль, E = 0,59в.
Бұл реакциялардан KMnO4 – тің қышқыл ортадағы тотықтырғыш қабілетінің жоғарылығын көруге болады. Сонымен бірге түссіз Mn2+ - ионы түзіледі, сондықтан эквивалент нүктені анықтау қиындық туғызбайды. Перманганатометрия әдісі индикаторсыз жүреді. Перманганатта әр уақытта MnO2 қоспасы болады және күн сәулесінен, тотықсыздандырғыштар әсерінен тез айрылады, сондықтан оның концентрациясы алғашқы уақытта тез азаяды. Перманганат концентрациясын 7-10 күн өткен соң ғана анықтайды. Перманганат ерітіндісін қоңыр түсті шыны ыдыста, қараңгы жерде сақтау қажет. Перманганаттың 0,02-0,05н ерітіндісін дайындайды.
KMnO4 ерітіндісінің титрін H2C2O42H2O, Na2C2O4 ерітінділері арқылы анықтайды.
2MnO4- + 5C2O42- + 16H+ → 2Mn2+ +8H2O + 10CO2
C2O42- - 2e → 2CO2
MnO4- - 5e +8H+ → Mn2+ + 4H2O
mэкв.Na2C2O4 = 134/2; mэкв.H2C2O4 2H2O = 126,06/2.


Бихроматометрия әдісінің негізінде мына реакция жатыр:
Cr2O72- + 14H+ +6e → 2Cr3+ + 7H2O. E = 1,33В.
Қышқыл орта ретінде HCI, H2SO4 ерітінділерін алады.
ECI2/2CI- = 1,36в. Потенциалдар мәні жақын болғандықтан, хлорид-ионы тотықпайды (Перманганатометрияда тұз қышқылы ерітіндісін қышқыл орта жасауға алуға болмайды).
Калий бихроматының калий перманганатына қарағанда артықшылығы:

  1. Қайта кристалдау әдісін қолданып, химиялық таза, формуласына сәйкес K2Cr2O7 алуға болады, сондықтан өлшенген сынамадан оның титрленген(стандартты) ерітіндісін жасауға болады.

  2. Калий бихроматы тұрақты қосылыс, қайнатқаннан, ерітіндіге қышқыл құйғаннан, көп уақытқа сақтағаннан оның титрі өзгермейді. Бихромат түсі тоқ сары, бірақ тотықсызданғанда жасыл түсті Cr3+ - ион түзіледі, сондықтан эквивалент нүктені анықтағанда қиындық туады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет