Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет95/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Тура титрлеу тәсілімен мысалға йод ( титрант Na2S2O3 ерітіндісі), темір(II) (титрант KMnO4 ерітіндісі) т.б. анықталады.
Кері тирлеу тәсілін баяу жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларында пайдаланады. Бұл жағдайда тирленетін ерітіндіге I-титрант қосып, біраз уақытқа қояды (реакция толық , аяғына дейін жүру үшін). Содан соң әрекеттеспей артық қалған титрантты (I), II-титрантпен титрлейді. Бұл тәсіл көбіне тотықтырғыштар немесе тотықсыздандырғыштармен баяу әрекеттесетін органикалық қосылыстарды анықтау үшін пайдаланылады, мысалы салицил қышқылын броматометриялық әдіспен анықтау (I-титрант KВrO3, II-титрант-тиосульфат ерітіндісі).
Орынбасушы реагентпен тирлеу (жанама тәсіл) - анықталатын компонент орынбасушы реагенттің эквивалентті мөлшерін бөледі, қосымша реагентті концентрациясы белгілі титрантпен титрлейді. Бұл тәсіл бойынша көбіне өзі тотығу-тотықсыздану реакциясына қатыспайтын компонентті анықтайды. Мысалы, Са2+ (өзі тотығу-тотықсыздану реакциясына қатыспайды) оны СаС2О4 күйіңде тұнбаға түсіріп бөліп алып, ерітіп, ерітіндідегі Н2С2О4-ті KMnO4 ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуге жұмсалған KMnO4 ерітіндісінің көлемі арқылы кальцийдің мөлшерін анықтауға болады.
Тотығу-тотықсыздану титрлеу тәсілі әртүрлі факторларға байланысты: температураға (тотығу-тотықсыздану реакциясының жылдамдығы артады), рН-қа (оттекті тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарға қатысты), комплекс және тұнба түзуші реагенттерге. Осы факторларды өзгерте отырып, тотығу-тотықсыздану титрлеуімен анықталатын қосылыстардың санын арттыруға болады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

    1. Тотығу-тотықсыздану потенциалдары деген не, олар қалай анықталады және нені сипаттайды?

    2. Тотығу-тотықсыздану индикаторлары деген не, олардың түсінің өзгеруіне қандай химиялық процесс әсер етеді?

    3. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет