Химия рк сұрақтары


Күшті және әлсіз электролиттер



бет20/30
Дата25.11.2023
өлшемі3,33 Mb.
#127822
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Күшті және әлсіз электролиттер
Электролит молекуласындағы атомдар арасындағы байланыстың беріктігіне карай диссоциацияланған молекулалар саны диссоциацияланбаған молекулалар санынан не көп, не аз болуы мүмкін. Электролит молекуласындағы байланыс әлсіз болса, диссоциацияланған молекулалар саны көп болады. Керісінше байланыс берік болғанда, иондарға айналатын молекулалар саны аз болады.
Электролиттің қандай мөлшерде диссоциацияланғанын көрсететін шама - диссоциациялану дәрежесі деп аталады және α (альфа) әрпімен белгіленеді.
Әлсіз Электролит. диссоциацияланған ерітінділерде иондарға жартылай ыдырайды (қ. Электролиттік диссоциация). Әлсіз Э-ге көптеген органик. қышқылдар, негіздер, сондай-ақ кейбір бейорганик. қышқылдар мен негіздер (мысалы., H2S, H2SO3, HCN, NH4OH) жатады.
Күшті Электролиттик ерітінділерде түгелдей ионға ыдырайды. Барлық тұздар, көптеген органик. және бейорганик. қышқылдар мен негіздер күшті Э-ге (HCl, HBr, HІ, HNO3, H2SO4, LіOH, NaOH, KOH) жатады. Ғылым мен техникада Элертролиттердин маңызы зор. Тірі организмдер денесіндегі барлық сұйықтар Электролиттер. болып саналады.

  1. Гидролиз(гидро... және грек. lysіs – айыру, ыдырау) – су мен түрлі заттар арасындағы иондық алмасу реакциясы. Гидролизге тұздар, гидридтер, тиоангидридтер, галогенангидридтер, әр түрлі органикалық қосылыстар ұшырайды.[1]
    Гидролиз — кейбір химиялық қосылыстардың су молекуласының әсерінен төмен молекулалы түзілімдер жиынтығына ыдырау қасиеті. Гидролиз сулы ерітінділер жағдайында немесе судың және су буының қатты, сұйық және газ тектес заттарға тигізер әсері нәтижесінде жүзеге асады.[2]

Гидролиз — судың магма текті минералдармен негізгі химиялық реакциясы. Соның нәтижесінде сілтілік және сілтілік жер элементтерінің кристалл торындағы катиондар су молекуласы диссоциацияланғанда сутектің иондарына алмасады.[3]
Тұз гидролизі – еритін тұздардың ерітінділерінде ион алмасу реакцияларының жүруіне байланысты гидролиз реакциясының бір түрі. Процестің қозғаушы күші иондық заттардың сумен әрекеттесуі болып табылады, ол иондық немесе молекулалық түрдегі әлсіз электролиттің түзілуіне әкеледі.
1. Әлсіз қышқыл мен күшті негіздің тұзының гидролизі (анионды гидролиз). Ерітіндіде аздап сілтілі орта бар, реакция қайтымды жүреді.
2. Күшті қышқыл мен әлсіз негіздің тұзының гидролизі (катион гидролизі). Ерітіндіде аздап қышқыл орта бар, реакция қайтымды жүреді.
3. Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің тұзының гидролизі. Тепе-теңдік өнімдерге қарай ығысады, гидролиз толығымен дерлік жүреді, өйткені екі өнім де тұнба немесе газ түзеді.
4. Күшті қышқыл мен күшті негіздің тұзы гидролизге ұшырамайды, ал ерітіндісі бейтарап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет