Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы


Қышқылдармен, сілтілермен жұмыс істеудің сақтық шаралары



бет3/7
Дата16.10.2023
өлшемі29,41 Kb.
#115755
1   2   3   4   5   6   7
Қышқылдармен, сілтілермен жұмыс істеудің сақтық шаралары.
1. Концентрлі қышқыл мен сілтілер денеге тигенде күйдіреді. Аяқ киімге және киімге қышқыл немесе сілті тигенде тесіледі, жыртылады.
2. Аммиак, бром, концентрлі азот немесе тұз қышқылын тартпа шкафта құю керек.
3. Күкірт қышқылының ерітінділерін дайындағанда қышқылды абайлап құю керек. Қышқылға су құюға болмайды!
4. Құрғақ сілтілерді суға біртіндеп қосып ерітеді. Сілтінің кесектерін шүберекпен ұстау керек.
5. Қышқыл ерітіндісін сілтімен (немесе керісінше) бейтараптағанда бір – біріне тамшылатып қосу керек.
6. Пайдаланылған қышқылдың немесе сілтінің қоспасы бар сұйықтықты раковинаға құюға болмайды, оны арнайы ыдысқа құяды.
7. Хром қоспасы өте күшті күйдіреді және қауіпті.

8. Сілтілік металдар (литий, калий, натрий) өте белсенді заттар екенін есте ұстау керек. Бұлармен жұмыс істегенде ерекше сақтық қажет.


2. Химиялық ыдыстар және олардың пайдалану тәртібі.

Химиялық тәжірибелерді жүргізу үшін химиялық шыныдан жасалған ыдыстар қолданылады, олар температураның өзгерісіне төзімді. Көбірек қолданылатын ыдыстарға: сынауықтар, стакандар, колбалар, конус тәрізді колбалар және Вюрц колбасы, реторталар жатады.



Пробиркалар жай және калибрленген болады. Пробиркалар түп жағы жабық шыны түтіктер.

Химиялық воронкалар сұйықтықты фильтрлеу үшін бір ыдыстан екіншісіне құюға пайдаланылады.

Химиялық стакандар әр түрлі сыйымдылықта /50,100,200,250,500 және І000 см3, кейде 2000см3/ тұмсығы бар, кейде жоқ болатын жұқа шынылы цилиндр.

Бөлгіш воронкалар араласпайтын сұйықтықтарды бір-бірінен бөлетін, көбіне органикалық заттарға қолданылатын цилиндрлі және конусты формада болатын ыдыстар.

Түбі тегіс колбалар ерітінділерді дайындауға және сақтауға қолданылады. Олар мойыны шлифтен жасалынған болады.

Жуғыш дистилденген су құйылатын, аузы тығындалған, екі түтікпен жабдықталған колба.Түтіктің біреуі колбаны түбіне тиіп тұрады, ал басқасы — бұрыш жасап майысады.

Екінші түтік колбаның ішіне 3-5см-дей кіріп тұрады ал түтіктің сыртқы бөлігі сүйір бұрыш жасап майысуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет