Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы


Лабораториялық шынымен жұмыс істеу



бет6/7
Дата16.10.2023
өлшемі29,41 Kb.
#115755
1   2   3   4   5   6   7
Лабораториялық шынымен жұмыс істеу

Лабораториялык құрылғыларды жинау және приборларды бір-бірімен байланыстыру үшін шыны түтікшелер қолданылады. Шыны түтікше және таяқша кесу үшін кесілетін жерді сумен сулап, пышақпен немесе егеумен сызып жасайды. Кейін түтікшені екі қолмен ұстап майыстыру керек, осы кезде түтіктің сызат түскен жері әдетте сынады. Түтікшені бүгу үшін сол бүгілген жерді үзбей айналдырып отырып қыздырады. Шыны жұмсарған кезде түтікшені жалыннан суырып алып, тез суымай тұрғанда қажетті бұрыш жасап бүгеді.


Тығындар және олармен жұмыс істеу

Заттарды буланудан және ластанудан қорғау үшін көптеген ыдыстарды шыны, резеңке және қабыршақты тығындармен жабады. Шыны тығындарды мұқият қарау керек болған заттарды жабуға арналған. Әрбір шыны тығын өзіне сәйкес шлифке кигізіледі, сондықтан шыны тығындарды шатастыруға болмайды. Қабыршақты тығындар құралды жинау үшін қолданылмайды. әртүрлі ыдыстардың герметизациясы үшін кедір-бұдыры жоқ жұмсақ тығындар тандау ұсынылады.

Пайдалануға өте тиімді болатын резеңке тығындар кең тараған. Олар түрлі приборларды жинау кезінде, осы жағдайда саңылауға шыны түтікше, мұздатқыш немесе термометр кіргізу үшін бұрау керек.

Резеңке тығындарды бұзушылар ретінде көптеген органикалық еріткіштер, қышқылдар және күшті тотықтырғыштар болып табылады, қабыршақты тығындар сияқты бұлар да 150°С-ден жоғары температураға шыдамайды.

Силиконды каучуктен жасалынған тығындар жоғары иілімділік және ыстыққа төзімділікке ие, сондай-ақ резеңкені шыны өте қатты қажайды, сондықтан тығынға міндетті түрде глицерин және вазелин майын жағу керек. Сондай-ақ полиэтиленмен второпласттан жасалған тығындарда қолданылады. Тығында тесік жасау үшін жүзі өткір жезден немесе болаттан жасалған арнайы бұрғы қолданылады. Бұрғыланған кесік термометр мен түтікшеге қарағанда кішірек диаметрде болуы керек. Бұл соғыларының тығыз дамуын және беріктігін қамтамасыз етеді.
Шлангалар

Шлангалар лабораториялық практикада газбен және сумен қамтамасыздандыратын прибордың майысқақ бөлігі ретінде кең қолданылады. Шлангалар резеңкеден, полиэтиленнен және силиконды каучуктен жасалынады. Диаметрі және жуандығы бойынша бір-бірінен ажыратылады. Органикалық еріткіштер, тотықтырғыштар, қышқылдар, күйдіргіш сілтілер және ыстық сұйықтықтармен жұмыс кезінде резеңке шлангаларды қолдануға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет