Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы



бет4/7
Дата16.10.2023
өлшемі29,41 Kb.
#115755
1   2   3   4   5   6   7
Конусты колбалар — сыйымдылығы 1см 3 — тан 2дмЗ-ге дейінгі аузы тығындалған немесе тығынсыз болып келетін ерітінділерді титрлеуге арналған ыдыстар.

Бунзен колбасы —жоғарғы жағы вакуум насоспен жалғасқан, төменгі қысымда фильтрлеуге арналған қалың шыныдан жасалынған конусты колбалар.

Кристаллизаторлар — жұқа немесе қалың шыныдан жасалынған әртүрлі сыйымдылықта және диаметрде болатын жалпақ цилиндрлі ыдыстар. Бұл ыдыстарда заттарды кристалдауы және булайды.

Мұздатқыштар — қайнаған немесе қыздырылған әртүрлі заттарды салқындатуға арналған приборлар. Мұздатқыш 2 бөлімнен тұрады, әртүрлі формадағы салқыңдатқыш түтіктен (форлитос) және буды салқындатуға су жіберілетін көйлектен (муфта) тұрады. Олар түзу және қайтымды болады.

Шыны аяқ табақ, бюкс және тубусты склянкалар.

Шыны аяқтабақтар химиялық жұмыс жүргізуде кеңінен қолданылады. Шыны аяқтабақтардың келесі түрлері дайындалады; кристаллизацияланған, кристалданған, түбі тегіс, сфералық, ұзын қақпақты биологиялық (Кох шыны аяғы) т.б. шыны аяқтар.

Бюкстер — заттарды өлшеуге және сақтауға арналған, қақпақпен тығындалған ұзын және қысқа стакандар.

Тубусты склянкалар — ерітінділері сақтауға қолданылады. Склянкалар ағызғышы бар резеңке тығынды тубустан және ағызғыш конустан және резеңке тығынды тубустан құралады.

Байланыстырғыш элементтер - өткізгіштер, айналмалар, кері, муфталар, қайтартқыш, саптама және аллонж.

Арнайы қолданылатын ыдыстар.

Эксикаторлар — бұл гигроскопиялы заттарды сақтауға және заттарды жай кептіруге арналған қалың шыныдан жасалынған приборлар.



Химиялық ыдыстарды жуу және кептіру.
Тығынды таңдау және лабораториялық қондырғыларды құрастыру.

Аналитикалық химияда ыдыстың тазалығы өте маңызды болып табылады. Сондықтан химиялық лабораторияда ыдысты жууға көп көңіл бөлінеді. Бұл аналитикалық жұмыс техникасының өте маңызды бөлімі.

Егерде ыдыстың ішінде ешқандай тамшы және кір байқалмаса, ыдысты абсолютті түрде таза деп атауға болады.

Ыдыс жуу ерекше дағдыны талап етеді. Ыдыстарды жұмыс жүргізіп болғаннан соң бірден жуу керек.

Ыдысты жуу механикалық, физикалық және химиялық болып бөлінеді. Алғашқы екі тәсілде кірді щетка және ертіндімен жуады. Химиялық әдістер ластанған заттармен реакцияласып, оларды ерітіп сумен оңай жуылатын жағдайға келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет