Шыны аяқтабақтар химиялық жұмыс жүргізуде кеңінен қолданылады. Шыны аяқтабақтардың келесі түрлері дайындалады; кристаллизацияланған, кристалданған, түбі тегіс, сфералық, ұзын қақпақты биологиялық (Кох шыны аяғы) т.б. шыны аяқтар.
Бюкстер— заттарды өлшеуге және сақтауға арналған, қақпақпен тығындалған ұзын және қысқа стакандар.
Тубусты склянкалар — ерітінділері сақтауға қолданылады. Склянкалар ағызғышы бар резеңке тығынды тубустан және ағызғыш конустан және резеңке тығынды тубустан құралады.